«Б.Майлин шығармаларындағы танымның лингвомәдени мазмұны» тақырыбында жазылған зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша төмендегідей қорытынды жасауға болады:
1. Қазіргі тіл білімінде кеңінен қанат жая бастаған когнитивті лингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану бағыты тіл мен мәдениет арасындағы өзара байланыс мәселелерін жан-жақты зерттейді.
2. Ұлттық қасиеттерді бойына жинақтаған Б.Майлин шығармашылығы, табиғаты оның көркемдік тілі, таным әлемі және қоғамға, тілге деген қозғаушы күшін зерттегенде ғана айқындалады.
3. Б.Майлинді тілдік тұлға ретінде танытатын және тілдік тұлғаның қозғаушы күш екенін айғақтайтын сала – көркем сөзі – повестері мен әңгімелері.
4. Ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттаушы, жақтаушы, дамытушы қоғам қайраткері Б.Майлин – өз кезеңіндегі қоғамдағы өзгерістерді, жаңалықтарды қазақ мәдениетіне ұсынушы мәдени тұлға.
5. Б.Майлин шығармаларының өн бойында қазақ халқының ұлттық мәдени нышандарын бейнелейтін теңеу, эпитет, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, рухани-діни сөздер жиі қолданылған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978. – 193 б.
Кубрякова Е.С. Текст и его понимание // Русский текст. – №2. – М.: Наука, 1994. – С.18-27.
Қалиев Б. Дискурс және оның белгілері. – Алматы, 2016. – 156 б.
Плужаров О. Культурный компонент в семантической структуре слова кум в русском и сербском языках // Язык и культура. Материалы Международной конф. – Киев, 1997.
Нұрсұлтанқызы Ж. О. Бөкеев шығармаларындағы бейвербал амалдар: филол. ғыл. канд. автореф.:10.02.02. – Алматы, 2006 – 29 б.
Бейcембаева С. Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке: Автореферат на соискание ученой степени канд. фил. наук. – Алматы, 2002. – 28 с.