12-13 ОСӨЖ : Педагогикалық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Ақпараттық қамтамасыз етудің мақсатын түсіндіріңіз.
2.менеджментегі ақпарат ұғымын анықтаңыз.
3.Ақпататтық қажеттілік дегеніміз…...
4.Ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігін түсіндіріңіз.
Әдістемелік нұсқау: Ақпарат ұғымы оның педагогикалық менеджментегі рөлі мен маңызы. Басқарушылық ақпарат. Білім беру саласы басқарушыларының ақпататтық қажеттілігі. Ақпараттық қажеттілікті қалыптастыруға әсер ететін объективті және субъективті факторлар. Менедментті ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігі. Жаңа ақпараттық технологияла, оларды басқару қызметін ақпараттандыру үрдісінде қолдану.
Орындалу формасы: баяндама, презентация.
14-15 ОСӨЖ : Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қатынастар.
Психологиялық-педагогикалық әдістерінің әсері
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Әлеуметтік- психологиялық климат дегеніміз…...
Педагогикалық ұжым анықтамасын жасаңыз.
Тұлғалараралық қатынастардың оқытушылар қызметіне, оқу –тәрбие үрдісіне әсері дегенді түсіндіріңіз.
Педагогикалық ұжымдағы түсініспеушіліктер және оны шешу жолдарын атаңыз.
Әдістемелік нұсқау Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік- психологиялық климат. Білім бері мекемелеріндегі педагогикалық ұжым, оның қызметіндегі ерекшеліктер «Тұлғалараралық қатынастар» ұғымы. Тұлғалараралық қатынастардың оқытушылар қызметіне, оқу –тәрбие үрдісіне әсері. Тұлғалараралық қатынастар ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық реңкті қалыптастыру негізі ретінде оның функциялары. Педагогикалық ұжымдағы түсініспеушіліктер және оны шешу.
Орындалу формасы: конспект
«Білім берудегі менеджмент» пәнінен студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны (СӨЖ) және орындауларына әдістемелік нұсқау.
Мақсаты : «Білім берудегі менеджмент» пәнінен студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мақсаты: пән бойынша теориялық білімдерін тереңдету; пәннің оқу-әдістемелік сапасын арттыру; студенттердің ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту; менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру; ақпаратты басқару дағдылары мен біліктерінің болуы; психологиялық- педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру; педагогикалық рефлексияға қабілетті болу; зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу.
Міндеті: Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары оқу курсын тереңдете оқуға, өз бетімен жұмыс орындау дағдысын қалыптастыруға, өз бетімен білім алуға машықтануға, оқу-әдістемелік жұмыстарды, қосымша әдебиеттерді, теорияны практикамен байланыстыру іскерліктерін жетілдіруге, педагогикалық менеджмент ғылымының қазіргі кезеңдегі әлі де жете зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелеріне өзіндік пікірін қосуға жетелейді. Өздік жұмыс мазмұнына менеджмент тұрғысынан 3 модуль кіріп отыр. Олар:
- Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері
- Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару
- Мектептің педагогикалық ұжымын басқару
Әр тақырыпқа арналған орындалу формасы мен әдістемелік нұсқау көрсетілген.
Студенттердің өздік жұмыстары олардың шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына , дәстүрлі педагогикалық әдіс - тәсілдерді терең меңгеруге мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |