2-тақырып. Жас ерекшелік психологиясы туралы түсінік.
Қарастырылатын мәселелер: Психикалық даму туралы түсінік.
Жас ерекшелік психологиясының негізгі зерттеу әдістері
3. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың
бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
4. Психикалық даму және оқыту.
__________________________________________________________________
1. Психикалық даму туралы түсінік. Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен “даму” деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден үрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу / прогрессивтік түрде өсу/ ғана емес. Даму кейде регресшіл / кері кету мағынада да / кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір тоүрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты “инвариант” / лат. тілінен “өзгерілмейтін”/ деп аталады, осыған тілректелетін жаңаны “өзгерілгіш” деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістердің треніші болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
Инварианттық қасиеттің қалыптасуы тарихи дәуірлерде психика дамуының шарты болды. Ирнварианттық, яғни тұрақты қасиеттер, соның ішінде шартсыз рефлекстер, не өмір үстінде ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік ортасында берілетін адамның кейбір мінез-құлықтары жатады. Осы тұрақты қасиеттер үнемі өзгерістерге ұшырап отырады. Сонымен психика түгелдей өзгеріске ұшырайды деуге болмайды. Баланың бір жаста ие болған психикалық қасиеттерді, екінші жас кезеңіне көшкенде, біржолата жоқ болып кетпейді, бір-бірінің үстіне үйіліп, қосылып жатады. Демек, психикалық даму психиканың әр саласына жатады. Психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған “кескінділерді” өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі,- дейді. Мұны “қирау” теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді.