Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы бекітемін


-тақырып: Мектептің педагогикалық үдерісін диагностикалау



бет23/32
Дата20.06.2022
өлшемі460,5 Kb.
#146832
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
УМКД Білім беру жүй. менеджмент2017

7-тақырып: Мектептің педагогикалық үдерісін диагностикалау
Жоспар:
1. Білім беру менеджметінің педагогика ғылымындағы қазіргі деңгейі
2. Білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
3. Менеджерлер іс - әрекеті тиімділігінің критерилері.

Білім беру менеджметінің педагогика ғылымындағы қазіргі деңгейі білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім беруді басқару мекемелерінің менеджерлік қызметі (мектепалды тәрбиеден бастап қарттық шартқа дейінгі білім алудың ерекшеліктер) жүргізіледі. Менеджерлер іс - әрекеті тиімділігінің критерилері: тұлғалық, ситуациялық, ықпалдастық (интегративтік), көп деңгейлік, комплекстілік болып бөлінеді. Білім беруді басқару мекемелеріндегі менеджменттің іс-әрекеті қазіргі заманның талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Саралап, деңгейлеп оқыту оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтингтік жүйе бойынша бағлауға мүмкіндік береді. Яғни оқушылардың әр тақырып бойынша қорытынды бағасы оның жинап алған ұпайына сәйкес қойлады. Жинаған ұпайларын оқушылар сабақтың соңында кестеде тиісті нүктемен белгілеп отырады. Осы нүктелердің арасына үздіксіз сызықпен біртіндеп қосса, график шығады. Ол оқушының даму мониторингі деп аталады.


Мониторинг дегеніміз - белгілі бір нәрсенің жай - күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі. Бұл ағылшынның «монитор» деген сөзінен алынған. Мониторингті техникалық құралдардың көмегімен жүргізілетін бақылаудың ерекше түрі деп қарастыруға болады.
Мониториніті жүргізгенде шүғыл түрде белгілі бір ақпараттың көлемін таңдай аламыз және өңдей аламыз.
Мониторинг - бұл педагогикалық үрдіс негізінде білім беру мақсатын таңдаудағы өзекті мәселе мен құралдарын шешу барысында диагностикалық, прогностикалық зерттеудің жағдайын ғылыми негізге сүйене отырып үздіксіз бақылау.
«Мониторинг» деген сөздің өзі Ресейде Чернобль апатынан кейін Чернобльдегі балалардың денсаулық жағдайын бақылау ретінде пайда болды және орыс тіліне сіңіп кетті.
Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикаолық әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Соның барысында кері байланыс қамтамасыз етіледі. Педагогикалық жүйенің соңғы мақсатына нақты нәтижелер мәлімделеді. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді.
Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында да әр оқушының өткен материалдарды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұтастағы алған білімнің кең тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап, білім деңгейлерін оқушы өзі бақылап отырады. Яғни оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарын өзі бағалайды.
Мониторингтің ерекшеліктері:
1. оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін, аздау ұпай алғанын байқап, білімдеғі олықылықты жою мақсатында тапсырмалар жүйесін ұсынамыз:
2. шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз тұрғыластырынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады
3. өз зейінін тәрбиелейді
4. білім жүйелігі мен тізбекті айқындайды
5. ойланып оқуға дағдыланады
6. оқушының білім сапасын арттыруға жағдай туады.
Мониторингтің көмегімен оқушы білімді меңгеру деңгейін ғана емес, анақытайтын білім сапасын, дағды қалыптасқанын бақылауға болады.
Білімділік мониторинг – көп деңгейлік жүйе.
1 - деңгей - оны мұғалім жүзеге асырады.
2-деңгей - мектепшілік. Мұнда оқушы білімнің дамуын мекемнің әкімшілігі жүзеге асырады.
3-деңгей - білім мекемелерінің даму динамикасын байқау.
Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі - оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау.
Жоғарғы сынып оқушалыр қазіргі қолданып жүрген бағалау жүйесіне қанағаттанбайды, себебі қазіргі жүйемен нақты білім деңгейін анықтау мүмкіндігі төмен, бағалау нәтижесі объективті емес. Сондықтан да қазіргі өркениетті елдердегі сияқты қоғамдық қатынастар сұранысын қанағаттандыратын оқу еңбегін бағалаудың жаңа шкаласын енгізу қажеттігі - бүгінгі көкейкесті мәселелердің бірі.
Республикамызда білім алушылардың деңгейін тексеріп бағлау рейтинг - тест жүйесі арқылы іске асырылып жүр. Бұл әдістердің шет елдерде жиырма жылдан астам уақыт қолданылып, оқыту ісіне әбден қалыптасып кеткендігі белгілі.
Білім берудің, ширатудың, тексерудің, кемшіліктерді жоюдың жүйесі деп мына жүйелерді танимыз.
Тест + рейтинг + мониторинг = сапалы білім кепілі.
Бақылаудың өз бетімен жұмыс істеуге, табысқа жетуге жетелейтін, дамыта оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсілі де бер. Мұнда бағалау білім, білік, дағдының қажетті ең төменгі деңгейін меңгеруді бағалаудан бастады. Оның үсітне осы деңгейді меңгеруге қиналған оқушыларға дәстүрлі оқытудағыдай «екілік» бағасы қойылмайды. Оқушылар ең төменгі деңгейдегі білім көрсеткіші үшін «есепке алынды» немесе «есептелінбеді» деген бағлалар алады. «Есептелінбеді» бағасының «екіліктен» айырмашылығы – оқушыға тапсырманы қайтадан орындауға, қажетті нұсқау алдында мүмкіндік берілуінде. Төменгі деңгей тапсырмасын орындағын оқушылар әрі қарай өз мүмкіндіктеріне сәйкес нәтижелер көрсетіп, жоғарғы баға алуына құқылы.
Олар тұтынушыларға жарнама арқылы және басқадай жолдармен байланысады. Қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуда жергілікті ұйымдармен, жалпыұлттық немесе халықаралық деңгейде байланыс жасауға ерекше көңіл бөледі. Ұйым мемлекеттік реттеу тәртібіне бағынуына тура келеді, сол себептен де есеп беріп, онда қаржы және маркетинг туралы мәлімет береді, сондай-ақ өзінің орналасуы мүмкіндіктері, жеңілдіктері т.б. туралы деректер келтіреді. Ұйымның сыртқы ортадағы оқиғалар мен факторларға қатысуыньщ басқа да толып жатқан әдістері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет