Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі.
Білім беру ісіндегі басты приоритет студенттердің жеке шығармаршылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық рөл оқытушыға емес студентіне берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай, ол өздігінен оқуы тиіс.
Оқытудың негізгі мақсаты, өз бетінше дами алатын жас адамды қалыптастыру болғандықтан оқытудың негізгі формасы студенттермен жұмыс істеу, дифференциялау.
Әрбір студент басқа студентпен салыстырылмайды, керісінше өзімен-өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуіне үйренуі аса маңызды.
Студенттердің білімін бағалау жүйесі силлабус оқыту бағдарламасына міндетті элемент болып кіреді.
Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілері мен кіріспе ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің балл мен есептегенде білім градациясының кестесін беріп отырмыз.
Бағалаудың әріптік жүйесі
|
Баллдары
|
Бағалаудың %-тік мазмұны
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
А
|
4.0
|
100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3.67
|
90-94
|
В+
|
3.33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3.0
|
80-84
|
В-
|
2.67
|
75-79
|
С+
|
2.33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2.0
|
65-69
|
С-
|
1.67
|
60-64
|
D+
|
1.33
|
55-59
|
D
|
1.0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Пәннен F деген баға алған студент деканат белгіленген мерзімде оны қайта тапсыру керек.
Бұл градация GPA-ді / студенттің жалпы академиялық білімін орташа бағалау/ айқындауы қажет
“Жас ерекшелік психологиясы” курсы бойынша оқу процесінің картасы
№
|
Атаулар
|
Қыркүйек
|
Қазан
|
Қараша
|
Желтоқсан
|
Ұпай саны
|
|
Бақылау түрі
|
1-3
|
6-10
|
13-17
|
20-24
|
27-1
|
4-
8
|
11-15
|
18-
22
|
25-29
|
1-5
|
8-12
|
15-19
|
22-26
|
29-3
|
6-10
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
І
|
Кіріспе бақылау
|
Кб
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
ІІ
|
Ағымда ғы бақылау
|
|
|
|
|
КР1
|
|
|
|
|
КР2
|
|
|
|
|
КР3
|
33
|
1
|
Тестілік бақылау
|
|
|
|
|
Т1
|
|
|
|
|
Т2
|
|
|
|
|
Т3
|
15
|
2
|
СӨЖ тапсырмалары
|
|
|
С1
|
|
|
С2
|
|
|
С3
|
|
|
С4
|
|
С5
|
|
10
|
3
|
Реферат тар
|
|
|
|
|
Р1
|
|
|
|
|
Р2
|
|
|
|
|
Р3
|
15
|
ІІІ
|
Аралық бақылау
|
|
|
|
|
|
|
|
РБ1
|
|
|
|
|
|
РБ2
|
|
20
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100
|
Ең жоғары ұпай көрсетілген
КР – (1,2,3,) – кредит 1,2,3.....
РБ – рейтинг – бақылау
|
Мектеп психологы жұмысындағы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты cалауатты өмір салтын қалып тастырудың негізгі бағыттары.
1-4 класс
|
5-8 класс
|
9-11 класс
|
-Эмоциялық-коммуникативті дағдыларды дамыту
-Баланың өзіндік санасын дамыту және еркіндікті қалыптастыру
-Өзінің денсаулығына және салауатты өмір салтына жауапкершілікті қатынасты қалыптастыру
-Мектеп мазасыздығымен қорқынышына профиласктика және коррекция жасау
-Әлеуметтік – педагогикалық қараусыз қалған балаларды ерте профилактикалау және коррекциялау, адаптациялау
-Мотивациялық сферасын қалыптастыру
|
-Мотивациялық-қажеттілік сферасын дамыту
-Псиматикалық бұзылыстардың алдын алу және профилактикалау
-Девианты және адекватты мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс
-Жеке тұлға экологизация және социологизация негіздері
-Конфликтілік жағдайлардағы конструктивті қарым-қатынасты үйрету.
|
-Жеке тұлға социологиясын және денсаулық факторын өзіндік анықтау
-Жеке тұлғаның кәсіби социологиясы
-Жеке тұлғалық өсу
-Ішкі жанұялық қатынас
Конфликтті жағдайлардағы конструктивті қарым-қатынасты үйрету
-Индивидуалдық пен жағдай жасауды анықтау
-Жанұялық қарым-қатынастың этикасымен психологиясы
-Психикалық және сексуалды денсаулық
|
Оқушыларға арналған психологиялық тестер.
Бастауыш кластар (1-4).
|
Ортанғы кластар (5-8)
|
Жоғарғы кластар (9-11).
|
“Жануарлар мектебі” жобалау әдістемесі (бейімделуді диагностикалау) 1 класс
|
Жанұялық қарым-қатынастың аймағы (З.Г.Эйдемиллер) 5 класс
|
Жеке-типологиялық сауалнама (Л.Н.собчик) 9 класс
|
Мектеп мотивациясын анықтау әдістемесі (Н.Г.Лусканова) 2 класс
|
Теппинг-тест (Е.П.Ильина) 6 класс
|
Ақыл-ой дамуын анықтайтын мектеп тесті (ШТУР) 9 класс
|
Оқу мотивациясын анықтау анкетасы (НүГ.Лусканова) 3 класс
|
Филипстің мектеп мазасыздығын анықтау тесті (7 класс).
|
Л.П.Калининскийдің жеке тұлғалық сауалнамасы 10 класс
|
“Жаңбыр астындағы адам” жобалау әдістемесі 4 класс
|
Агрессия күйін диагностикалау (Басса-Дарки сауалнамасы) 8 класс
|
Кәсіпті қалау тесті (голланда әдістемесі) 11 класс
|
Жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету.
Жеткіншек жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктері.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңдегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі “өтпелі кезең”, “қиын жас”, “проблемалы” т.б. көптеген белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңнің жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты . Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші бір сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Жеткіншек жас кезеңіндк баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиыншылықтарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғаннан бала уайым шегіп өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орнын аладыда, мұндай көзқкарас баланың қырысықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орны алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойындары тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеулдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жеткіндекте “өзін жарым-жан сезіну” деп аталатын комплек пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезеңдерге балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гормондарының тітіркенуіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.
Жеткіншек жас кезеңдегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетүін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типлогиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, және басқада жетекшінің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барыша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайрақ көтереді.
Жеткіншек жастың ерекшеліктері:
барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;
Үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
Үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:
Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.
Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.
Өзімен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі.
күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі
Акцентуацияның көрініс беруі.
агрессиясының анық байқалуы.
Психологтың жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.
Балалардың мектепке даярлығын тіркеу кестесі (үлгі).
Нұсқау: Бала дамуының әртүрлі деңгейін көрсететін үш варианттағы жауаптарды оқып, оның қайсысы зерттелушінің ерекшеліктерін нақты сипаттайтын болса, оны белгілеңіз. Оны анықтау үшін балаларды мектепке қабылдау барысында және қыркүйек айында жүргізілген әңгімелесу, ертегі айтқызу, бойынша алған бағалары төменде берілген кестедегі көрсеткінтерарқылы бағаланып, нәтижесі сол кестеде тіркеледі.
Зерттеу нәтижелері толтыру бланкесі.
Фамилиясы____________________________________________
Аты______________________________________________
Жынысы_______________________________________________
Оқитын сыныбы ______________________________________________________
Психодиагностика жүргізілген күн___________________________________________________
Жинаған баллдары _______________________________________________________
Мектепке даярлығының көрсеткіші______________________________________________
номері
|
Бағаланатын көрсеткіштері
|
Бағасы
|
1
|
Дыбыс ты дұрыс айту
|
|
|
Көп дыбыстарды анық айта алмайды. Сөйлегенде ентігіп қалады, тыныс алуын және сөйлеу екпінін реттей алмайды.
Барлық дыбыстарды анық айтады, сөйлеу екпінін реттей алмайды, кейбір әріптерді анық айтуға қиналады.
Тілі анық, тынысы жақсы қойылған, дауысы мәнерлі, қоңыржай екпінмен сөйлейді, әртүрлі сөйлемдерді дұрыс құра алады.
|
1
2
3
|
2
|
Тілдік коммуникациясы
|
|
|
Тұйық балалармен және үлкендермен аз сөйлеседі, көңіл-күйі тұнжыраулы, жатырқағыш,жауап беруге қиналады.
Үлкендер сұрақтарына жақөсы жауап береді., өзі бірінші болып әңгімелеспейді, қойған сұрақтарға жауаптары келте.
Тілдік белсенділігі жақсы дамыған, балалармен және үлкендермен қарым-қатынас жасауға құмарлығы айқын байқалады, сұрақтары шектеусіз.
|
1
2
3
|
3.
|
Мазмұнын жеткізу
|
|
|
Әңгіме ертегіні айтып беруге қиналады, көп сөздердің мағынасына түсінбейді, ұзақ уақыт зейін қойып тыңдауға қиналады, ырықсыз зейін басым келеді.
Қысқа әңгіменің, ертегінің мазмұнын сұрақтармен жетелегенде айтып береді, қарапайым сөздерді қолданады, мазмұнын толық жеткізуге қиналады, сурет бойынша әңгіме айтуы шектеулі.
Тіл байлығы жақсы дамыған, ертегінің, әңгімелердің мазмұнын жақсы жеткізеді, күрделі сөздерді қолданылады, айтқан нәрсеге зейін қоюы жақсы, қызығушылығы шексіз, сұрақтары мағыналы.
|
1
2
3
|
4.
|
Сөздік қоры
|
|
|
Тіл байлығы дамымаған, тек қарапайым сөйллемдерді қолданады, грамматикалық қателері көп, қойылған сұрақтарға ғана жауап береді,тілдік белсенедігі шектеулі.
Өз бетімен тілдік белсенділік көрсетпейді, сұрақтарға жауап бергенде белсенділік көрсетеді, сөйлемдерді дұрыс құрады, сөздік қоры онша бай емес, сөйлемдерді қарапайым және бір типті, кейде ойын толық жеткізе алмағаны анық байқалады.
Әңгімелесуге құмар, сөздік қоры мол, күрделі сөйлемдерді қолданады, өз қатары жолдастары, өзінен кішілер және үлкендермен тіл табыса алады, әртүрлі сипаттағы сұрақтардың мағынасына толық түсінеді және оларға дұрыс жауап береді. Қызығушыллығы шкесіз, сұрақтары бірінен-бірі туып тұрады және толық жауапты талап етеді.Тілі әдеби тұрғыда сипатталады.
|
1
2
3
|
5.
|
Ірі және майда әрекеттерінің қалыптасқандағы.
|
|
|
Өзінің қимыл әрекеттерін қадағалауға қиналады. Қимылдары үйлесімсіз. Майда жұмыстарды дәл орындауға қиналады, саусақтары қарысып қалады, жылдам орындайтын әрекеттерге икемділігі жоқ, үйренүі өте қиын.
Өзқимылын қадағалайды, майда әрекеттері қалыптсқан, күрделі қимыл әрекеттерді қиналып орындайды, бірақ олар үйлесімді, бір неше рет қайталағанда қарапайымәрекеттерді тез меңгереді. Үйренуге икемділігі тез байқалады, қызығушылығы нектеулі.
Өз қимыл әрекеттерін толық қадағалайды, қозғалыстардың амплитудасы мен троекториясы талапқа сай. Майда, нәзік қимыл әрекеттері жақсы қалыптасқан, қолымен жасайтын әрекеттерді жеңіл және үйлесімді орындайды. !с-әрекет түрлерін тез меңгереді және сапалы орындайды.
|
1
2
3
|
6
|
Графикалық әрекеттері
|
|
|
Сурет салғанда саусақтары қарысып, қаламды қатты басады, парақты жыртып жіберуі мүмкін, Суреттің жеке элементтері ғана үлгіге ұқсастық белгімен сипатталады, қалғандары-шимайлар.
Суреттегі заттардың негізгі элементері үлгіге ұқсайды, не салғанын түсінуге болады. Майда және нәзік элементтер көрінбейді, бұрыштар анық көрінбеген, сызықтардың түрлері барлық жерде бірдей емес.
Суретті жақсы салады, барлық заттар анық түсірілген, үлгіде көрсетілген заттардың майда детальдарына дейін айнытпай көшіріп салады. Әріптер, бұрыш дөңгелек, сызық т.б. фигуралардың басым көбін ешқандай деформациясыз, анық үлгіге ұқсас етіп салады.
|
1
2
3
|
7.
|
Оқу, ойын әрекеттеріне көзқарасы.
|
|
|
Жаңа әрекеттерді ұйымдастыру ережелерін қиналып меңгереді. Ойындарынның мазмұны таяз. Әрекет барысында кездескен жаңалықтар састырады, басқалармен тіл табысуы қиын, ойынға, оқуға қызығушылығы төмен.
Жаңа әрекеттер ережесін тез меңгереді. Күрделі әрекеттерді, ережелерді қиналып меңгереді, сасқалақтық, ұмытшақтық көрініс береді, жаңа ортаға үйренуі қиын.
3. Барлық жаңалықты тез, қызығып меңгереді, ойын бао\рысында шығармашылық көрсетеді, шытырман жайлардан шығу жолын тез табады.. Жаңа адамадрмен тез танысып жатырқаушылық білдірмейді. Барлық уақытта ізденіс үстінде болады.
|
1
2
3
|
8.
|
Өз қатарларымен және үлкендермен қарым-қатынасы.
|
|
|
Қарым-қатынас мәдениеті қалыптаспаған, үлкендерден және өз құрбыларынан жатырқайды, өзін ерекше көрсеткісі келеді.
Ашық бірақ қарым-қатынасы шектеулі, үлкендермен қатынас құра алады, бірақ кейде еркелік анық байқалады, ескертуден кейін нормаға келеді.
Қарым-қатынасы мәдениеті жақсы қалыптасқан, үлкендермен және құрбылармен тез танысып алады, емін-еркін қатынас жасай алады. Ойын барысында орындайтын ролге таласпайды, тапсырманы ренжімей орындайды.
|
1
2
3
|
9.
|
Өзіне қызмет көрсетуі
|
|
|
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы қалыптаспаған (жуыну, киіну, тамақтану барысында үлкендердің көмегі қажет)
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы қалыптасқан, үлкеннің көмегін сирек қажет етеді, дегенмен, бала өз әрекеттеріне ерекше зейін қоймаса, әрекеттерінің сапасы төмен.
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары өте жақсы дамыған, дербес, үлкендердің көмегін тала п етпейді. Басқа балаларға көмек көрсетуге шамасы келеді.
|
1
2
3
|
10
|
Бағдарламаны меңгеруі.
|
|
|
Оқу бағдарламасын нашар меңгереді, қосымша түсіндіруді немесе жеке жұмыс жүргізуді талап етеді. Оқуға қызығушылығы қалыптаспаған.
Бала-бақша оқу бағдарламасын орта деңгейде меңгерген. Мектепте оқытуға негіз болатын білімі мен дағдысы қалыптасқан, дегенмен қиналып оқиды.
Бағдарламаны жеңіл және жақсы меңгерген. Барлық сұрақтарға қиналмастан сенімді жауап береді. Оқу мотивациясы жақсы қалыптасқан, оқығанды ұнатады, мектепке қуанышпен барады
|
1
2
3
|
Бағалау шка ласы:
26-30 балл – мектепке даярлығы жоғары;
21-25 балл – жақсы;
16-20 балл – орта;
11-15 балл – қанағаттанарлық;
6-10 балл – төмен.
Осы кесте бойынша балалардың мектепке оқуға даярлығын және бастапқы оқыту бағдар ламасын меңгеруге даярлығын бағалап шығу үшін мектепрке даярлық тобын зерттеуге арналған әдістемелерді немесе олардың модификацияларын қолдануға болады. Сонымен қатар бастауыш мектепке қабылданған балаларды зерттеуге арналған арнайы жинақтар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |