Педагогика және психология факультеті



бет62/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs
Tashtauova.OtbPx, Силл Логопедия 2022, этно баяндама, асем реферат
Тұрақты эгоцентризмнің нақты қаупі невротизм белгілері бар жас өспірімдерде ғана немесе бұған дейінгі дамудың ерекшеліктерімен байланысты ( өзін -өзі сыйламаушылық, адамдармен қарым-қатынастың нашарлығы ) оған бейім жастарда ғана болады. Жақсы мұғалім мұндай балаларды қарым-қатынастың олар неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз тарта отырып тиімді көмек жасай алады. Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу қосымша тауқыметке ғана ұғындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды ортада, ұйымшыл ортада тәрбиеленген жас өспірім жігіттер мен қыздардың көпшілігінде психологиялық оқшаулану мен рефлексия қарым-қатынасқа кедергі болмағанымен қоймай, қарым-қатынастың тереңдеп, оның іріктеліп өсуіне жағдай жасайды.
Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі ашу осы адам өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажырығысыз байланысты. Жас өспірімдік рефлексия, бір жағынан, өзінің “менін” ұғыну ( “Мен кіммін? Мен қандаймын? Менің қабілеттерім қандай? Мен өзімді не үшін сыйлай аламын? ” ), ал, екінші жағынан, дүгиедегі өзінің жағдайын ұғыну ( “Менің өмірлік мұратым қандай? Менің достарым, жауларым кім? Кім болғым келеді? Өзім де, айналамдағы дүние де жақсы болуы үшін мен не істеуім керек? ” ) болмақ . Мұны әр кезде бірдей ұғынбаса да жеткіншектің өзі-ақ өзіне арналған алғашқы сұрақтар қояды. Екінші, неғұрлым жалпы, дүниетанымдық сұрақтарды жас өспірім қояды, онда өзіне-өзі талдау жасау, әлеуметтік-адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі анықтаудың элементіне айналады.
Жас өспірімдік рефлексмясының тереңдігі мен қарқындылығы ( интенсивтігі ) көптеген әлеуметтік, жеке типологиялық, өмірбаяндық фактоларға байланыст, бұлардың арақатынасы әлі жете зерттелмеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет