Педагогика және психология факультеті


Жеткіншектің болашақ мамандыққа көзқарасы



бет56/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs

3. Жеткіншектің болашақ мамандыққа көзқарасы.
Жеткіншектік шақ – болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын және өз ниетін іс-тәжірибелік әрекетте жүзеге асыруға ұмтылу келіп шығатын кезең. Кәсіптік ниеттердің дамуындағы мұндай ілгерілеулер жеткіншектердің бәрінде бірдей болмайды, кейбіреулерінің барлық ойы қазіргімен болып, болашақ мамандық туралы аз ойлайды.
Белгілі бір мамандыққа деген ынтаның пайда болуына көп жайлар: оқу, адамдар, кітап, кино, теледидар, экскурсия себепші болуы мүмкін. Жеткіншектер көп нәрсеге ден қояды, көбіне бірнеше бағытты бағдар етіп ұстайды, бірнеше үйірмеге барып жүреді. Жеткіншектер өздеріне ұнаған кәсіптерді романтикаға бөлейді, көптеген қияншылықтарды аңғармайды, өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Кәсіптік мүдделер мен ниеттердің қалыптасуы үшін үйірмелердегі тыңғылықты ұйымдастырылған сабақтардың маңызы зор. Бұл сабақтар жеткіншекке өзінің бейімділіктерін, мүмкіндіктерін, кемшіліктерін ұғынып, бағалауға көмектеседі. Өзін іс-әрекетте сынау – арманын жүзеге асыру үшін де, түңілуге жол бермеу үшін де жақсы әдіс.
Алайда жеткіншектердің көпшілігі 7 және 8 сыныптарда оқитын уақыт – болашақ туралы көп ойланатын кезең. Біреулері армандарын іс-әрекетке айналдыруға тырысады, енді біреулері болашақтың әр түрлі варианттарына өздерін шамалап көреді, үшіншілері өз мүмкіндіктерінің мамандықтың талаптарына сай келу мәселесін шешеді, төртіншілері мамандықтың мазмұны ол туралы түсінікке сай келетін-келмейтінін анықтайды. Қателесем бе деп қорқу пайда болады.
Балалар өздеріне ұнаған мамандық пен оны алуға болатын оқу орнының ерекшеліктері туралы хабарлар жинайды, жақын жолдастарымен бірге әр түрлі мәселелерді талқылайды, сыныптастарының жоспарларын білгісі келеді. Біреулері байыпты түрде, өз мүмкіндіктерін дәлме-дәл бағалайды, екіншілері өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды және ондай оқушылар аз емес . Кейбір есейген жеткіншектерде әжептеуір шүбәланулар мен толқулар пайда болып, бұрынғы армандарын “балалық” арман деп атап ( орындалмайтындығы себепті ) бас тартады. Маңызды және заманға сай мамандықтар, қызғылықты әрі шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігі, кәсіптердің қоғамға пайдалылығы, болашық қызметтің романтикалық сипаты қызықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет