Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы бекітемін



бет24/32
Дата20.06.2022
өлшемі460,5 Kb.
#146832
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
УМКД Білім беру жүй. менеджмент2017

Негізгі әдебиет:
1. Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы. Алматы. 2005
2. Баймолдаев Т.М. Менеджмент - басқару тәсілі. Алматы, 2001
3. Вазина К.Я., Петров Ю.Н., Белиловский В.Д. Педагогический менеджмент (конңепция, опыт работы).-Москва, 1991
4. Лебедева Н.А. Білім берудегі менеджмент. -Алматы, 1998
5. Лебедева Н.А. Білім беру мекемелерін басқаруды жетілдіру. -Алматы, 1996
6. Конаржевский Ю.А. Концепция внутришкольного управления. -Алматы, 1991.
7. Критический анализ теори и практики менеджмента. Пер. с нем. под ред. Почкина


8-тақырып: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау
Жоспар:
1. Мектепті басқарудағы диагностикалық ерекшеліктер.
2. Мектеп жұмысын және жалпы басқарудың мазмұнының сәйкестігі.
Негізгі түсінітер: басқару, менеджмент, теориялар мен тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері.

Диагностикада мектепті басқарудағы негізге алатын ерекшеліктер басқарудың талдану, басқару мазмұнының тұтасынан алғанда мектеп жұмысына сәйкестігі, басқарудың гумандылығы, басқарудың демократиялығы ұжымды үздіксіз қолданып отырады. Диагностикалық әдістер оқушылар мен педагогтарды тестілеу, педагогикалық бақылау, интервью алу, әңгіме өткізу арқылы жүргізіледі. Басқарудың сараптаушылық аспектісі мектеп жұмысын және жалпы басқарудың мазмұнының сәйкестігі, басқарудың гуманистік аспектісі, басқарудың демократиялық аспектісі арқылы ұжымды үздіксіз қолдау арқылы жүргізіледі.


Педагогика ғылымында мектепті басқару - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінін бірі. Ол жайлы ғалым-педагог Н. Д. Хмель өзінің зерттеулерінде: «педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік жүйені басқару» - деп көрсеткен. Қазіргі заман мектебі - күрделі де кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегеніміз - мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері болып табылады. Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көріну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады. Мектепті басқарудың басты мәні - оқыту мен тәрбиелеудегі оңтайлы нәтижені алу мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарына педагогтардың мақсатты бағытталған ықпал етуінен тұрады.
Адамдар жеке істей алмайтын немесе жекелеп істеу тиімсіз болғанды жұмыла істеу үшін басқару қажеттігі туындайды. В. Г. Афанасьевтің пайымдауынша: «Басқару - қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, ішкі өзіне тӘн қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттігінен бастау алады».
ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы басқару білімінің қарқынды өсуі мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретінде басқарудын классикалық мектебінің негізін салушы А. Файольдің еңбектерін атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерін ұсынған. Ғылыми басқарудың теориялық негізі. Кеңестік әдіснамалық мектепте жасалған дәл осылар болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет