Педагогика және психология факультеті


Афазия – сөйлеу процесінің бұзылуы. Генотип –



бет76/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs
Tashtauova.OtbPx, Силл Логопедия 2022, этно баяндама, асем реферат
Афазия – сөйлеу процесінің бұзылуы.

  • Генотип – жүйке қызметінің туа берілетін типі.

  • Гипнопедия – ұйқы кезінде оқытудың мәселесін зерттейтін ілім.

  • Гипоталамус – ас қорыту, зат алмасу, қан айналысы, дем алу процестерін реттестіріп тұратын ми орталығы.

  • Диссоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысының бұзылуы.

  • Инициация – жеткіншекті ересек адамдар қатарына қосу кезінде жасалатын жол-жора мен рәсімдер.

  • Интенция – ақыл-ой мен сананың белгілі бір затқа бағытталуы.

  • Инфантилизм – ересек адамдардың жан дүниесінен балалық қылықтардың байқалуын айтамыз.

  • Кумуляция – сан рет қайталанған әрекетті түйіндеу.

  • Макроция – заттың көзге үлкен болып көрінуі.

  • Медитация – объектіге ерекше шүйлігудің нәтижесінде ойдың тереңдей түсуі.

  • Микрония – заттың көзге кішкентай болып көрінуі.

  • Мотив – адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін іс-әрекетке итермелейтін түрткі.

  • Персеверация – көпке дейін естен кетпей қоятын бейне.

  • Парадигма – негізгі ғылыми нәтитже жүйесінің үлгісі.

  • Онтогенез – ағзаның ұрықтанудан есейгенге дейінгі даму жолы.

  • Сенсорика – таным процестерінің жалпылама атауы.

  • Синкретизм – бір нәрсенің дамымаған, біріккен, ажырамаған күйі.

  • Социограмма – топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын көрсететін карта.

  • Тест – белгілі тапсырма беру арқылы оның ақыл-ой сапаларын сынап көрсететін әдіс.

  • Тропизм - өсімдіктің сыртқы ортаның әсер етуіне қарай білгілі бір бағытқа еріксіз бұрылуы.

  • Фенотип - өмір сүру барысында қалыптасқан жүйке жүйесінің типі.

  • Филогенез – тіршіліктің алғаш пайда болуынан бастап адамзатқа дейінгі даму жолы.

  • Шизофрения – адамның өмірге қызығуының төмендеуіне жұрттан оқшаулануына алып келетін психикалық сырқат.

  • Эвристика – күрелі ақыл-ой жұмыстары мен шығармашылық әрекетті ұйымдастыру тәсілі.

  • Эгоизм – адамның жеке басы мүддесін жоғары қоюшылық.

  • Эгоцентризм - өзімшілдік пен менменсудің шектен шыққан формалары.

  • Эйдитизм – бейнелерді еске өте дәл әрі айқын түсіру.

  • Мимика – адамның бет-әлпетінің мәнерлі қимыл-қозғалыстары.

  • Пантомимика – адамның дене қимылдары арқылы ойын жеткізуі.

  • Телепатия – ағзаның психикалық жағдайын қашықтықтан сезінуге болады дейтін ілім.

  • Фоббия – шындыққа сәйкес келмейтін қорқынышты көріністермен аласұруды айтамыз.

  • Эйфория - шындыққа сәйкес келмейтін көңіл-күйдің шамадан тыс көтеріліп, шаттану.

    \



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет