Педагогика және психология факультеті



бет60/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs

Қарастырылатын мәселелер:
1. Өзіндік сананың алғы шарттары.
2. Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі
бағалау.
3. Жас өспірімнің өзін-өзі сыйлауы және оның
функциялары.
________________________________________________________________
1. Өзіндік сананың алғы шарттары.
Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде В.С.Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз “менін” ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік- адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің барлығы бір-бірімен функциялық және генетикалық жағынан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Теңдестігін ұғынудың бастамалары сыртқы заттардан болған және өз денесінде болған түйсіктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде-ақ болады, “менді” ұғыну бала жіктеу есімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компоненттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің түрін өзгертпей қоймайды.
Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылуымен өзінің “мені” мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда, ол өзінің келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта балаң жас өспірім жаста да сақталады. Өзінің өзгергіш тұлғасына зер сала зерттейтін жас өспірім жігіттер мен қыздар бұған барынша алаңдайды. Олардың бәрі дерлік өз келбеттерін өзгерткісі келер еді. Олар үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін арттырып, танымалдығын өсіретін қасиеттер ерекшке маңызды. Жас өспірімдердің көбі тапал, толық болғанына, бетіне безеу шығуына т.б. қынждылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұнысына қатты уайымдайды; екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін төмнедетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем сезінуді туғызады. Бұл қынжылыстар, әдетте, ешкімге білдірілмейді. Өз денесінің бейнесін жас өспірімдердің өзін-өзі ұғынуының ересектердің ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компоненті. Қалыпты өсудің барлық нюанстары мен варианттарын білмеу көптеген жас өспірімдер үшін нағыз “норма трагедиясына” айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет