17.Қазақстан Республикасындағы білім берудің қазіргі мақсаттары.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары:
• студенттердің жалпы ғылыми және жалпы мәдени дайындығын қалыптастыру
• мектеп оқушыларының қоғам өміріне әлеуметтік бейімделуі
• азаматтыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
• қоғамның білікті жұмысшылар мен мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға бiлiм және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту- коғам алдында тұрған басты мiндеттерінің бiрi. Бiлiм беру- бұл коғам мүшелерiнiң адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейiн және кәсiби бiлiктiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен окытудың үздiксiз процесi.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесi халқымыздын ұлттык салт-дәстүрiне, мәдениетiне, экономикасына және саяси өміріне негiзделiп iске асырылады.
Заңда көрсетiлген бiлiм беру жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi :
- Жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкiндiктерiн ашу. адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн калыптастыру.
-әрбiр адамды дамыту ушiн жагдайлар жасау;
- Азаматтықты, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның кұқылары мен мiндеттерiн ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өмiрiне катысу қажеттiгiн тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарына жалпы және кәсiптiк бiлiм алу үшін
мүмкiндiктер жасау;
- Жеке адамның шығармашылық қабiлеттерiн және эстетикалык тәрбиесін дамыту:
- Қазақ халқының мәдениетi мен дәстүр-салтын окып-үйрену үшін
жағдайлар жасay.
18.Жаңартылған білім беру мен мазмұны шеңберінде тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру.
Жаңартылған білім беру мен мазмұны шеңберінде баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Бала өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасайды.
Дүниетанымның прогностикалық қызметі арқылы бала қоғамның даму заңдарын қолданып, оған ғылыми, теориялық, тәжірибелік тұрғыдан баға беріп, бүгіні мен болашақты жасау туралы ұсыныстар айтады.
Сонымен, ғылыми дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты – баланың жеке тұлғасының орталығында орналасатын дүниетанымды берік және оған сенетіндей етіп қалыптастыру, сол арқылы қоршаған ортамен дұрыс байланыс жасауға көмектесу.
Осы мақсатқа жету үшін мұғалім оқушының ғылыми көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, ғылыми емес, дәлелдері аз көзқарастарды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек. Ол үшін оқу тәрбие процесінің мүмкіндіктері пайдаланылады.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы да, көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, ерік-жігеріне әсер етеді, сезім-сананы бекітуші, ерік-жігерді ынталандырушы. Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен, дүниемен қарым-қатынасынан көрінеді. Сананы, ой мәдениетін, сезімді, қарым-қатынасты бір мезгілде тәрбиелеу және дамыту дүниетанымды қалыптастырады. Баланың санасы, көзқарастары, сенімдерін ең алдымен ғылым негіздері қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |