Даму психологиясы - адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейтін психологияның бір саласы болып табылады.
Психология – ( грек тілінен енген «псюхе»-жан, «логос»-ілім деген мағына білдіреді ) психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады.
Рефлекс– ( латын тілінен енген «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді ) сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы.
Импульс – (латын тілінен енген «күш» деген мағынаны білдіреді).