Тақырып: тестілеу. Қарастырылатын сұрақтар: 1.тестілеу және өлшеу теориясы. 2. Классикалық эмперико-статикалық тест теориясы. 3.Тестілеудің стохастикалық теориясы. Мақсаты: Тестілеу және өлшеу теориясы, классикалық эмперико-статикалық тест теориясы, тестілеудің стохастикалық теориясы жөнінде білімдерді тееңдету. Дәрістің мазмұны Тест – бұл диагностикалық әдіс. Қазіргі уақытта көптеген мектептерде қабылдау алдында балаларға психологиялық тексеру жүргізеді. Бір жағдайларда бұл белгілі бір мамандықтарға үйрету немесе арнайы бағытқа салу, басқа жағдайда – балаларды оқыту қарқыны әртүрлі деңгейлі сыныптарға бөлу үшін жасалады.. мұнда психолог арнайы тест қолданады. Тестілер – бұл стандартталған, жекелей психологиялық айырмашылықтарды анықтауға арналған, уақыт жағынан шектелген сынақ түрі. Сонымен бірге тестілер баланың ақыл-ойын дамыту бағдарламасын жасауға, оларды мектепке оқуға дайындауға және психикалық даму деңгейі сәйкес болмаған жағдайда түзету бағдарламаларын жасауға негіз бола алады.
Тест-стандартталған, белгілі бір белсенділік қалпын ынталандыратын, тапсыр маны орындау уақыты шектеулі, қорытындысы санақ түрінде бағаланатын және тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретіінансамбль деп түсіндіріледі.Сынақ, тексеру аймағында кең қолданысқа ие «тест» термині көне тарихқа ие.
Р.Пэнта және М.Гравитс (1972) бойынша «тест» сөзі ежелгі француз сөзінен шыққан, «кесе», «аяқ» сөздерінің синонимі болып табылады. Күйдірілген саз балшықтан жасалған, аса үлкен емес ыдыстарды алхимиктер тәжірибелерін өткізетін болған.Орыс тіліне «тест» сөзі ұзақ уақыт бойы екі мғынада қолданылып келді.