11 – тақырып.
Жеткіншектердің оқу іс-әрекеті.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Жеткіншектің оқуға, мұғалімге және оқу
пәндеріне деген көзқарасы.
2. Жеткіншектің интеллектілік дамуы.
3. Жеткіншектің болашақ мамандыққа
көзқарасы.
________________________________________________________________
1. Жеткіншектің оқуға, мұғалімге және оқу пәндеріне деген көзқарасы.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады, алайда олардың бәрі оқудың маңыздылығы мен қажеттігін ұғынатындығына қарамастан, әр балада бұл түрліше болады. Мектептің тартымдылығы балалардың көбіне құрдастарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне байланысты артады, бірақ оқудың өзіне бұдан жиі нұсқан келеді. Жеткіншек үшін сабақ – оқу жұмысымен өтетін 45 минут қана емес, сонымен қатар, сыныптастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасалатын елеулі іс-әрекеттерге, бағаларға, толғаныстарға толы ахуал. Әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында балалар қарым-қатынасын тоқтатпайды. Материалдың өте қызықты түсіндірілуі және сабақта мұғалімнің жұмысты ұйымдастыру шеберлігі ғана жақсы кіші жеткіншекке жолдастарын ұмыттыра алады. Олармен қарым-қатынас сабақ даярлаудан алаңдатады, оның үстіне жеткіншекте жеке мүдделер, ұнамды сабақтар мен қызығулар пайда болады. Жеткіншектің әр түрлі негіздерден алатын қызғылықты да алуан түрлі хабарлары мектепте алынатын білімдерімен бәсекеге түседі. Тәжірибенің, айналадағы ортанамен және адамдармен байланыстың молайып, ұлғаюы жеткіншектің оқуға деген зейінін кемітеді. Оқу қызметі енді бұрынғыдан басқаша жағдайда өтеді.
Орта мектепке өтетін сәтте балалар көп жағынан әр түрлі болады. Мұндай айырмашылықтар мына жөнінде болады:
оқуда көзқараста өте жауапты қараудан бей-жай қарауға дейін;
жалпы дамуда жоғары дәрежеден бастап ой-өрістің барынша шектеулілігі мен сөйлеудің нашар дамуына дейін;
мектеп бағдарламасының шеңберінде білімнің көлемі мен тиянақтылығында оны тамаша игеруден бастап негізгі пәндер бойынша білімде елеулі олқылықтардың болуына дейін;
оқу материалын игеру әдістерінде; өздігінен жұмыс істей біліп, материалды ұғудан бастап сөзбе-сөз жаттап алуға дағдыланғандықтан өздігінен жұмыс дағдысының мүлдем болмауына дейін;
оқу жұмысындағы қиыншылықтарды және білуде әжептеуір қажырлылықтан бастап қиын не зауқы түспегеннің бәрінде ізінше басқадан көмек күтіп дағдыланған әдет түріндегі масылдыққа дейін;
мүдделеріндегі айқын көрінген танымдық мүдделермен және мазмұнды істермен шдұғылданудан бастап мұның екеуінің де мүлдлем болмауына дейін.
Оқу қызметіндегі олқылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болады. Егер төменгі сыныптарда бұлардың кейбіреулері балаларға жақсы оқуға кедергі жасамаған болса, 5 сыныпқа келгенде бұл олқылықтар жасырын түрден анық көрінетін олқылықтарға айналып, білімдерді толық меңгеруге елеулі бөгет түрінде көріне бастайды. Егер оларды дер кезінде жоймаса, олардың түзуге келмейтін салдары болуы мүмкін: жаңа, бірден-бір күрделілірек тоүсетін материалды өздігінен игере алмаушылыққа апарып соғуы мүмкін. Жеткіншектің оқуындағы қолайсыздықтың бірінші көрссеткіші – төменгі сыныптармен салыстырғанда үлгерімнің төмендеуі. Мұның себептері оқуға көзқарастағы олқылықтарға, оқу материалының игеру әдісінің дұрыс болмауына және осы екеуінің де табиғи салдары – білімдегі олқылықтардың көбеюімен байланысты болуы мүмкін.
Орта мектепке көшісімен жеткіншектердің оқу жұмысы едәуір қиындайды: бір мұғалімнің орнына бес-алты жаңа мұғалім келеді. Олардың сабақ сұрау, түсіндіру мәнері әр басқа, бастапқы кезде өздері әлі білмейтін оқушыларға қоятын талаптары мен көзқарастары да бірдей болмайды. Мұғалімдердің жаңа әрі түрлі талаптарына бейімделу процесі әдетте бүкіл сынып үшін, әсіресе оқу қызметінде бүркемеленген және ашық олқылықтары бар оқушылар үшін қиынға соғады. Оқушылардың бір пәннен беретін педагогтармен қарым-қатынасы кіші сыныптағы мұғаліммен салыстырғанда басқаша, неғұрлым үстірт, жеке сипаты аз болады. Әрбір жаңа мұғалім қашан да ынта туғызады. Ал кәсіптік шеңберлігінің деңгейі жеке басының ерекшеліктері, мінез-құлқы мен оқушыларға көзқарасы жөнінен әр түрлі көп мұғалім бірден келген кезде педагогтарды сан түрлі тұрғыдан салыстырып бағаллау басталады. Біреулерінің шеберлігі екінші біреулерін сынауға әзір тұрады. Осының салдарынан, біріншіден, мұғалімдерге сараланған көзқарас, “ұнамды” және “ұнамсыз” деп бөлу шығады, екіншіден, басқа адамды тану амалдары дамиды, үлкендердің қызметі мен жеке басын бағалаудың жаңа критерийі қалыптасады. Бұл критерийлердің бір тобы оқыту сапасына, екінші тобы мұғалімнің жжеткіншектерге көзқарасының ерекшеліктеріне қатысты болады, онысының өзінде жеткіншектік кезеңнің бас кезінде мұғалімнің балалармен қарым-қатынасын дұрыс құра біллуі-білмеуі оның осы сыныппен жұмиыс істеуінің қаншалық қиын не оңай болатынын анықтайды.
Жеткіншектер білімді, қатал болғанымен әділ, мейірімді де әдепті, материалды тартымды әрі түсінікті түсіндіре білетін, сабақта жұмысты қарқынды ұйымдастырып, оғ ан оқушыларды тарта білетін және барлық балалар үшін нәтижелі алатын мұғалімдерді бағалайды. 7-8 сыныптарда мұғалімнің эрудициясы, пәнді жетік білуі, оқулыққа қоса білім беруге ұмтылатындығы ерекше бағаланады, сабақта уақытты “босқа кетірмейтін” мұғалімдер бағаланады: балалардың өздігінен пайымдауларын жақтырмайтын мұғалімдер ұнамайды.
Кішкентай жеткіншектердің оқу көзқарасы алдымен мұғалімге көзқарасы мен алынған бағаларына байланысты болады. Көбіне оңай ұғынылып, табысқа жеткізетін сабақ ұнайды. Осымен бірге ақыл-ойды белсене жұмсауды, өз алдына іс-әрекет жасауды талап етіп, ой-өрісін кеңейтетін мазмұн тарта түседі. Оқу пәндерін “қызықты” және “қызғылықсыз” деп саралау көбіне оқыту сапасына, жеткіншектің жеке мүддесіне байланысты, ал сабақтарды “керек” не “керегі жоқ “ деп бөлу уәсіптік ниеттердің қалыпасуынан туындайды. Әрбір жаңа пән, курс, үлкен тарау әрқашан жеткіншектердің ынтасын туғызады. Осы ынтаны сақтап, дамыту мұғалімнің қолында. Жеткіншек сабақта жұмыс істей ме, әлде өз шаруасымен айналыса ма, үйге берілген тапсырманы дұрыс орындай ма, әлде бос сенделе ме, материалды түсініп, білуге ұмтыла ма – осының бәрі мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Оқу деген ұғымның мазмұны жеткіншектік кезеңде ұлғаяды, өйткені білім алу енді кейде оқу бағдарламасының шеңберінен асып, өздігінен және мақсатқа сай жүзеге асады. Өсе келе мұндай бағдар күшейеді. Алайда оқу мен білімге деген көзқарас әр балада сапалық жағынан әр басқа болуы мүмкін. Екі шеткері топ ерекше сараланады. Жеткіншектердің денінде ақыл-ой жұммысына деген тұрақты бейімділік, жаңа білімдер мен машықтарды меңгеруге ұмтылу, белгілі бір оқу пәндеріне және ғылым мен техниканың не өнердің тиісті салаларына тұрақты ынта пайда болады. Кейбір жеткіншектерде білімнің көлемі мектеп бағдарламасы бойынша талап етілетінен анағұрлым көп. Мұндай оқушыларға қабілетті болғанымен сыныпта және үйде жұмысты нашар істейтін жеткіншектер тобы едәуір ұқсас болады; әдетте екінші топтағы жеткіншектерде ақыл-ой қызметіне бейімділік, зейінділік, ұзақ әрі жұмыла жұмыс істей білу, жемісті танымдық қызметке ден қоюшылық оқу пәндерінің мазмұнын игеруден басқа жағдайда көрінеді. Мұндай жеткіншектерде жеке бастың бағалы қасиеттері мектеп білімдерін меңгеру кезінде емес, мазмұны мектеп бағдарламасының шалғай дербес қызметте қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |