32 Оқушыларды еңбек, экономикалық оқыту және тәрбилеу.
Еңбек тәрбиесі – тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс әрекеті.Еңбек тәрбиесі жасөспірімдерді еңбекқорлыққа еңбекті құрметтеуге еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы.
Мақсаты- балалардың еңбекке деген дұрыс көз қарастарын еңбек етуге даярлықтарын мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.
Міндеттері белсенділік, іскерлік, құрметтеу сияқты қасиеттерді жастарға кәсіптік бағдар беру оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру.Тұлғаның қайсарлығын ұқыптылығын тапқырлығын ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту.
Экономикалық тәрбие – мектепте берілетін адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігі. “Экономикалық тәрбие – қоғам мүшелерінің білім , қаблетін және дағдысын, қажеттілігі мен мүддесін,ойлау стилін қалыптастыру мақсатында жүйелі , мақсатты бағытта ықпал ету ” деп түсініледі.
Сонымен қатар , экономикалық тәрбие “ қоғамның адамға оның ойлау жүйесін және әрекетін қалыптастыру үшін жүйелі , мақсаты бағытта ықпал етуі ”, “эканомикалық даму заңдылықтарын тану негізінде адамды белсенді қоғамдық – пайдалы әрекетке дайындау үрдісі” деп те анықталады.
Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады. Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек.
Экономикалық тәрбиенің негізгі міндеттері – оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту, балалардың өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру құралы ретінде еңбекке ұмтылу, мамандық таңдауға саналы қатынасы, экономикалық талдау іскерлігі мен дағдысын игерту, мінез құлықтың белгілі сапасына тәрбиелеу болып табылады.
Экономикалық тәрбиенің негізгі мақсаты- Кәсіби тұлға қалыптастыру,Экономикалық білімдерін жетілдіру, Мамандық таңдауға ықпал ету, Экономикалық білімдерін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |