Баланың жеке басы дегенде, біріншіден, ол нендей қасиетке ие, оның ішкі “Мен” дейтін сапасы қандай т.с.с. айтады. Мектепке дейінгілер үлкендерге бағынышты болғандықтан, оларда соңғы қасиет барлық жағдайда үнемі терең кездеседі деуге болмайды.
Мектепке дейінгілердің “Мен” деген қасиеті бөбектерге қарағанда едәуір қалыптасып қалады. Бұлар үлкендердің қамқорлығына барлық жағдайда көңіл бөлгісі келмейді. Кейде бұлар ерегісіп, үлкендердің тілін алмай қалатын кездері де болады. Бірақ бөбектерге қарағанда мектепке дейінгілер шамалы ес тоқтатып, көпшілік жағдайда үлкендердің тілін алатын болады.
Мектепке дейінгілердің “Мен” қасиеті үлкендердің негізінде қалыптасады. Біздің қғамымызда арнайы шығарылған “моральдық кодекс” бар. Онда нені орындауға болады, нені болмайтыны туралы моральдық мөршерлер жазылған. Сол мөлшерлерді бала бөбек жасынан бастап ұғынады да, нені жасауға болатынын, не болмайтынын білуі үшін сол әлеумет ортасында, көпшілік арасында мойындалған мөлшерлердегі / нормаларды / сақтап, соларды орындауға ұмтылады. Содан бала жаман әдеттерден аулақ болып, пайдалы істерге ұмтылып, баланың “Мен” деген қасиеті дами бастайды.