Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы бекітемін


- тақырып. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару



бет29/32
Дата20.06.2022
өлшемі460,5 Kb.
#146832
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
УМКД Білім беру жүй. менеджмент2017

13 - тақырып. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару.
Жоспар:
1. Білім берудегі басқару түсінігі.
2. Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері.
3. Мектепті басқарудағы әдіснамалық тәсілдер.
4. Жүйені басқарудың мемлекеттік-қоғамдық басқару.
Негізгі түсінітер: басқару, менеджмент, теориялар мен тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері.

Мектепті басқару мәселесіне арналған көптеген зерттеулер бар: оларда мектепті басқарудың (Э.Г. Костяшкин, Ю. А. Конаржевский, В. П. Стрезикозин, П. В. Худоминский, Т. И. Шамова, Н. Д. Хмель, Н. Н. Тригубова, т.б.) мәні ашылады. Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесін енгізу бойынша (И.П. Раченко, Умирбекова Ж. Б., Г. Т. Хайруллин, Г.А. Уманов т.б.); мұғалімдердің шығармашылық зерттеушілік және эксперименталды қызмет-әрекетін ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгізу бойынша (А. А. Бейсенбаева, Л. И. Гусев, В. И. Журавлев, В. И. Загвязинский, Б. А. Койшибаев, В. В. Краевский, Г. Л. Лукпанов, М. Н. Скаткин, Я. С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я. С. Бенцион, Г. И. Горская, Л. С. Коробкова, Ш. Т. Таубаева, В. П. Топоровский, т. б.); мамандықты көтерудің психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негізін құру бойынша (Г. С. Сухобская, А. С. Пискунов, т. б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың мамандығын көтеру жүйесін дамыту тарихы бойынша (Б. А. Альмукамбетов т.б.) жұмыстар жүргізіледі. Мектеп басқарудың жаңашылдық аспектілері М.М. Поташкин, В. С. Лазарев, Л. И. Моисеев, И. И. Цыркун, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. еңбектерде талданған. Алайда, мектеп басшыларын ұйымдастыруға және мектепке жаңалық ендіруді басқаруға даярлаудың әдіснамасы және маңызы педагогика ғылымында жеткілікті баяндалмаған.


Басқарудың қызметтерін тек дидактикалық тұрғыдағы аспектілермен шектеген қате болар еді. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқаруға келеді. Әсіресе, мектептердегі тәрбиелік жұмыстың тәрбиенің қалыптасқан стереотипінің түбегейлі өзгеруімен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкілікті ауысуымен қазіргі кезеңіндегі қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі қиыншылық жағдай, білім берудің, қазіргі тәрбиелік процесті белсендіруді, оның жаңа түрлері мен әдістерін табуды, әсіресе, бұл процесті басқарудың басқа амалдарын табуды өте қатты қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет