Педагогика және психология факультеті


Бастауыш сынып оқушысының анатомо-физиологиялық дамуы



бет37/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs

2. Бастауыш сынып оқушысының анатомо-физиологиялық дамуы.
Мектепке келерде бала дене жағынан алға қарай едәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері едәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. 7-8 жастың арасында бала 2,5 кг. қосады. Бойы жылына 5 см. қосып отырады. Бұл кезде әсіресе, жүрегі мен тыныс алу органдары қалыптасып қалады.

  1. Баланың жалпы физикалық дамуы: қалыпты салмағы, бойы, кеудесінің аумағы, бұлшық ет тонусы, пропорциясы, терісі және елімізде 7 жастағы ұл балалар мен қыз балалардың физикалық дамуының орта нормасына сай келетін басқа да көрсеткіштері. Көру, есту, моториканың (әсіресе, қолдың білезік және саусақтарының ұсақ қозғалыстарының қалыптасуына ) жақсы болуына аса көңіл аудару керек. Алыстан көрмеушілік, естудің төмендеуі немесе қолдың ұсақ қозғалыстарының қозғалмалылығы мен координациясының жетіспеушілігі кейде баланың мектепте оқу үлгеріміне бөгет жасау себептері болатындығы айқындалған.

  2. Жеткіоікті білім мөлшерін меңгеру, яғни ой-өрістің мөлшері, осының негізінде сыныптағы жұмыс ұйымдастырылуы мүмкін. Негізінен, бұл сезім тәжірибесі, елестету, кейбір қарапайым түсініктер ( “өсімдіктер”, “жануарлар”, “мезгілдік құбылыстар”, “уақыт”, “сан”, ) және бірқактар фактологиялық сипаттағы мәліметтер ( адамдардың еңбегі туралы, туған жер туралы, мерекелер туралы ). Мектепте дайындаған баланың біліміне кеңістік туралы белгілі елестеулер кіреді ( алыс, бағыт, форма, заттардың көлемі, олардың кеңістіктегі ороналасуы және уақыт туралы, оның өлшем бірлігі туралысағат, минут, апта, ай, жыл).

  3. Соңғы жылдары балаларды мектепке дайындау жоспарында балалардың кейбір әдеттерді, шеберлікті игеруі мен мінез-құлықтың маңызды дағдылары мен әрекеттерінің қалыптасуына үлкен мән берілуде: тұрмыстық , өзіне-өзі қызмет ету, гигиеналық, мәдени ( бір-бірімен сыпайы қатынас), еңбектік ( қарындашты, қайшыны, бояу жапқышты, инені пайдалану ).

  4. Баланың мектепке дайындығының маңызды көрсеткіші болып олардың грамматикалық және фонетикалық байланысты, дұрыс сөйлеуді меңгеруі, басқаны өзіне тура қаратылып айтқан сөзін ғана түсіне білу, сондай-ақ өз ойын білдіру үшін өздігінен сөйлем құра білуі де жатады. Сөзді таңдай білу мен айта білу, сөздердегі ересектер көрсеткен дыбыстардың кейбірін ерекшелей білу есту арқылы ұқсас дыбыс тіркестерін айыра білу жатады.

  5. Мектепке барғанда жазуды меңгеру үшін қолдың біезігі, саусақтардың ұсақ мускулатурасының жетілуі өте маңызды. Осы мақсатпен балалар тәрбиешінің жетекшілігімен балалар бақшасында әр түрлі жаттығулар орындайды: сурет салады, суретке сызықты түрлер салады, контур бойынша тапсырылған әшекейлерді қияды т.б.

  6. Балалар жолдастарымен бірлесіп істейтін жұмысқа және өмірге дайындалған болуы керек: тыңдай білу, және басқаның сөзін бөлмеу, қиын кезде жолдасына көмектесу, басқалардың пікірлерімен санаса білу ғана қажет емес, сондай-ақ, егер белгіленген мінез-құлық ережелеріне сай келетін болса, өзіңнің дұрыстығыңды қорғай білу керек.

  7. Мектепке барар алдында оқуға ықылас, білімге ынта, жаңаны білгенге қуана білуінің қалыптасуы өте маңызды. Осы негізде мектепте баланың оқу жұмысы процесінде терең және тұрақты таным мүдделері және жемісті де жүйелі ой еңбегі нәтижесінде пайда болған қуаныш тәрбиеленуі мүмкін.

Бастауыш сынып оқушысының таным процестері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет