Негізгі әдебиет:
1. Баймолдаев Т. М. Менеджмент - басқару тәсілі. Алматы, 2001
2. Вазина К. Я., Петров Ю. Н., Белиловский В. Д. Педагогический
менеджмент (концепция, опыт работы).- Москва, 1991
3. Лебедева Н. А. Білім берудегі менеджмент. - Алматы, 1998
4. Конаржевский Ю. А. Концепция внутришкольного управления.
-Алматы. 1991.
3-тақырып. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары.
Жоспар:
1. Менеджмент адамдардың ынтымақтастығы.
2. Менеджменттің принциптері.
3. Мұғалімдердің мектепті басқару үрдісінде қатысу заңдылығы.
Негізгі түсінітер: басқару, менеджмент, теориялар мен тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері.
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару әрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:
- Мектеп түрі мен мақсаты;
- Ақпараттық жабдықталуы( оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері. ата-аналар тапсырыстары);
- мамандар, материалдық-техникалық, пспхологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін);
- оқу жоспарының мектептік баламасы;
- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дәрісбаян-тәжірибелік, мектептің әрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды ағымдық және т.б.);
- оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында);
- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық). Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан - ондағы жүйе бірліктерінің әрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дәл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген, әрқилы әдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар - педагогикалық ұжым және оның басшыларының қызметтік іс-әрекеттері (В. А. Сластенин). Мектептердің көбі төрт денгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей - мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кенесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей - мектеп лирскторының орынбасарлары, мектеп психологы; әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей - оқу барысында және оқудан тыс білім-тәрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметгерді атқарушы мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері, бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей - сыныптық және жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субьект-субьектті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші - субьект ролін де атқарады.
Менеджмент ортақ мақсатқа жетудегі адамдардың күш-жігерін дұрыс бағыттау және менеджмент адамдардың қарым-қатынастың тәсілі ретінде қарастырылады. Менеджменттегі хабарламаның берілуі менеджменттегі әлеуметтік әділеттілік, мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципі, тұлғалық ынталандыру принципі, кәсіптік деңгейді дамыту принципі, келісім негізінде ұжымдық шешім қабылдау принципі, мұғалімдердің мектепті басқаруға қатынасу принципі және мақсатты үйлесімділік принципі болып бөлінеді. Менеджмент адамдармен қарым-қатынас құралы ретінде менеджмент үрдісінде оқушы мен оқытушының қарым-қатынасы, менеджменттегі әлеуметтік әділеттік, ұстазға дербес жол табудың заңдылықтары, тұлғалық мадақтау заңдылығы, дәрежені жоғарылатудың пермоненттік заңдылығы, концесус негізінде ұжымдық шешім қабылдау заңдылығы, мұғалімдердің мектепті басқару үрдісінде қатысу заңдылықтары және мақсатты гормонизациялау заңдылықтары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |