4. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ Емтихан кезінде Блум деңгейлері бойынша билеттер құрастырылады. Билеттер 90 сұрақтан тұрады. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (емтихан) https://univer.arsu.kz/
6. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ (оқытушының талабы мен университеттің академиялық адалдық кодексі принциптері сақталуы тиіс). http://zhubanov.edu.kz/ru/pages/bilim/universitettin-akademiyalyk-sayasaty/akademiyalyk-adaldyk-erezhesi.php
Білім алушы, сабақтан кешікпеңіз және дәлелсіз сабақтан қалмаңыз;
БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағанда әртүрлі дерек көздерін пайдаланыңыз және өз көзқарасыңызды білдіріңіз;
өз жұмысыңызды басқа білім алушының көшіріп алуына жол бермеңіз. Егер көшіріп алған жағдайда ешкімге балл қойылмайды;
емтихан кезінде телефон немесе шпаргалка пайдалануға болмайды. Егер осы талапты орындамаған жағдайда аудиториядан шығарыласыз немесе қойылған бағаның күші жойылады;
силлабустағы әр модульге белгіленген балл мөлшері бойынша баға модульге берілген апта ішінде ағымдық бағалау критерийлеріне сәйкес қойылады. Айталық, модульде 30 балл болса, дәрістегі белсенділігіңізге 5 балл, практикалық сабақтағы тапсырмаларды дұрыс түсініп, талдай білгеніңізге 15 балл, БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағаныңыз үшін 10 балл қойылады. Егер модульде 40 балл болса, дәрістегі белсенділігіңізге 5 балл, практикалық сабақтағы тапсырмаларды дұрыс түсініп, талдай білгеніңізге 20 балл, БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағаныңыз үшін 15 балл қойылады.