Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы бекітемін



бет21/32
Дата20.06.2022
өлшемі460,5 Kb.
#146832
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Байланысты:
УМКД Білім беру жүй. менеджмент2017

Негізгі әдебиет:
1. Баймолдаев Т. М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы.
Алматы, 2005
2. Баймолдаев Т. М. Менеджмент - басқару тәсілі. Алматы, 2001
3. Вазина К. Я., Петров Ю. Н., Белиловский В. Д. Педагогический
менеджмент (концепция, опыт работы).- Москва, 1991
4. Конаржевский Ю. А. Концепция внутришкольного управления.
-Алматы, 1991.
5. Каракулов К. Д. Управление общеобразовательной школой в условиях
демократизации общества. - Алматы, 1999
6. Третьяков П. И. Управление школой по результатам: Практика
педагогического менеджмента. - Москва, 198.
7. Потаншик М. М. Оптимизация управления школой. - Москва, 1991.
8. Хмель Н. Д. Особенности управления педагогическим процессом в
общеобразовательной школе. Алма-Ата, 1986


5-тақырып. Мектептегі жаңашылдықты басқару.
Жоспар:
1. Білім беру мекемелерін басқарудың мәні.
2. Басқару деңгейлері.
3. Басқару іс-әрекетінің түрлері.
Негізгі түсінітер: басқару, менеджмент, теориялар мен тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері.

Басқару іс-әрекет басқару-бір жүйенің екінші жүйеге әсері, басқару субьектердің өзара әсері арқылы болса, білім беру мекемелерін басқарудың мәні білім беруді басқару жөніндегі ғылымды дамыту және басқару деңгейлері арқылы іске асады. Басқару жұмысы (жоспарлау, ұйымдастыру, себеп жүйесі, бақылау, стратегия, стратегиялық басқару, шешім қабылдау басқару) әдістері арқылы жүреді. Басқару субьектінің басқару іс-әрекетінің барлық түрлерін жүзеге асыруға даярлығы - талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және т.б. сатысына қарай әрбір басқару субъекті бір уақытта жоғары деңгейлі басқарудың обьекті - нысаны болып есептеледі.


Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі - жалпы мектептік және сынып ұжымы; екіншісі - оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) және т.б. Педагогикалық және оқушылар ұжымдарының өзара бірлестік іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен жалпы білім беруші мекемелер жарғысы негізінде реттеліп барады.
Басқару іс-әрекеттері процесіңде төмендегідей қызметтер орындалады:
- мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңінің соңғы нәтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау);
- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ пен әр жылға жоспар түзу);
- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру және бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру);
- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру);
- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау);
- қадағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тану);
- педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы - экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).
Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады: 1) ұйымдастыру - бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс- әрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау және т.б.) және 2) басқарушылар іс-әрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-әрекеттердің технологиялық негізін қалау).
Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқару практикалық маңызды мәселе болып табылады.
Г. И. Щукинаның пікірі бойынша, басқару - мектеп ішіндегі «психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік» сияқты күрделі процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу. Алайда басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтап қорыту тек материалды жинаумен ғана және оны тиісті ғылыми-әдістемелік тұрғыдан бағаламай, тек баяндаумен ғана шектеледі. Материалдарда, көбінесе, негізгі идеялар мен тәжірибенің талдауы болмайды және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары берілмейді, оны енгізудің шарттары да көрсетілмейді. Ал кейбір жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесі емес, керісінше, жекелеген тәсілдер ғана суреттеліп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен білім беру органдары үшін ешқандай тәжірибелік құндылығы жоқ көптеген материалдар жинақталады. М. М. Поташник былай дейді: «Басқару - мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты іс-әрекеті». Бұл анықтама маңызды екі нәрсеге назар аудартады: біріншіден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет болып табылатынына; екіншіден, ол басқалардан өзінің міндеттерімен ерекшеленетініне. К. Я. Вазинаның пікірінше: «Басқару - нақты бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі».
Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтік басқарудан өзінің объектілерімен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа білім беру бөлімшелері, т.б.), олардың заңдылықтарымен ерекшеленеді.
Практикалық іс-әрекет ретіндегі педагогикалық басқару - оқушылардың оқуы мен тәрбиесін басқару. Педагогикалық басқару теориясы - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерін басқару туралы білімдер.
«Педагогикалық басқару» ұғымы «білім беруді басқару» ұғымынан кең, өйткені ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандыкты көтеру жүйесінің мекемелері, т.б.) қызмет етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген «адам-адам» жүйесінде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негізгі түріне бағынады - педагогикалық процесс субъекті іс-әрекетін басқару.
Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты объектісі -жеткіншек жас ұрпақтар болып табылады. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару не тікелей (мұғалімдер, тәрбиешілер арқылы), не жанама - мемлекеттік қоғамдық ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Басқару субъектісінің қызметтер жиынтығын басшылық дейді. Білім беру мекемесін басқару іс-әрекетінің басқа мекемелер немесе өнеркәсіп орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуір айырмашылығы бар. К. Д. Ушинский былай деп жазған: «Егер қаржы немесе әкімшілік әлемде олардың идеяларының орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтынын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге болатын болса, қоғамдық тәрбие беру әлемінде ашық айтылып, ашық қабылданған пікірден басқа идеяны жүзеге асырудың басқа амалы жоқ». М. И. Кондаков: «Мектеп жұмысын басқару өндірістік және қоғамдық өмірдің басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, өйткені мұнда күштерді орналастыру мен үйлестіру, байланыс пен өзара тәуелділік жүйесін жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие процесінің барлық жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелері басты мәнге ие болады», - дейді.
Негізгі әдебиет:
1. Баймолдаев Т. М. Менеджмент - басқару тәсілі. Алматы, 2001
2. Вазина К. Я., Петров Ю. Н., Белиловский В. Д. Педагогический
менеджмент (концеиция, опыт работы).- Москва, 1991
3. Лебедева Н. А. Білім берудегі менеджмент. -Алматы, 1998
4. Лебедева Н. А. Білім беру мекемелерін басқаруды жетілдіру.
- Алматы, 1996
5. Конаржевский Ю. А. Концепция внутришкольного управления.
-Алматы, 1991.
6. Критический анализ теори и практики менеджмента. Пер. с нем. под
ред. Почкина П.Ф. и Г.А. Шпилвко. - Москва, 1986
7. Каракулов К. Д. Управление общеобразовательной школой в условиях
демократизации общества. - Алматы, 1999
8. Симонов В. П. Педагогический менеджмент. Учебное пособие.
- Москва. 1999
Қосымша әдебиеттер:
1. Третьяков П. И. Управление школой по результатам: Практика
педагогического менеджмента. - Москва, 198.
2. Потаншик М. М. Оптимизация управления школой. - Москва, 1991.
3. Потаншик М. М. Управление современной школой. - Москва, 1992.
4. Реддин В. Д. Тесты для пенеджеров. - Ростов - на - Дону., 1997.
5. Раченко И. П. Технология развития педагогического творчества.
- Пятигорск., 1996
6. Лукпанов Внедрение науки как основа развития современной школы.
- Алматы., 2000.
7. Мектеп басшыларына арналған көмекші құрал. Алматы. 2003




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет