Педагогикалық қарым-қатынас – педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік- психологиялық қарым-қатынасының тәсілі. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары: жеке адамды тану, апарат алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, рөлдермен алмасу, бірге әсерлену, өздігінен нығаю, беку.
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Дәрістер мазмұны.
Бірінші-екінші тақырып. Жоғарғы кәсіби білімнің заңды негіздері. 050103- «Педагогика және психология» мамандығы.
Мақсаты: мұғалім қызметінің заңды негіздерімен таныстыру.
Жоспар.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына жалпы сипаттама.
Мұғалімнің хұқығы мен міндеттері.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің құрылымы, оның даму перспективасы.
4. 050103-«Педагогика және психология» мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарты.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, оның даму перспективасы.
Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері:
Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу хұқықтарының теңдігі;
Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі;
Білім бердуң зайырлы сипаты;
Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
Білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша оқу мен тәрбиенің нысандары білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
Білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
Білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;
Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
Оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
Білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республика Білім және ғылым министрлігі, оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Білім беру жүйесінің құрылымы ҚР-ның «Білім туралы» заңында берілген. Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |