Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



бет5/8
Дата17.11.2016
өлшемі1,69 Mb.
#1905
1   2   3   4   5   6   7   8

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Бірінші дәріс.

Тақырып: Жалпы психология пәні, міндеттері және әдістері.

Мақсаты: Психологияны ғылым ретінде таныстыру, психологияның әр түрлі құбылыстарын түсіндіру, олардың мәнін талдау.

Мазмұны:

1. Психология ғылым ретінде.

2. Адамтану жүйесіндегі негізгі түсініктер: индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, даралық.

3. Тұрмыстық және ғылыми психология.

Психология- психологиялық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психологияның негізгі зерттейтін обьектісі-психика. Психика- бұл миға тән айнала қоршаған ортаны бейнелендіретін ерекше қасиет. Психологиялық құбылыстарға: түйсік, қабылдау, ойлау, мінез, темперамент т.б. жатады.

Психология ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Психология термині грек сөзінен алынған. Психика-жан, логос-ілім. Жан туралы ілім деген ұғымды білдіреді

Психология ғылым ретінде психологияның әр түрлі құбылыстарын зерттеу, түсіндіру, олардың мәнін талдау және болашаққа көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі заңдылықтарды ашып анықтайды.

Алғашқы психологтар, философтар олар идеялистер және материалистер болып бөлінді.

Материалистер-адамның жаны бар, бірақ ол мәңгі емес. Бұған: Демокрит, Әл-Фараби.

Идеалистер жан мәңгі, ол өлмейді деп тұжырымдады. Бұған Платон, Фома Аквинский т.б.

1879ж бастап психология эксперименталдық ғылымдарға айналды. Неміс психологы В.Вундт Лейпциг қалыптастыруда өз лабораториясын ашты. Бұл психологияның дамуының 2-ші кезеңіне жатады. Ал 1-ші кезеңі 2500жылға созылған Аристотель пікірлер тарихы.

Психологияның даму тарихы т.б Гипократ, Гомен, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Дидро, Вольф ғалымдарының есімдерімен байланысты.

Психологилық құбылыстардың топтастырылуы бойынша бір-бірімен тығыз байланысты 3 топқа бөлінеді. Олардың 1-і психологиялық процестер деп аталса,2-шілері психологиялық қалып, 3-шісі психологиялық қасиеттер деп аталады.

Психологиялық процестердің кейбір (түйсік, қабылдау,елес т.б.) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде көрінетін болса, енді біреулері (ойлау,қиял т.б) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгелерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен үздіксіз жасалып отыратын белсенді байланыстарды оның сезім, ерік процестері шешуші рол атқарады.

Психологиялық кейіп немесе қалып –адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт,зерігу, абыржу,сергектік,белсенділік т.б) тұрақты компоненттері.

Психологиялық қасиеттер- бір адамдарды 2-ші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктері. Бұған әрбір адамның мінезімен темпераменті , қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психологиялық қасиеттердің қалыптасуына адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас ерекшілік , мамандық ерекшеліктері.

Психологиялық процестер дегеніміз-сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.Адамтану жүйесіндегі негізгі түсініктер: индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, даралық.

Индивид – биологиялық түрдің тұқымқуалайтын генотиптің биологиялық оргонизмі (индивид болып табылады).

Тұлға” түсінігі – адамның сана мен мінез-құлық қоғамдық формальды игеру нәтижесінде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні.

Адам тұлғасы қоғамда тәрбие, оқу, қарым-қатынас өзара әрекет ықпалымен айналысады. Өз проблемаларын өзбетімен шеше алу.

Іс-әрекет субьектісі – іс-әрекетінің ішкі жағдайы ретінде, бұнда субьектінің қандай болмасын қабілеті оның іс-әрекетінің, мінез-құлқының ерекшелігімен әсет етуі мүмкін.

Даралық - әртүрлі тәжірибелер, білім, пікір, сенім болуынан көрінеді. Мотивация, темперамент, қабілет, мінез-даралықтың негізгі параметрлері.

Тұрмыстық және ғылыми психология.

«Психология» сөзі «психе» («жан»( және «логос» («білім», «зерттеу») түбірлеріндің бірлігінен жасалған . алайда « жанды» бақылау өкінішке орай өте қиын. міне, сондықтан психология адамдар мен жануаолардың мінез – құлқын ғылыми зерттеулермен айналысады.

Психологияда мінез – құлқын деп нені түсінеміз?

Мінез – құлқы. сіздің ісіңіздің барлығы – тамақтануыңыз, ұйқыңыз, сөйлесуіңіз, ойыңыз немесе түшкіруіңіз мінез – құлық болып табылады. Мұнда түс көру, құмар ойын, телехабар көру, испанша үйрену, кәрзеңке тоқу және кітап оқу да жатады. Әдетте бізді мінез – құлықтың көрнуі қызықтырады. (Бақыланатын іс - әрекет пен реакциялар). Бірақ психология сонымен бірге жасырын мінез – құлықты да зерттейді, яғни ішкі әрекеттер, ойлау және еске түсіру.

Психологтар – бұлар жақсы оқытылған профессионалдар. Психологиялық білімдермен қатар олар кеңес және терапия, өлшеу және тестілеу, зерттеу және эксперименттеу, статистика, диогностика, емдеу және көптеген басқа әрекет түрлерінің аймақтарынан арнайы дағдыларды игереді.

Психологтар беделді адамдардың пікірін немесе ойлары қате болу мүмкін екенің жақсы түсінеді. Олар эмперикалық дәлелдерді (тікелей бақылау немесе өлшеудің нәтижесінде алынған ақпарат) ерекше бағалайды.

Психологтар мәліметтер жинаумен мінез – құлықты зерттейді. Мәліметтердің жиналуы бақылауларды салыстыруға және осы негізде қортынды жасауға мүмкіндік береді.

Қате психология дегеніміз не ?

Неліктен олар кейде жұмыс жасайды?

Псевдопсихология – бұл психологияға ұқсайтын, бірақ кез – келген негізсіз жүйе. Еөптеген псевдопсихология сырттай ғылымға ұқсағанмен, шынында өтірік болып табылады. («псевдо» «өтірік» деген мағынада). Псевдопсихология уақыт өзгерсе де өзгереді. Өйткені оның ізбасарлары өздерінің ойларына қайшылыққа келетін дәлелдерге тыс қарайды. Керсінше, ғалымдар белсеңді түрде қайшылықтарды іздеп білім кеңіту жолы ретінде қарастырады.

Псевдопсихология ғылымитексеруге негізделмеген. Мәселен, хиромантия – бұл өтірік жүйе, адамның қолындағы сызықтар ол адамның тұлғасы және болашағы туралы айтады деп сендіреді. Көптеген фактілер оларды теріске шығарса да, көп қалаларда бұрыңғыша хироманттарды кездестіруге болады. Олар сенгіш адамдардан алдап ақша алуда.

Туысқан өтірік жүйенің бірі – френология. Олар бас сүйек формасы адам тұлғасын анықтайды деген пікірінде. Френология ХІХ ғ. Германияда анатомия пәнінің мұғалімі Франц Галлдың арқасында кең танымал болды.

Бүгінгі күннің зерттеулері бас сүйектің шығыңқы болу түрлері мен талант немесе қабілеттің арқасында ортақ ештеңе жоқ екенің баяғыда дәлелдеді.

Графалогия деп аталатын псевдопсихологияның бір түрі бір қарағанда біршама негізді болып көрінеді. Графалогия тұлға қырларын жазуын қарап айқындауға болады дейді. Осы пікірге негіздеп кейбір компаниялар жұмысқа кандидатты таңдауда графалогияны пайдаланады.

Астрология – псевдопсихолгоияның ішінде ең көп танымалы. Астрология адам дүниеге келген сәттегі жұлдыздар мен планеталардың орналасуы тұлға қырларына және мінез – құлқына әсер етеді деп санайды.

- Сынсыз баға. Сізге астралогиялық карта құрған болса, оныың дәлдігі сізге өте күшті әсер ету мүмкін. Алайда, мұндай қабылдау сансыз бағаға негізделген. (сіздің тұлғанызды позитивті немесе мақтау сипаттауға снеу тенденциясы). Көптеген астралогиялық карталар қолпаш сипаттауға нпгізделген. Сіздің тұлғаныз қалаулы сапаларды айтып жатқанда теріске шығару қиын, сипаттау шындыққа сай көрінеді.

- Позитивті мысалдар. Астрологияда жақсы және жаман жақтарын сипаттап айтқанда ол дәлірек көрінеді. Мұндай сипаттауды оқып шыққаннан кейін ол тұлғаның екі жақ қырының бірнеше сипаттамасын беріп тұрғанын байқайсыз, «Уақыт өте келе сіз экстраверт ... алайда көп жағдайда сіз интровертсіз». Оның негізі – иллюзия, қате позитивті мысалға негізделген, яғни біз өз күтулеріміз , үмітіміз ақталғанда ескеріп, есте сақтаймыз, қалғанын ұмытып қалдырамыз. Псевдопсихология осы эффектнегізінде өркендеуде.

- Барнум эффекті. Псевдопсихология Бранум эффектісін қолданады, бұл тенденция тұлға дәл сипатталады, егер ол жалпылама айтылса деген пікірде құрылған. П.Т.Барнум атақты цирк артисті, оның жетістігінің формуласы: “әрқашан әркімге кішкене не де болса болуы қажет”.

Психологияның мақсаты мен пәні.

Ғылым дамуында оның салалары кезектесе фаворит болып келуде. Бұл механикамен, биологиямен, кибернетикамен және социологиямен болды. Соңғы он жылдықта психология фаворит болуда. Оған педагогтар, дәрігерлер, менеджерлер, инженерлер, заңгерлер, саясаткерлер қызығушылық танытуда.

Психология басқа ғылым салаларымен салыстырғанда ерекше сапаға ие. Оны жүйелі білім ретінде аз адам игерген. Алайда оның зерттейтін аймағымен барлық адам беттесуде. Ол біздің түйсінуіміз, ес құбылыстарымен, ойлау, сөз, ерік, қиял, қызығушылық, қажеттілік, эмоция, түс көру ретінде өз көрінісін алуда.

Психология – адамның саналы және санасыз түрдегі субьективті құбылыстар әлемін, процестерін және жағдайларын зерттейді.

Басқа адамға бізді қоршаған адамдар нені қалайды, нені жасай алады, олардың тұлғалық ерекшелігіне, мінез-құлық мотивіне, есі мен ойына, мінезі мен темпераментіне қалай бағдарлану қажет екенін түсінгісі келеді. Мұндай бағдарсыз күрделі тұлғааралық қарым-қатынаста қателікке ұрынып, көзсіздікке салынып дос табар жерде жауласып қалуыңыз мүмкін. Сонымен бірге өз мүмкіндіктерің мен ерекшеліктеріңді, кемшіліктеріңді ұғыну, бір сөзбен айтқанда өзіңді тұлға ретінде психологиялық сенімді сипаттай білу қажет. Бұл міндеттерді психология деп аталатын білім жүйесі шешеді. Ол әр адамға жеке мақсатта өз жанын түсінуге, саналы түрде өзгеріс енгізуге (аутотренинг, нейролингвистикалық бағдарламалау, медитация); ол ата-аналар мен педагогтарға балаларының жанында не болып жатқанын, оларға алғашқы психологиялық көмек көрсету, психикалық дамуын түзетуге; іскер адам үшін де жауапты шешім қабылдарда серіктесінің жағдайын ескеруге, оның симпатиясы мен антипатиясына, көзқарасы мен талғамына шебер әсер етуге көмектеседі.

Қазіргі ғылымдар құрылымындағы психология .

Антикалық философиясы идеалисттік және материялық ойлар.

Психологиялық білімдердің ежелгі тарихы бар. Психологиялық білімнің жинақталуы адамның жан әлемімен мінез-құлқы туралы білімді қажет ететін адам іс-әрекетінің барлық сфералары мен әртүрлі ғалымдарды жүрді. Ежелден бастап жан туралы білімдер діни көзқарастармен байланысты болған.

Ең алғаш жан туралы білімдер жүйесі Ежелгі Шығыс (Қытай, Үндістан, Египет) елдерінде, Ежелгі Греция және Ежелгі Рилус пайда болған. Ежелгі философтар “жан” түсінігімен өмір сүру, тыныс алу, тану себептерін түсіндірді. Қытай, Үндістанның медициналық жазбаларының қызықты психологиялық бақылаулары мен қорытындылары мазмұндалды; үнді философиялық мектептерінде терең психологиялық ой-толғаныстар табылды.

Ежелгі Греция елінде психологиялық құбылыстардың бейнеленуі Гераклит, Демокрит, Анаксагор, Гиппократ, Сократ, Платон және Аристотель сияқты философтармен берілді.

Гераклит іліміне сәйкес (530-470 б.з.д.) барлық заттар – оттың мәні. Ағзадағы отты бастау бұл жан яғни психея. Жан Гераклиттің ойынша дымқылдан пайда болады. Дымқылды күйге қайта оралып ол жойылады.

Демокрит (460-370 б.з.д.)- жан оттың атомдарынан тұратын шар тәрізді, жеңіл материялдық зат деп ойлады. Демокрит өмірдің барлық құбылыстарын физикалық, механикалық себептермен түсіндіруге тырысты.

Анаксагор (500-428 б.з.д.)-әлемді сан жетпес әртүрлі бөлшектерден тұрады деп есептеген. Олардың қозғалысы ақылдың арқасында грек философиясының басты категорияларының бірі болды.

Гиппократ (460-377 б.з.д.)-есімімен әдетте темперамент және оның түрлері туралы іліммімен байланысты. Ол ағзадағы 4 түрлі сұйықтықтың болуымен қан, сары өт, қара өт, шырынмен түсіндірді. Олардың негізінде 4 темперамент түрі бөлінді: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.

Ежелгі Грецияның ұлы ойшылдарының бірі (470-399 б.з.д.) Сократ болды. Сократ іс-әрекетінің мәні сұрақ қою арқылы жауап табуға көмектесу болды. Сократтың девизі:”Өзіңді таны” яғни өзіңнің қылықтарыңды, адамгершілік бағалау, норма т.б. талдай білу. Бұл адамның өз жанын түсінудің жаңа жолын әкелді. Б.з.д. IV ғ. ұлы ежелгі ойшылдары Платон және Аристотель.

Платон (428-348 б.з.д.) өз еңбектерінде жанды зерттеуге көп көңіл бөлді. Жан құбылыстарының топтастырылуын көрсетті. Таным процестерін зерттей отырып Платон түйсік, ес, ойлау процестері туралы айтты. Ол ішкі сөйлеу және танымпроцесінде ойлау белсенділігін ашты. Платонның негізгі идеялары оның “Федон” атты еңбегінде жазылды.

Аристотель Платонның оқушысы (384-322 б.з.д.) бірақ оның теорияларын жоққа шығарды. Оның ойынша шын әлем қалай қабылданады дәл солай идеялардан тұрмайды. Оның іліміне сәйкес әлем ұсақ бөлінбейтін көптеген бөлшектерден тұрады-атомдардан. Олардың ішіндегі әлдеқайда ұсақ және қозғалғыштары жан атомдары. Аристотельдің “жан туралы” трактаты ең бірінші психологиялық шығарма болып табылады. Аристотельдің ойынша жан-бұл тірі денені ұйымдастыру тәсілі. Жан барлық тірі ағзаларға тән деп есептелді.

Аристотель алғаш 5 негізгі сезімдерге ғылыми түсінік берді: көру, есту, сипап-сезу, дәм сезу және иіс сезу. Сонымен қатар жан құбылыстарына алғаш жүйелі түсінік берді.

Ежелгі Римнің ұлы философтары Лукреций (94-55 б.з.д. animus “жан”) терминін алғаш қолданды. Animus-бұл “жанның жаны”. Лукреций бойынша жан материяның бір түрі бола тұра белсенді, өзіне денені бағындырады. Гален (129-194 б.з.д.)-рим дәрігері жүйке жүйесінің әрекетін талдауда “пневма” түсінігін қолданды. Галеннің психологиялық құбылыстарды түсіндіруінде қазіргі “сана” түсінігіне жақын түсініктер бар.

Бихевиоризм мінез-құлық туралы ғылым ретінде.

Бихевиоризм – (от англ. Behavior - поведения) ХХ ғ ірі психологиялық бағыт. Оның негізін салған америка психологы Дж. Уотсон, «Психология – бихевиористтің көзқарасы бойынша» еңбегінде көрсетілді..

Бихевиоризм индивидтің тәртібі тумысынан және өлгенге деп санайды. Адамның тәртібіне организмінің барлық сыртқы байқалатын реакцияларын жатқызамыз.

Бихевиоризм - ХХ ғ американ психологының басты бағыты. Психологияның мақсаты сананы зерттеу емес, мінез-құлықты зерттеу деп есептелінді. Бихевиоризмнің негізінде адам мен хайуанаттың мінез-құлқын сыртқы ортаның әсер етуіне организмнің беретін (сөз, эмоция арқ) жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр.ХІХ – ХХ ғ арасында Бихевиоризм хайуанаттың психикасын эксперименттік зерттеудің тікелей әсер етуінен пайда болды. Мұнда адамның психикасын зерттелген кезде қолданылатчын өзін-өзі бақылау тәсілі пайдаланылмағандықтан барып эксперимент жасау методикасы туды. Бұл методикасын бұлар адамынңм психикасын зерттеуге қолданды. Бихевиоризмнің жалпы методологилық алғы шарты позятивизмнің философиялық принцптерінен шығады. Осы принциптерге сәйкес ғылым тек тікелей бақылау жүргізіп отырған заттың баяндауы тиіс, ал бақылауды тікелей берілмеген мәліметтермен ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады. Осыдан барып, Бихевиоризмнің психология сананы емес, мінез-құлықты зерттеу керек деген негізгі тезис шығады. Бихевиористтер сана деп адамның тек басынан кешкен кездегі пайда болатын субъективті мағлұматтардың жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниені бейнелейтін мидың нақты қызметі екенін олар мойындамайды, сөйтіп психиканың материялдық субстратын зерттелетін мидың физиологиясына қарсы шығады. Бихевиоризмнің атасы -Торндайк. Ал оның программасын жасап , бихевиоризм терминін енгізген – Дж. Уотсон. Бихевиоризмның ғылыми қалыптасуына Бехтерев пен Павловтың еңбектері зор ықпал етті. 20 ж.ж бихевиоризм өзінің шарықтау шегіне жетті. Негізгі идеялары мен зерттеу методикасын олар антропология, социология, педагогикада дәстүрінің маңыздылығын атап көрсетеді. Яғни ашқан «перцепция заңының» сезімдік және логикалық танымның бір тұтастығын тануда зор мәні бар. Соғыстан кейінгі кезде бихевиоризм дәстүрі машинамен аударма жасау, программалап оқыту жөніндегі зерттеулерде дамытылды. Бихевиоризмның психиканы объективтік тұрғыдан зерттеулерге бет бұруы, эксперимент, жаңа методымен жасауы – пайдалы жағы. Бірақта кеңес және шетел психологтары бихевиоризмді сана, ойлау, ерік сияқты негізгі ұғымдарды психологиядан шығарып тасталғаны үшін, психиканың әлеуметтік жағын ескермегені үшін қатты сынға алды.



Кеңес Одағындағы психологияның пайда болуы және дамуы.

Кеңес дәуіріндегі психологияның даму тарихы оның әртүрлі идеялар тұрғысынан дамығандығына куәгер болады. Бұл жерде И.П.Павловты, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, Д.Н. Узнадзе ні айтып өтуге болады. 1923 жылға кейін Кеңес елдерінде 13 ғылыми институттар есептелінеді. Еңбек әрекеттері зерттелініп жаңа әдістері пайда болды. (Н.А. Бернштейін, К.Х. Кекчаев т.б) 20 ж ж А.А Бернштейн (1986-1966) еңбек процесіндегі қозғалыстарды зерттеудің биомеханикалық бағдарламасын ұсынды. Оның нәтижесінде алынған фактілер мидың қозғалыстарды басқару мәселесін түсіндірді. Сөйтіп қозғалыс биомеханикаық құрылысы психологияның ғылыми ретінде дамуына маңызды әсер етті.

Зерттеу әдістері мен тәсілдерін өңдеуі Кеңес психотехникасы әлеуметтік қолданбалы психология қатарында дамыды.

Дәл осы кезде 20 ж.ж бас кезінде Кеңес психотехникасын шетелдерде зерттеуден бөліп қарау мәселесі туындайды. Психотехниканың классикалық сипаты туралы ойлар айтылады.

Ресейдегі педологиялық қозғалыстың бастауы 1904 ж А.Б. Нечаевтың эксперименталдық педагогикалық психология лабораториясының ашылуына байланысты. В.М. Бехтерев көзқарасының дамуында объективтік психологиядан рефлексологияға көшу басталды. 1925 ж.ж. В. А.Вагнер Ресейдегі салыстырмалы психологияның негізін салды. И.П.Павловтың рефлекстер теориясы одан әрі дамыды; 1923 ж оның негізгі еңбегі – «20 жылдық тәжірибе» еңбегі жарық көрді. И.П.Павловтың шартсыз рефлекстер туралы ілімі Ресейдегі жаратылыстық – ғылыми психологияның дамуының маңызды факторына айналды. »

1923 ж ұлы физолог А.А. Ухтомский доминанта туралы ілімін ұсынды. Ол орталық жүйеге жүйесінің қалыпты іс әрекеті өзгергіш ортада қозудың басыңқы ошақтарының пайда болатындығын анықтады. Басыңқы қозу ошағын доминанта терминімен белгіледі. Доминантына Ухтомский функционалды орган деп атады.

Ухтомский зерттеулеріндегі мәселелер адамның физиологиялық дүниетангымының мәселелерімен байланысты. Ухтомскийдің функционалдық органдар туралы түсінігі А.Н. Леонтьев, П.К:Анохин концепцияларында әрі қарай дамыды.

20 ж.ж мінеқұлық психологиясы идеяларын П.П Блонский ұсынды. П.П. Блонский еңбектері жоғары философиялық мәдениетімен ерекшеленді.

1920 ж «Ғылыми реформасы» еңбектерінде психологияның міндеттерінің туралы ғылым екенін жазды. Ол интроспекциялық психологияны сынға алды.

Кейін өз әрекетінде Блонский бұл мін-ң туралы идеялардан алшақтады.

Кеңес психологияғ,а мін-ң бағытын өңдеуде 20 ж.ж Бехтеревтің рефлексологиясымен Корнилов реактологиясы үлкен орын алды. Константин Николаевич Корнилов 1921 ж диалектикалық материализмге сүйеніп, реактология бағдарламасын ұсынды. Оның міндетті биосоциалдытітіркендіргіштерге адам реакциясының жиынтығы ретінде мінез-құлық зерттеу болды.

Дмитрий Николаевич Узнадзе Грузиядағы Кеңес психологилық орталығын ашқан, гузин психологиялық мектебінің негізін салушы.

Шетел психологиясының әртүрлі концепцияларында Узнадзе /интроспекция, Вюрцбург мектебі, бихевиоризм, / жалпы негізді көрді, оны «Дәстүрлі психологияның догматикалық алғышарттары» деп атады.

Л.С. Выготский Кеңес психологясының негізін салушылардың бірі, ол ғылымның әдіснамалық негіздерін өңдеуге үлкен үлес қосты. Психологядағы мәдени-тарихи концепцияны ойлап тапты.

Бұл концепция одан әрі қарай Леонтьев, Лурия, Гальперин, Эльконин еңбектерінде дамыды.

Выготскийдың барлық зерттеулерінде балалардың ересектермен қарым-қатынасы психологиялық дамудың маңызды шарты ретінде анықталды. Қарым-қатынас сөздің көмегімен болатындықтан, сөйлеу процесі орталық орынды алады. Выготскийден бастап Кеңес психологиясында іс-әрекет туралы ілім өңделе басталды.


Екінші дәріс.

Тақырып: Психологияның зерттеу әдістері.

Мақсаты: Психологияның зерттеу әдістері туралы түсінік беру, олардың классификациясыментаныстыру.

Мазмұны:

1. Психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері.

2. Психологиядағы субъективті және объективті әдістер.

3. Моделдеу әдістер.



Психологияның ғылыми зерттеу әдістерін 4 топқа топтастыруға болады :

1. Ұйымдастырушылық әдістер – бұған салыстыру әдістері (әртүрлі топтардың, іс-әрекетін, т.б.); лонгитюдті әдістер (бір адамды немесе бір топты ұзақ уақыт бойы көптеген зерттеулерден өткізу); комплексті әдістер (зерттеулерде әртүрлі ғылым өкілдері қатысады, бір обьетіні әртүрлі құралдармен зерттейді);Бұндай зерттеулер әртүрлі құбылыстар

арасындағы тәуелділік және байланыстарды қалыптастыруға көмектеседі.



2. Эмпирикалық әдістер – бұған: бақылау және өзін-өзі байқау; эксперименталдық әдістер; психологиялық әдістер (тест, анкета, сұрау, социометрия, интервью, әңгіме, іс-әрекет өнімін талдау, биографиялық әдістер).

3. Мәліметтерді өңдеу әдісіне: сандық (статистикалық) және сапалық (дифференция материала по группам анализа) әдістері жатады.

4. Интерпретациялық әдістер – оған генетикалық және құрылымдық генетикалық (материалдарды талдау, моментерді сынауы), құрылымдық (тұлғаның барлық сипаттамаларымен байланысының құрылымын құрастыру).

Психологиядағы субъективті және объективті әдістер.

Объективті әдістерге – белгісі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерің қадағалауды байқау әдісі деп айтады. Байқау әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-кқ жүргізіледі. Осы әдіс арқалы зерттелінушінің мимикасын/бет құбылысын/, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінезқұлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрге талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т. б. Пайданылады.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қажетті кейбір шарттар:

1. Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайтанылып зерттелінуін қамтамасыз ету;

2. Зерттелетін объектіні айқыт бергілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар оқушыны алатын болсак, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;

3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру; зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялап отыру, кейін оған мүқият талдау жасау, басты фактілерді іріктеп алу-осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.

Сан рет жүргізілген байқаудын нәтижесіне байланысты (егер байқауға мектеп оқушысы алынған болса) мұғаліммен бірлесе отырып, оқушының оқу әрекетін одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар бергіленеді.

Мектеп тәжірибесінде байқау әдісі арқылы оқу-тәрбие процесінің әр кезеңдерінде мұғалім оқушылардың сабақ үлгіруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін оларды жақсарта түсу жөнінде тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданыталып әдістердің бірі.

Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар.

Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т. б. ) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде керімек те болады.

Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов : «Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тилегенін алады»- деп тегін айтпаған.

Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті психикалық құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Енді бұларға жеке-жеке тоқталып өтейік.



Лабораториялық эксперимент

19 ғасырдың ортасынан бастап, же психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент (тәжірибе) кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияны экперименттік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін кұралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолып тапты. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жұргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т. б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге (1858-1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А. Бине (1857-1911) алғашрет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың 1 дүние жүзілік конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. 20 ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында бірнеше ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін 20 ғасырдың басында орыс психологы Г. И. Челпанов (1862-1936) ұйымдастырды. Қазірде Педагогикалық Ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылымизерттеу институты (Москва ) жоғарыда аталған лабораторияның негізінде құрылған. Осы күндері институт лабораториялары ең жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.

Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И. П. Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген физиологиялық және психологиялық лабораторияларда И. П. Павловтың шәкірттері бұл әдістің әр түрлі варианттарымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде. Мысалы, осы әдіс арқылы проф. Н. И. Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің даму жолдарын, проф. А. Г. Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.

Эксперимент жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет болатынын айттық. Енді оқушыларды кейбір қарайып аспаптардың атымен таныстырайык. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін-хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін-эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін-тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін-аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін-эргографты пайданалады. Бұлардан басқа құрылысы әлдеқайда күрделі кұрал-жабдықтар да толып жатыр.

Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларда байланысты болады:


  1. Байқалатын объекті жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;

  2. Тәжірибені түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т. б. жазу-сызу кұралдарымен қамтамасыз ету);

  3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға сай жүргізу;

  4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өлкізіп оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;

  5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығара отырып, эксперимент жүргізуде ашылған кейбір ғылыми деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл эксперименттің негізгі мақсатының орынталғаны болып табылады.

Табиғи эксперимент

Эксперименттің екінші бір түрі-табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874-1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда эксперимент жүргізуші өзіне керек кұбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констатациялау эксперименттері т. б. ) мұғалімдер оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады.

Бір экспериментте 3-4 класс оқушыларының ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліклің арақатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды, осы текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Эксперимент жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын оқушылардың қысқаша және жалпылай баяндай алуын, суреттер бойынша елестер туғыза алу мүмкіншілігін, сондай ақ нақтылы образдары қайта жаңғырту текстің мазмұнын толық түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің арақатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, онтағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.

Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдістер бар. Оларды қоласқы әдістер деп атайды.Мәселен, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дараерекшелігіне, білім көлеиіне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік дастырыла, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, (алынған мәліметтерді сол бойда жазып отырудың қажеті шамалы) кейіннен мұқиат талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Осындай қосалқы әдістердің қатарына адамның іс-әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстары, түрлі формадағы творчестволық жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни зерттелушінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның өмірбаян, естелік, мінездемелерін талдау), анкета (жазбаша) әдістері жатады. Мәселен, анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Осы әдіспен әр түрлі топтың, коллективтің психологиялық өзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кімдер екендігін және осы әдісті пайдалануына болады. Анкеттегі сұрақтар шұбалаңқы келмей, ықшам, зерттелушілерге түсінікті тұжырымдалып, жалпы саны 5-8 ден аспауы тиіс. Алынған материалдың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан өткізіледі де, қорытындысы ондағы үлкен цифрларға қарай жасалынады.



Субъективті әдістерге

Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі-интервью. Мұнда зерттеуші (интервьюер) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекейоның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өңілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді. Интервьюер сыналушының ниетін қас-қабпғынан біле алатын әдісқой да тәсілқой, қырағы әрі білікті кісі болуы қажет. Мұнда анкета арқылы анықталуы қиын ұсақ-түйек детальдарды, мәселенің түрлі қалтарыстары мен түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы жерде зерттеушінің әңгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беруі де ықтимал екендігін ескерген мақұл. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай интервью бірнеше салаға бөлінеді. Ол жеке адамдармен де, сондай-ақ әр түрлі топтармен де жүргізіледі. Мұның стандарттық, сондай-ақ алдын ала жасалған программа бойынша ауқымды тақырыптың төңірегіне құрылған түрлері де бар.



Моделдеу әдістері.

Моделдеу әдістері – моделдеу әдісі теориялық эмпирикалық әдістерден ерекшеленеді. Моделдеу әдісінде зерттеуші аналогия “жекеден жалпыға” ой қорытындысын қолданады. Моделдеу әдісін қолданатын зерттеушіге – модель-обьектінің аналогы. Моделдеу әдісі обьектінң эксперименталдық зерттеу жүргізу мүмкін болмағанда қолданылады. Бұндай обьектілерге жан-жақты жүйелер, эксперимент әдістерін қолдануға болмайтын жүйелер: Күн жүйесі, көл бақтың эко жүйесі және обьект ретіндегі адам. Кейде модель ыңғай принципінен шығып таңдалады. Мәселен, адамдардағы танымдық белсенділік және үйрету формасының ерекшелігін зерттеуден бұрын психологтар “биологиялық модельдеуді” тышқан, маймыл, қоян т.б. қолданды.

Моделдеудің “физикалық” және “белгі-символикалық” моделдеу. “Физикалық”модель эксперименталды түрде зерттеледі. “Белгі-символикалық” модель күрделі компьютерлендірілген бағдарлама түрінде жүзеге асады.


Үшінші дәріс.

Тақырып: Қазақстандағы психологиялық ой-пікірдің дамуы.

Мақсаты: Қазақ ғалымдарының психологиялық ой-пікірлерімен танысу, Қазақстандағы психология ғылымының даму жағдайын қарастыру.

Мазмұны:

  1. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірдің қалыптасып дамуы.

2. Психологияның ғылым ретіндегі алғашқы бағдарламалары.

3. Қазіргі заман психологиясының құрылымы.(салалары)



Қазақстандағы психологиялық ой-пікірдің қалыптасып дамуы.

Заманымыздың ұлы ғалымы, аса көрнекті қайраткері Альберт Энштейн (1879 – 1955) швейцариялық психолог Жан Пиажеге (1896 – 1980) жазған бір хатында: «Менің физикама қарағанда сіздің психологияңыз әлдеқайда күрделірек сияқты, адам аралық қарым-қатынастардың өркениеті болған ХХІ ғасыр психология ғасыры болуы тиіс» деген екен. Жаңа, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан адамзат ғылым-білімді, адамның қоршаған ортамен, табиғат үндестігін танып отырған бүгінгі таңда психология ғылымының ерекше маңызға ие болатыны даусыз. Яғни, психология ғылымынсыз өркениеттің өріне еркін қол соза алмайтынымыз да шындық.

Қырықтан астам саласы бар, адамның жан дүниесінің сан алуан қыры мен сырының заңдылықтарын қарастыратын психология ғылымы адам баласы араласқан тіршіліктің барлық саласына еніп, барша жұрттың қажетті білімінің біріне айналып отыр. Осынау рухани қажетіліктің әсерінен ТМД елдерінде ғылымның бұл саласы түрлі сатыдағы оқу орындарында (жалпы білім беретін орта мектеп, лицей, колледж, гимназия т.б.) оқытыла бастады.

Көрші Ресей елінде психология пәні орта мектептердің барлық сыныптарында оқытылатын негізгі пән болып отыр.

Әрине, әлі де оқу бағдарламасына енбеген аталмыш пәнді Қазақстанда оқытудың қазіргі кезде өзіндік қиындықтары да баршылық. Бұларға ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып жазылған төл оқу құралдарының жоқтығын, осы пәнді оқытатын арнаулы мамандардың тапшылығын, оқыту әдістемесінің әлі толық жасалмай жатқандығын айтып өтуге болады.

Ал, біздің тақырыбымыз, психология ғылымының Қазақстанда даму жолына келетін болсақ, елімізде іргелі ғылыми зерттеулер соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Әрине, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының жаюына бірсыпыра алғышарттар сонау ерте замандардан (Әл-Фараби, Абай, Шәкәрімнің психологилық ілімдері) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20-жылдарда (М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектері) біршама жасалған болатын. Мысалы, Бөкей Ордасында шыққан «Мұғалім» журналында (1919) Ғ.Қарашевтің бірнеше пәлсапалық, психологиялық сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованың «Мектепке дейінгі тәрбие» (1923), «Ана мен бала» деген кітаптарында да адамның жан қуаттары жөнінде сөз қозғалған еді. Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда кейіне сол кездегі КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі болған профессор В.Я.Струмскийдің «Психология» кітабының жарық көруі айтақаларлықтай оқиға болды. Осы кезде П.Н.Архангельскийдің «Жұма оқулары» («Мектептегі психологиялық зерттеулер») дейтін шағын еңбегі қазақ тіліне ықшамдалып аударылды. Сол жылдары қазақтың біртуар ғалымдары, қайраткерлері А.Байтұрсынов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытав, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов т.б. педагогика және психология саласында төлтума еңбектер жазды.

Отызыншы жылдары қазақ психология ғылымының жекелеген мәселелері Ә.Сыдықовтың (1898-1983), С.Қожахметовтың (1910-1945), С.Балаубаевтің (1902-1972) педагогикамен астарласа жазылған біршама кітапшалар мен мақалалары жарық көрді.

Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейін психологиялық мәні терең іргелі, қомақты еңбектер жарияланған жоқ. Өйткені бізде осы ғылымның теориялық жақтарын насихаттайтын ғалымдар ол кезде саусақпен санарлық еді. 1938 жылы Т.Тәжібаев Ленинградтан диссертация қорғап, Алматыға оралған кездент бастап психологиялық тақырыпқа жазылған төл еңбектер жиі көріне бастайды.

Қазақстанда 1935-1948 жылдар арасында аты бүкіл әлемге әйгілі, Ресейдегі педагогикалық психалогияның негізін салушылардың бірі, профессор А.П.Нечаев елу жылдан астам психология саласында белсенді қызмет еткен, аты айдай әлемге белгілі ғалым еді. Ол елуден асқан кітаптың, жүзден асқан ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысы» (1908), «Кітапхана ісінің психологиялық мәселелелері» (1922), «Дене тәрбиесінің психологиясы» (1927), «Шахмат ойынының психологиясы» (1928), «Техникалық өнертапқыштарының психологиясы» (1928), «Ес және оны тәрбиелеу» (1930) т.б.

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған басқа факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканыңкейбір облыс орталықтарында Ресей, Украйна т.б. жерлерден уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткен. Психология ғылымының өкілдері ҚазПИ-де профессор психолог М.П.Рубинштейн, Қызылордада – украин психологы, академик Г.С.Костюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник т.б. жұмыс істеді. Республикада психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдарда қарқынды дамыды. Мысалы, 1947 жылы ҚазПИ-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1947-1953 жылдары Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. Психолог кадрларды даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. Осыкезде ҚазПИ мен ҚазМУ-де психологиядан аспирантура ашылды.

Республикада психология саласында алғаш диссертация қорғаған ұлт кадрлары – Е.Суфиев, Ә.Темірбеков, М.Мұқановтар болды. 1952 жылы Қазақ университетінің ғылыми кеңесінде Е.Суфиев «Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» атты тақырыпта диссертация қорғады. Ол еңбегінде И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негізделген, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын (қабылдау, зейін, ойлау) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныстар береді.

Осы жылдары республиканың психология ғылымы саласындағы орайлас басқа да диссертациялар қорғалды, жеке еңбектер жарық көрді. Қазақтың Абай атындағы пединститутының ғалымдары халқымыздың интеллект, ақыл-ой ерекшеліктерін этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан зерттей бастады. Мысалы, «Хат танымайтын адамдардың затты топтастыруының ерекшеліктері» (В.В.Ставкин), «Жұмбақты шешудің психологиясы»(Қ.Нұрғалиев), «Айтыс өнері мен мақал-мәтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшелігінің көрінісі»(М.Мұқанов) зерттелді. Кейін жазылған еңбектер қатарына Ш.Бәймішеваның «Нейропсихологиядағы синдромдық талдау формалары», М.Мұқановтың «Қабылдау мен есті микроструктуралық талдау», Б.Есенғазиеваның «Силлогизм және ойды психологиялық талдау», Қ.Шернияздаеваның «Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау ерекшеліктері» т.б. зерттеулерді жатқызуға болады. Психологияның жекелеген салалары бойынша бірнеше монографиялар жарық көрді. Олардың кейбірі: М.Мұқанов «Педагогика психология очерктері» мен «Ақыл-ой өрісі»,Н.Нажділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты», Ө.Жөкебаевтің «Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері», Ғ.Досболовтың «Алдын-ала тергеудің психологиясы», Н.Фелифоровтың «Басқарудың әлеуметтік-психологиялық негіздері», В.Яковлевтің «Діндардың жан дүниесі», Ә.Алдамұратовтың «Қызықты психология», Р.И.Илешованың «Медициналық психология» т.б. Осы жылдары профессор Қ.Жарықбаев психологиялық еңбектер жариялауда өндіре әрекет етті. Оның қаламынан 1960-1990 жылдар арасында «Психология» (1962), «Қазақ ағартушылары жастар тәрбиесі туралы» (1968), «Әл-Фараби» (1978), «Аталар сөзі – ақылдың көзі» (1980), «Ұстаздық еткен жалықпас» (1987), «Ақылдың кені» (1991) т.б. Соңғы жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму жолдарын көрсететін диссертациялар қорғалып, бірнеше төлтума еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына В.Чистовтың «Әбу Насыр әл-Фарабидің психологиялық мұрасы» (М;1989), К.Шәймерденованың «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» (А; 1991), К.Ыбыраеваның «Мұхтар Әуезовтің педагогикалық көзқарастары» ( А; 1991), А.Ақажанованың «Қазақстанда жас және педагогикалық психологияның дамып, қалыптасу» атты диссертацияларын жатқызуға болады. Қазірде Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың тәлім-тәрбиелік мұралары зерттелуде, бұлардың психологиялық көзқарастары жайлы бірнеше еңбектер жарияланды. 1988 жылдан бастап



Психологияның ғылым ретіндегі алғашқы бағдарламалары.

Психологияның жеке ғылым ретіндегі алғашқы үлгісі В.Вундттың физиологиялық психологиясы болды. Өз зерттеулерін ол Гейдельберг университетінде қабылдау саласында жүргізді. Бұл зерттеулер барысында «Қабылдау теориясының очерктері» деген еңбегін (1862 ж) жарыққа шығарады. Бұл очерктерде В.Вундт психологияның ғылым ретіндегі идеяларын дамытады. 1863 ж. «Адаммен жануарлардың жан дүниесі туралы лекциялар» еңбегінде В.Вундт эксперимент әдісімен қатар адам жан дүниесінің өнімдерін талдау әдісін қолданғанын жазады.

Бұл идеалар кейін халықтар психологиясының дамуына әсер етеді. Сонымен 60 ж.ж бас кезеңіне қарай екі әдісті біріктіретін психологиялық бағдарлама құрылады – эксперименталды және мәдени-тарихи. 1874 ж. «Физиологиялық психология» еңбегінде В.Вундт психологияның жеке ғылым болып қалыптасуының бастауы болды. 1875 ж. бастап В.Вундт Лейпциг университетінде жұмыс істейді. Осында 1879 ж. ол психологиялық лаборатория ашады, осы лаборатория базасында 2 жылдан соң эксперименталды психология институты ашылады. Бұнда атақты Э.Крепелин, Г.Мюнстенберг, О.Кюльпе, Т.Липпс, Ф.Крюгер, Э.Титченер, К.Холл, В.М.Бехтерев, Н.Ланге т.б. білім алады. Сөйтіп жеке ғылым ретіндегі психология тарихы басталатын Вундт мектебі пайда болады.

1896 ж. «Психология очерктері» , 1911 ж. «Психологияға кіріспе», 1900 ж. бастап 10 томдық «Халықтар психологиясы» еңбегінің авторы

В.Вундт 420 еңбекпен мақалаларды жарыққа шығарады. 1920 ж. 31 тамызда дүниеден өтті.

Психологияға В.Вундт ұсынған бағдарламасы масштабты және практикалық психологияның барлық мәселелерін қамтыды – қарапайым түйсіктерден мәдениет мәселелеріне дейін.

В.Вундттың тарихи маңызды әрекеті бұл психологияға экспериментті енгізуі және эксперименталды психология институтын ұйымдастырғандығы болды.

В.Вундтпен қатар Ресейде психологияны құру бағдарламасымен И.М.Сеченов айналысты. И.М.Сеченов Петербургтегі әскери инженерлік училищені аяқтап, кейін Мәскеудегі медицина университетіне түседі. Кейін ол қиын психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған еңбектерін жүзеге асырады. И.М.Сеченов еңбектері нәтижесінде психологияның ғылым ретіндегі міндеттері анықталады және психика туралы жаңа көріністердің пайда болуына әсер етеді. И.М.Сеченовты Кеңес психологиясының негізін салушы деп санауға болады. Оның психология туралы маңызды еңбектері : «Бас ми рефлекстері» (1863), «Кімге және қалай психологияны өңдеу керек» (1873), «Ой элементі» (1878) т.б. Орыс тарихын , этнографиясын, құқығын зерттеу Константин Дмитриевич Кавелинді тұлға мәселесін және қоғаммен өзара қарым –қатынасын зерттеуге әкелді. Бұл мәселелердің шешімін ол психология мен этикадан іздеуге кірісті. Сол кездегі психологияны К.Д.Кавелин қате деп бағалап, «Психологияның міндеттері» деген еңбегінде психологияға өзінің түсінігін ашып айтты. Сонымен И.М.Сеченовтің бағдарламасыжаратылыстық-ғылыми материализмге шоғырланған және оған тарихи шектеулілік тән.



Қазіргі заман психологиясының құрылымы.(салалары)

1.Жалпы психология-ересек адамның психологиялық қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жалпы психология мазмұнына ғылымның принциптері, әдістері, ұғымдар жүйесіде кіреді.

2.Жас ерекшелік психологиясы-бұл адамның психологиялық даму заңдылықтарын әртүрлі психологиялық процестердің қалыптасуын зерттейді. Бұның өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді:балалық шақ психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересек адам психологиясы және қарттық шақ психологиясы. Бұнда әр жасқа қатысты жастардың 1-ден 2-шіге өтудің заңдылықтары болып табылады.

3.Педагогикалық психология-жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланысты. Білім берумен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейтін 3 бағытқа бөлінеді : 1) оқыту психология. 2) тәрбиелік психология. 3) ұстаздық психология.

4. Еңбек психологиясы – еңбек әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейді. Жеке адамның белгілі бір мамандыққа сәйкес кәсіптік-техникалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселелерін және еңбек ұжымындағы қарым-қатынастың психологиялық негізін зерттейді.

5. Инженерлік психология – адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді.

6. Космостық психология – санасыздық жағдайындағы психикалық көріністерді зерттейді. Ұзақ мерзім жеке қалуда психикалық қызметтің ерекшеліктерін және космонавттардың жүйкелік-моралдық даярлығын қарастырады.

7. Әскери психология – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі және жоғары әскери оқу мен тәрбиелеудің психолгиялық мәселелерін зерттейді.

8. Спорт психологиясы – спорттық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді.

9. Өнер психолгиясы – бұл өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады және адамдардың шығармаларды қабылдау заңдылықтарын ашады.

10. Әлеуметтік психология - әртүрлі топтардың психикалық көріністерін олардың көңіл-күйін , қоғамдық пікірге еліктеуін және сол топтағы адамдар арасындағы өзара қатынастар сипатын зерттейді.

11. Этнопсихология - әлеуметтік психолгия негізінде пайда болған. (ұлттық – деген мағнаны білдіреді)

12. Заң психология – бұл қылмысты , адамның психикалық ерекшеліктерін, қылмыстық коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттейді.

13. Патопсихология - өзгеріске ұшыраған адамның психикасын зерттейді. Патопсихология 3 бөлімге бөлінеді : олигофрено , тифло , сурдо.

14. Салыстырмалы психология – бұл жануарлармен адамның психикалық айырмашылықтарын зерттейді.
Төртінші дәріс.

Тақырып: Психика құбылыстарының механизмі мен табиғаты.

Мақсаты: Психикалық құбылыстар туралы түсінік беру, олардың топтастырылуымен таныстыру, психиканың қызметін баяндау.

Мазмұны:

1. Психикалық құбылыстар механизмі және табиғаты.

2. Психикамен сананың байланысы.

3. Психиканың негізгі қызметі.



1. Психика – қоршаған объективті шындықты бейнелейтін жоғары дәрежеде құрылған материяның қасиеті. Психикалық құбылыстардың күрделіағымын аңғару үшін алдымен топқа жіктеп алу керек. Мұны психикалық құбылыстар топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастырылу бойынша психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді :

  1. психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып, білуде көрінеді.

  2. психикалық қалып (кейіп) – адамның түрлі көңіл-күйінің компоненттері.

  3. психикалық қасиет – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын психологиялық ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер.




Психикалық құбылыстар



Психикалық

процестер

(түйсік, қабылдау, елес,т.б)





Психикалық

Қалып


(шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу,сергектік, белсенділік)




Психикалық

Қасиеттер

(мінез, темперамент, дүниетаным,сенім, талғам,қызығу)




Психикамен сананың байланысы.

Психика – бұл миға тән қасиет. Психиканың биологиялық негізі миға сыртқы дүние заттарымен құбылыстар әсер етпесе ми өзгерісінен психиканы туғыза бермейді. Тек әсер еткенде ғана қоршаған ортаға бейне сәулесі реттелуі п.б. Адам психикасының айырмашылығы адамдарда сананың болуы сөйлеу процесі. Жануарларда тек инстинкт әрекеті және санасыз дағдылау әрекеті ғана бар.

Сананың ерекшелігі:


  1. Соның п.б. және дамуы биологиялық жағдайдағы ғана емес, әлеуметтік тарихи заңдылығы байланысты, яғни адамдардың санасы қоғамдық тұрмыстық ықпалдануы болады және сол тұрмыста сәулеленіп отырады.

  2. Қоршаған әлемді бейнелендіру процесі адам өмірінің барысында өзгеріп отырады. Антогенетикалық тұрғыда өзгереді.

  3. Бейнелендіру ерекшеліктері тек жасына емес жинақталған индивидуалдық тәжірибесіне де байланысты.

  4. Өзіндік сана сезімдерінің болуы.

Сана тек іс-әрекет үстінде п.б. және дамиды (негізгі іс-әрекет ойын, оқу, еңбек).

Психиканың негізгі қызметі.

Психика – бұл табиғаттың алуан түрлілігінің бір бүтінге жинақталуы, бұл объективті әлемді байланыс ,қарым-қатынастарымен бірге бейнелендіру.

Психикалық бейнелеу әлемді жәй механикалық көшіру емес, психикалық бейнелеуде сырттан келген ақпарат арнайы өңдеуден өтеді, яғнм психикалық бейнелеу – бұл белгілі бір қажеттілікке байланысты әлемді белсенді бейнеледіру., ол әрқашан субъектке қатысты болғандықтан субъектісіз өмір сүрмейді, субъективті ерекшеліктерге байланысты. Психика –бұл «объективті әлемнің субъективті бейнес».

Объективтік шындық адамға тәуелсіз өмір сүреді және психика көмегімен субъективті психикалық шындықта бейнеленеді. Бұл психикалық бейнелену белгілі бір субъектіге қатысты болғандықтан оның қызығушылығына, эмоциясына, ойлау деңгейіне байланысты болады. Сонымен субъективті психикалық бейнелену мен субъективті шындық объективті шындықтанжеке және мәнді түрде ерекшеленеді. Психика бір жағынан шындықтың бейнеленуі, екінші жағынан шындықта жоқ нәрселерді ойдан құрастыру, бұл иллюзиялар, қателер. Сондықтан психика – бұл сыртқы ғана емес , сонымен қатар ішкі психологиялық әлемнің бейнеленуі.

Психиканы жүйке жүйесімен бір деп санау дұрыс емес. Шындығында жүйке жүйесі психиканың органы болып табылады. Жүйке жүйесі зақымданғанда адамның психикасыда зақымдалады. Бірақ психиканы жүйке жүйесін зерттеу арқылы түсіне алмаймыз.

Психикалық қасиеттер мидың нейрофизиологиялық іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады., бірақ құрамында сыртқы объектілердің сипаттамалары болады. Мида пайда болатын сигналдар (белгілер) адаммен сыртқы кеңістіктегі оқиға сияқты қабылданады.



Механикалық ұқсастық теориясының пайымдауынша психикалық процестер физиологиялық процестер болып табылады , яғни ми психиканы бөледі. Бұл теорияның кемшілігі психиканы жүйке процестерімен ұқсатуында, олардың арасындағы сапалы айырмашылықтарды көрмеуінде.

Бірігу теориясының пайымдауынша психикалық және физиологиялық процестер бір уақытта пайда болады , бірақ олар сапалы ерекшеленеді.

Психикалық құбылыстар жеке нейрофизиологиялық процестермен ұқсатылмайды , олар бұндай процестердің ұйымдасқан жиынтығымен ұқсатылады, яғни психика – мидың жүйелі сапасы. Сондықтан да адамның арнайы сапалары (сана, сөйлеу, еңбек, т.б.) адамның психикасы адамның ата-бабасынан қалған мәдениетті игеру процесінде қалыптасады. Сонымен адамның психикасы үш құрамнан тұрады :



  • сыртқы әлем (табиғат);

  • мидың толық іс-әрекеті;

  • адамдармен өзара әрекет , жаңа ұрпаққа адам мәдениетін жалғастыруы;

Психикалық бейнелендіру мынадай ерекшеліктермен сипатталады :

♦ қоршаған шындықты дұрыс бейнелендіруге мүмкіндік береді;

♦ психикалық бейненің өзі адамның белсенді іс-әрекет процесінде қалыптасады;

♦ психикалық бейнелендіру тереңдетіліп, жаңарып отырады;

♦ мінез-құлық іс-әрекетінің мақсаттылығын қамтамасыз етіп отырады;

Психика қызметі : қоршаған әлемді бейнелендіру тірі организмнің мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттеп отыру , яғни оның өмір сүруін қамтамасыз ету.



Адам психикасының физиологиялық негізі.

Психикалық іс-әрекеттің көптеген физиологиялық механизмдері жануарлар мен адамдар үшін ортақ болып табылады. Бірақ адамда олар сапалы сипатта болады. Бұл адамның биологиялық табиғатының әлеуметтік –мәдени факторларының әсерінен мәнді өзгерістерге ұшырап, ол өз мінез-құлқы мен іс-әрекетін сапалы жоспарлап, оның нәтижелерін бағалай алуынан болады. Адамда сана дамып тұлға қалыптасады.

Жүйке іс-әрекетінің негізгі формасы – рефлекстер. Рефлекстер – сыртқы немесе ішкі ортадағы тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауабы. Бұндай реакция орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Жүйке жүйесінің іс -әрекетінің рефлекторлық сипаты мыналарды қамтамасыз етеді :



  1. Сыртқы және ішкі ортадан , ағза жүйесінен келетін әсерлерді қабылдау.

  2. Оларды жүйке импульстеріне айналдырып, миға бұйрық беру.

  3. Алынған ақпаратты өңдеп оны тиісті органдармен, ағза жүйесіне жеткізу.

  4. Әрекеттің нәтижесі туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу. (кері байланыс).

  5. Осы кері байланысты есепке қайталанатын реакциялар мен әрекеттерді түзеу.

Бас ми рефлекстерін зерттеуде орыс физиологтары И.М.Сеченовпен (1829-1905) И.П.Павлов (1849-1936) айтарлықтай үлес қосты. И.П.Павлов рефлекстер категориясын 2 үлкен топқа бөлді :

  1. Тума рефлекстер – сору, жұту, «бұл не?» рефлекстері. Бұндай рефлекстер шартсыз рефлекстер деп аталады , яғни қосымша жағдайдың әсерісіз тума пайда болады.

  2. Адамдардың немесе жануарлардың әлеуметтік және табиғи ортамен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасатын рефлекстер жатады. Бұндай рефлекстер қандай да бір тітіркендіргіш әсерінен пайда болады. Бұл рефлекстер шартты рефлекстер деп аталады.

Қозу және тежелу - жүйке жүйесінің негізгі процестері.

Үлкен жарты шарлар қабығында кез – келген уақытта қозу, тежелу процесін бақылауға болады. Егер бір бөлігінде қозу процесі пайда болса, екіншісінде тежелу пайда болады.

Ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерден келетін сигналдарды қабылдау, өңдеу бас мидың сигналдық іс-әрекетінің негізін құрайды. Бұл сигналдар сезім органдарымен (иіс сезу, түстерді ажырату, т.б.) арқылы сөз түрінде берілуі мүмкін. И.П.Павлов

бұл жүйелерді бірінші және екінші сигналдық жүйелер деп атады.

Екінші сигналдық жүйе адам үшін маңызды. Бірінші және екінші сигналдық жүйелер бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың дамуы адам үшін маңызды. Мысалы, бірінші сигналдық жүйе басым болса, тұлғаның көркем типі қалыптасады, екінші сигналдық жүйе басым болса, тұлғаның ойшыл типі қалыптасады.

Орыс физиологы П.К.Анохин (1898-1974) барлық психикалық іс-әрекеттердің негізі ретіндегі рефлекторлық доға туралы классикалық ойларды қайта қарау керектігін айтты. Ол функционалдық жүйе теориясын ойлап тапты. Бұл теорияға сәйкес психикалық іс-әрекеттердің физиологиялық негізін жеке рефлекстер ғана емес, олардың күрделі жүйеге қосылуы қамтамасыз етіледі. Бұл жүйе оның орындалуына керек уақыт аралығында болады. Ол белгілі бір міндет, қызметтерді орындау үшін пайда болады. Сондықтанда бұл жүйе функционалдық жүйе деп аталады.

Әрбір мінез –құлық қажеттіліктермен анықталады. Қажеттіліктер орталық жүйке жүйесіндегі қозу ошағын тудырады. Бұл қозу ошағы дәл осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын іс-әрекетті анықтайды. Күшті қозу ошағы басқаларды өзіне бағындырып, біріктіреді. Қажеттілік күшті болған сайын, қозу ошағы одан сайын күшті болады. Мінез-құлықта ол одан да күшті басымдылық көрсетеді. Орыс физиологы А.А.Ухтомский (1875-1942) құбылысты ашып, оны доминанта теориясы деп атады.

Адам миы мен психикасының өзара байланыстылығы.

Жанмен (психика) тәннің (сома) тұтастығы – адамның басты мәнді бітісі. Тән мен мидың қызметі психика қызметінің негізі болып табылады, екінші жағынан психиканың іс-әрекеті мен жағдайына адамның денсаулығы мен көңіл –күйі тәуелді болып келеді. Сонымен қатар жан мен тән – сапалы ерекшеліктері бар субстанциялар, оларды ұқсатуға болмайды.

Тән-психика дихотомиясы (биполяризация) үшінші диалектикалық құраммен толықтырылады : қарым-қатынастың әлеуметтік факторы, және қоғамдағы адамдардың өзара қарым –қатынасы. Адамның тәнімен жанының болуы мен дамуы қарым-қатынассыз, ой, сезімдерді бөлісусіз мүмкін емес. Адамның өмір сүруімен психикасының өалыптасуы әлеуметтік факторсыз мүмкін емес. Әрбір нақты адамда жеке жанының болуымен қатар адами мәдениет болады: дін, өнер, ғылым, философия.

Ағзамен (метаболикалық жүйе) жүйке жүйесі (вегетативті, орталық) адамның энергиялық мүмкіндіктерін реттеуге және оның темпераментін реттеуге қатысады. (темперамент индивидтің энергетикалық сипаттамасымен, энергияны жинау және таратумен байланысты).

Жүйке жүйесі – ағзаның барлық іс-әрекетінің орталығы. Ол негізгі екі қызмет атқарады: ақпарат беру қызметі, бұл қызметке перифириялық жүйке жүйесі және онымен байланысты рецепторлар (көзде, теріде, құлақта, ауыз қуысында болатын сезімдік элементтер ) және эффекторлар (бұлшық ет, бездер) жауапты. Жүйке жүйесі екінші маңызды қызметі (бұл қызметсіз бірінші қызметтің мәні жоқ) алынған ақпаратты біріктіру және өңдеу және дұрыс реакцияларды бағдарламалау. Бұл қызмет жүйке жүйесіне жатады және оның құрамына барлық процестер – жұлын деңгейіндегі қарапайым рефлекстерден бас мидың жоғарғы деңгейіндегі күрделі ой операцияларына дейінгі процестер кіреді. Орталық жүйке жүйесі жұлынмен бас мидың түрлі құрылымдарынан тұрады. Жүйке жүйесінің қандай да бір бөлігінің зақымдалуы ағза мен психиканың қызметін бұзады. Психикаға , бас мидың толыққанда жұмысының , әсіресе бас ми қабының қызметінгің сипаты ерекше әсер етеді. Бас ми қабығында сезім органдарымен рецепторлардан кетін ақпарат түсіп, өңделетін сенсорлы аймақтар, дененің қаңқасымен , адамның қозғалыс әрекеттерін басқаратын моторлы аймақ, ақпаратты өңдеуге қатысатын ассоциативті аймақ кіреді. Мысалы, сенсорлы аймақ құрамына кіретін гностикалық аймақ қабылдау процесіне жауапты, моторлы-қозғалыс аймағындағы праксикалық аймақ моторикамен автоматты қозғалыстарды қамтамасыз етеді.

Пысықтау үшiн сұрақтар


  1. Жүйке жүйесiнiң атқаратын негiзгi қызметi қандай?

  2. Орталық жүйке жүйесiнiң құрылысы және оның жеке бөлiктерiнiң атқаратын қызметi қандай?

  3. Адам миының құрылысы қалай орналасқан?

  4. Рефлекс дегенiмiз не?

  5. Шартсыз рефлекстердiң шартты рефлекстерден айырмашылығы неде?

  6. Шартты рефлекстер қалай жасалады?

  7. Қозу, тежелу процестерi дегенемiз не, олардың атқаратын қызметтерi қандай?

  8. Тежелудiң қандай түрлерi бар?

  9. Жоғары жүйке қызметiнiң қандай заңдары бар?

  10. Мидың анализдiк және синтездiк қызметi дегенiмiз не?

  11. Бiрiншi және екiншi сигнал жүйелерi туралы не бiлесiз?

  12. Динамикалық стереотип дегенiмiз не?

  13. И. П. Павлов iлiмiнiң психология ғылымы үшiн маңызы неде?

Бесінші дәріс.

Тақырып: Сана- объективтік шындықты психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі ретінде.

Мақсаты: Сана туралы түсінік беру, оның қалыптасуы туралы теориялық болжамдарды талдау.

Мазмұны:

  1. Сана туралы түсінік.

  2. А.Н.Леонтьевтің сананың пайда болуы туралы болжамы.

  3. Адамның санасының қалыптасуы және дамуындағы еңбектің рөлі.

Сана туралы түсінік.

Адамның маңызды ерекшеліктерінің бірі - санасының болуы. Сана – бұл адамды жануарлардан ерекшелейтін қасиет сонымен қатар адамның мінез-құлқына , іс-әрекетіне , оның өміріне шешуші ықпал етеді.

Адам айналасында болып жатырған нәрселерді , өзінің мінез-құлқын саналы түрде жүзеге асыруға , ол заттарды , құбылыстарды ойлап отырып, оларды ойша жаңарта алуға , өмірдегі көптеген мәселелердің шешімін табуға , күнделікті өмірден алыс құбылыстар туралы ойлауға қабілетті келеді.

Адамның санасы оған өмірді терең тануға , тікелей бақылау арқылы көрінбейтін құбылысты көруге мүмкіндік береді.

Оның көмегімен бақыланған фактілерді жалпылау негізінде қорытынды жасауға көмектеседі.

Сананың ерекше түрі - өзіндік сана болып табылады. Өзіндік сана адамға қоршаған ортадан өзін бөліп көрсетуге, өз «Менін» , өзін , өзінің қасиеттері, қабілеттерін, өз-өзіне қарым-қатынасын анықтауға көмектеседі. Адам өзін-өзі өзгертумен, өзін-өзі дамытумен , өзін-өзі тәрбиелеумен айналыса алады.

Адамды жануарлар әлемінен сонша күшті ерекшелейтін қабілет неге пайда болды? Бұл сұраққа адам танитын басқа ғылымдарда сияқты психологияда да ғалымдардың дүниетанымына тәуелді 2 жауап бар. Діни көзқарастарға сүйенетін психологтар сананы құдайдың берген қабілеті деп санайды. Жаратылыстық ғылыми көзқарасты психологтар сананы психиканың ұзақ эволюциясының нәтижесі деп есептейді. Сананың пайда болуындағы шешуші рөл адамның әлеуметтік тұрмысына , еңбегіне , тіліне, адамзаттың қоғамдық – тарихи іс-әрекетіне байланысты. Сана мидың жоғары дамыған , күрделі ұйымдастырылған қасиеті ретінде қарастырылады.

Психология ғылымының даму процесі барысында бұл 2 көзқарастың бір-бірімен келіскен және қарама-қарсы тұрған кездері де болды.



А.Н.Леонтьевтің сананың пайда болуы туралы болжамы.

Жеке сананың құрылымын зерттей отырып , А.Н. Леонтьев оның үш құрамын көрсетті - сананың сезімдік ұлпасы, маңыздылығы және тұлғалық мәні.

А.Н. Леонтьевтің айтуынша сананың сезімдік ұлпасы

«шындықтағы өзекті қабылданатын немесе еске сақталатын нақты бейнелердің сезімдік құрамының негізі. Бұл бейнелер түсініктілік деңгейімен, сезімдік тонымен үлкен және кіші тұрақтылығымен ерекшеленеді. ... Санадағы сезімдік бейнелердің негізгі қызметі субъектіге ашылатын әлемнің саналы суретіне шыншылдық беруінде. Дәл осы сананың сезімдік мазмұнының арқасында субъект үшін әлем санадан тыс өмір сүреді – оның іс-әрекет объектісі ретінде» Сезімдік ұлпа – «шындық сезімін» толғану.



Маңыздылығы - бұл бір тілде сөйлейтін , бір мәдениетке жататын , ұқсас тарихи жолдан өткен адамдарға түсінікті сөздердің , карталардың , схема, сызбалардың жалпы мазмұны.

Маңыздылығында адамзат тәжрибесі жалпыланады, ұсақталады, сол арқылы келер ұрпаққа сақталады. Маңыздылық әлеміне енгенде адам бұл тәжрибені таниды және оған өзінің үлесін қосуына болады. Маңыздылықтың жан-жақты тілі болып өнер тілі табылады - әуен , би, көркем өнер, театр, архитектура.

Жеке сана сферасында маңыздылық өзіне тән ереккше мәнге ие болады. Мысалы, барлық балалар беске оқығысы келеді. «Бес» бағасы оларға әлеуметтік нормативпен бекітілген барлығына бірдей маңызды. Бірақ ол біреулер үшін – оның білімінің көрсеткңіші , екіншілер үшін- өзін басқалардан жоғары сезіндіретін белгі , ал үшіншілер үшін – ата-аналарының уәде берген сыйлығын алдырту тәсілі т.с.с. Әрбір адамның өзі игеретін маңыздылық мазмұны тұлғалық мән болып табылады.

Тұлғалық мән оқиғаларды, құбылыстарды , іс-әрекеттерді бейнелендіреді. Тұлғалық мәндердің сәйкес келмеуі түсінуді қиындатады. Бір оқиғаның әртүрлі адам үшін әртүрлі мәнділігінен туатын адамдардың бір-бірін түсінбеу жағдайлары «мән-мағыналық тосқауыл» атауын алды. Бұл терминді орыс психологы Л.С.Славина енгізді.

Осы құрылымдардың барлығы адамның санасы деп аталатын күрделі, таңғаларлық шындықты тудырады.

Адамның санасының қалыптасуы және дамуындағы еңбектің рөлі.

Адам санасының қалайша пайда болғандығын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндірген марксизм және ленинизм классиктері болды. Маркс пен Энгельс адамның санасы еңбек ету процесінде пайда болған , адам қоғам мүшесі, сондықтан оның санасы да әлеуметтік – тарихи құбылыс деп түсіндірді. Адамның еңбек етуі , еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы оның сансының дамуына зор ықпал етті. Адамды жаратқан осы өңдіруші еңбек. Еңбек ету арқылы адам тек материалдық игіліктерді өндіріп қана қоймай, өзінің ой-санасын , психологиясын да қалыптастырады. Ф.Энгельстің «Маймылдан адамғаайналу процесіндегі еңбектің рөлі» (1875) деп аталатынеңбегінде адамның дүниеге келу жолын сөз етеді. Ағылшынның ұлы ғалымы Ч.Дарвин (1809-1889) біздің арғы тегіміз адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегенмен, мұндағы еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады. Энгельстің айтуынша , адамның дене және ойлау қабілеттерін жетілдіруде , оның миын дамытуда еңбекпен дыбысты тіл зор рөл атқарған. Маймылдың адамға айналу процесі де күрделі процесс болып табылады.

Күнделікті өмір жағдайлары адамның арғы тегін төрт аяқтап жүруден екі аяқтап жүруге, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруына , өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді. Адамның арғы тегі осы құралдарды күн көру үшін аң аулау және жауынан қорғану үшін пайдаланатын болды. Құрал жасаумен бірге шын мәнісінде еңбек ету басталды. Қол еңбек операциясын жасайтын арнайы мүше ғана емес, сонымен бірге еңбектің жемісі болып табылады. Алғашқы адамдар топтасып өмір сүрді. Кейін келе олар еңбек құралдарын бірлесіп істеп, оны бірлесіп пайдалана бастады. Еңбек адамзат қоғамының тууына, еңбектегі ұжымдық байланыстың тууына жағдай жасады.

Еңбек құралдарын жасау , онымен пайдалану адам ағзасының анатомиялық құрылысына үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, біртіндеп омыртқа жотасы өзгеріске ұшырады, мойын омыртқалары ерекше жетіліп, бас сүйегінің формасы мен көлемінің өзгеруі ми қабығы жасушаларының күрделенуіне мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ олардың бет әлпеті өзгеріске ұшырады. Сөйтіп, адам еңбек ету процесінде сыртқы ортамен белсенді қарым –қатынас жасай отырып, бірте- бірте өз табиғатын да өзгертті , біртіндеп сана-сезімі өсе бастады. Еңбекпен айналысу психиканың материалдық негізі мидың , ми сыңарларының, ерекше дамуына жағдай жасады. Бұл сезім мүшелерінің дамуына, дыбысты тілдің пайда болуына ықпал етті, мұның өзі тіршілік қажетіне байланысты шықты. Сөйлеу әрекетінсіз адамдардың бірлесіп еңбек етуі мүмкін болмас еді. Осылардың нәтижесінде адамға тән психикалық процестердің (ойлау, ерік, қиял, т.б.) мазмұны кеңеіп, қалыптаса бастады.

Маркстік психология сондай-ақ сананың бақылауынан тысқары тұратын психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығарған жоқ.. Санадан тысқары құбылыстар (орысша «безсознательное») философия, психология, патопсихология, психиатрия, юриспенденция, өнер тану, тарих тағы басқа ғылым салаларында жиі қолданылды. Мұны психологияға тұңғыш енгізген австрия психиатры З.Фрейд. Осы мәселенің табиғатын түсіндіруде материалисттермен идеалисттер бір- біріне қарама-қарсы пікір айтады. Мәселен, идеалисттердің бір тобы осы құбылыстың санаға ешқандай қатысы жоқ феномен дейді. (Лейбниц, Лотце, Фехнер,т.б.), олардың енді бір тобы мұны патопсихологиялық құбылыс деп қарастырады(З.Фрейд т.б.). Материалистік философия мен психология осы құбылыстардың мәнін диалектикалық тұрғыдан түсіндіру қажет дейді. Санадан тыс құбылыстарға (ұйқы сұрап сөйлеу, инстинктік амалдар, соқыр сезімдер, ырықсыз қозғалыстар, гипнозға илану, түс көру т.б.) тәжрибеге негіздеп материалистік пікір жазған – И.М.Сеченов болды. Осындай кезде мидағы қозу процестерінің баяу келетіндігін И.П.Павлов дәлелдеді.

Тексеру сұрақтары:



  1. Психиканың пайда болуына не себеп болды?

  2. Инстинкт дегенiмiз не?

  3. Дағды мен интеллектiң айырмашылығы неде?

  4. Адам санасының жандар психикасынан басты айырмашылығы неде?

  5. Сананың дамуында еңбек пен тiлдiң рөлi қандай болады?

  6. Қоғамдық сана мен жеке тұлға санасының байланысы қандай?

  7. Сананың творчестволық сипаты дегенге қалай түсiнесiң?

Алтыншы дәріс.

Тақырып: Іс-әрекет .

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет