Педагогика және психология факультеті


Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру



бет21/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs

3. Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру.
Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық “дағдарыс” кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерд зерттеп жас өспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:
Туғаннан 1 жасқа дейін- нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан /еңбектеу/ тұрады. Ж.Пиаженің системасында сезу-қозғалу интеллектісінің бастапқы кезеңі.
1-ден 3-ке дейін алғашқы балалық , яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе, тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.
3-тен 7-ге дейінгі кезең мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті кеңінен өріс алады.
7-ден 11-ге дейінгі кезең – бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен жәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.
16-18-жоғары сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі, 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жақтары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста “балаға”тән қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.
Осы келтірілген жас кезеңдері психологиялық тұрғыдан топтастыру балалар бақшасында, не мектепте ресми турде қабылданған жастарға үнемі ұқсамайды. Себебі психологиялық тұрғыдан жасты тиісті кезеңдерге бөлудің өзіндік сипаты бар.
4. Бала психикасының дамуындағы сензитивті кезең.
Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдері кездеседі. Нәтижелі мезгілді сензитивті кез деп атайды. Сензитивтік кезді, әдетте, метафора ретінде егіннің жақсы, не нашар шығуымен ұқсастырады. Әр жылдары егіннің жақсы не нашар шығатын мезгілдері сияқты, адамның, соның ішінде баланың әр нәрсеге әуесқойлығы, сезімталдығы түрліше болып кездесетін мерзімі бар. Осы мәселені тұңғыш рет көтерген Италияның педагогы Мария Монтессори / 1870-1952 / . Бұдан соңғы кездерде біздің елде психологтар Л.С.Выготский, Н.С.Лесгафт осы жөнінде құнды пікірлер таратты.
Сензитивті кезге мән беретін себебі, осы кезде аса әсерленгіш келеді, осыны пайдаланып қалу үшін дұрыс тәрбе мен оқыту тәсілдері қолданылуы керек. Сензитивтік кез тек қана бала жасында ғана емес, адамның барлық өмірінде түрліше болып кездеседі. Егер 60-тан асқан кісіден оның өмірінің қай мезгілі есінде айқын қалған, қай жасында мағлұматтар айқын қалмаған деп сұраса, ол 20-25-ке дейінгі басынан кешірген оқиғаларын айтып, кейінгі кездері, әсіресе қартайған уақытын онша еске түсіре алмас еді. Әсіресе жастық кезеңде адам өте сезімтал болып келеді. Бастауыш мектеп жасындағыларда / 7-10 / мұғалімнің айтқанына сын көзбен қарау онша кездеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенгіш болып келеді, осыны пайдаланып көп мағлұматтар ұқтыруы тиіс. Ал егер осы кезеңді дұрыс пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға түсуі мүмкін. Осы жастағы блалар келесі кезеңге өткенде / 11-16 / бұрынғыдай емес, енді ұстаз сөзіне сынмен қарайды. Сондықтан балалр үшін бастауыш мектеп кезеңі өте маңызды, оларды оқу мазмұнымен қызықтыру керек. Бірақ жеткіншектердің өздеріне тән сензитивтік кезеңдері бар: бұлардың күші мен ақылы молайып, қуатын, ептілігін тиісті салаға қолданғысы келіп, өзін-өзі құрбыларының, не үлкендердің алдында көрсеткісі келіп тұрады. Ал ересек жас / 16-18 / кезеңіне келсек, олар әрі істі ойланып орындауға икемдері көлемді және өзінің келешегі жөнінде ойланып, өзін-өзі тәрбиелеуге құмар келеді.
Сензитивтік кезең көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді. АҚШ-тың тілшісі Э.Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған тез үйреніп кетеді. Демек , тіл мен ойдың сенезитивтік кезеңі түрлі уақытта кездеседі.
Осы айтылғандардың барлығы музыка, сурет өнерлеріне де тікелей қатысты. Ірі суретшілер мен композитерлер өз саласына қабілеті 10-12 жасында дами бастаған.Әрбір нәрсенің өзіндік және сөнетін мезгілі бар. Осы мүмкіншілікті өз мезгілінде пайдаланып қалу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет