Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Музыка тыңдау процесіндегі көрнекі және техникалық құралдар қолданудың әдістеріне тоқталыңыз?



бет57/142
Дата26.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#114828
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары

7.Музыка тыңдау процесіндегі көрнекі және техникалық құралдар қолданудың әдістеріне тоқталыңыз?

Музыка сабақтарында музыкалық шығарманы тікелей тыңдау-негізгі көрнекілік болып табылады. Музыка сабақтарында музыкалық шығарманы тікелей тыңдау – негізгі көрнекілік болып табылады. Ал музыкалық шығарманы сапалы түрде тыңдату үшін техникалық құралдардың маңызы зор. Магнитофон, грампластинкалар арқылы шығарманы тыңдату барысында таспа жазбасының, пластинка жазбаларының дыбыстарында музыкалық шығарманың таза орындалуын қадағалау керек. Музыка тыңдату сабағын тиімді дәрежеде өткізу үшін арнайы жабдықталған музыка бөлмелері міндетті түрде болуы керек. Музыка кабинетінде композиторлар портреттерң, музыка ұжымдарының яғни, оркестрлердің (ұлт-аспаптар, симфониялық, үрлемелі аспаптар), хор ұжымдаарының суреттері, оркестр құрамына енетін аспаптар суреттері, т.б. болғаны балалардың тыңдау кезінде музыкалық сауаттылықтарын толықтырып отыруларына әсері бар.

Көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды қолдану тәсілін тиімді ұйымдастыру үшін:

1. Музыка сабағын жаңа заманға сай өткізуге қойылатын талаптарды ескеріп, балаларға жан-жақты тәрбиелі білім беру мақсатында оқу процесінің деңгейін тек жалпы пәндер арқылы ғана емес, сонымен қатар музыка сабағын жоғары дәрежеде өткізу арқылы жүргізу керек.

2. Музыка сабағында көрнекі құралдарды, техникалық құралдарды, бейнелеу, телеэкранды т.б. тиімді пайдалану арқылы музыка пәнін оқыту одан да сапалы, нақты деңгейде болады.

3. Көрнекі құралдарды орынды қолдана білу арқылы оқушылардың музыкалық шығармаларды терең түсініп, қабылдау, талдай білу қабілеттерін дамытамыз, музыкалық бейнелерді қабылдау дағдыларын қалыптастыра отырып, музыкалық білім деңгейлерін, ойлау, түсіну сезімдерін бойларындағы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мүмкіндігін дамытамыз.

4. Оқушылардың музыкалық шығармаларды қабылдау мүмкіндіктерін жақсарту үшін міндетті түрде көрнекілік, техникалық құралдарды кешенді түрде қолдану керек:

а) көркем әдебиеттер (сазгерлер туралы оқулықтар, брошюралар, журналдар, т.б.).

б) техникалық құралдар (магнитофон, күй табақтар, теле-бейне құрылғылар, т.б.)

5. Оқушыларға музыкалық- эстетикалық тәрбие беру негізгі рөл атқаратын жан-жақты талапқа сай жабдықталған музыка кабинеті болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет