ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИККАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ
Презентация
Тақырыбы: «Мәтіндегі қатысым қызметінің түрлері мен қызметі»
Орындаған: Жолдасбек Д.
Тобы: ФИ-17-1к1
Қабылдаған: ф.ғ.к., аға оқытушы Байғұтова А.
Шымкент, 2022 ж.
Жоспар
Мәтіндегі қатысым қызметінің түрлері мен қызметі
Адресаттың /Айтушының қатысымдық қызметінің түрлері
Адресаттың /Тыңдаушының қатысымдық қызметінің түрлері
Пайдаланылған әдебиет
Мәтін Мәтін – аяқталған тілдік шығармашылық процесс ретінде тақырыптан тұратын және ерекше бірліктері бар лексикалық, грамматикалық, логикалық, стильдік өзара байланысы бар адресатқа бағытталған прагматикаға негізделген таңбалар әлемі.
Бұл – орыс тіл білімінде алғашқы мәтінтанушы И.Р.Гальперин берген анықтама.
Мәтінге қатысты ерекшеліктердің ең бастысы – оның қатысымдық, яғни коммуникативтік сипаты.
Мәтіндегі қатысым қызметінің түрлері мен қызметі Әрбір қатысымдық актыға айтушының мақсатына қарай тыңдаушыға түсінікті болатын белгілі бір жағдаят (ситуация) типтері сай келеді. Қатысымдық ситуация – айтушы мен тыңдаушының сөйлеу әрекетіне қатысуы.
Сөйлеу қатысымындағы коммуникация адресант пен адресат деп бөлінсе, мәтін коммуникациясы автор мен оқырман арасында болады.