Педагогика” пәні бойынша 050114– тарих, 050116– география, 050117–қазақ тілі мен әдебиеті, 050118–биология, 050112– химия, 050110–физика, 050109– математика, 050111– “ Информатика”



бет122/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#117868
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143
Байланысты:
педагогика

Поэзия және музыка туралы. Поэзияны ”сезімді сиқырлайтын болмыс” - деп оның тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.

Әл-Фараби адам –қоғамның ажырамас бір бөлшегі, ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, ол белгілі бір топтың мүшесі деп қарастырады. Адам өмір сүру үшін көптаген нәрсеге мұқтаж болады, мұның бәрін ол жалғыз өзі жасай алмайды, сондықтан ол басқалармен қарым-қатынасқа түсуі қажет деді.
Адам өсіп -өне келіп, түрлі топтарға, қоғамдастыққа бірігеді, бұл қоғамдардың бірі-толық, екіншісі- толық емес деп аталады. Толық емес қоғам 3-ке бөлінеді : 1. Үлкен. 2. Орта. 3. Кіші қоғам.
Үлкен қоғам-жер бетін мекендеуші барлық адамдардың қауымдастығы.
Орта қоғам- белгілі бір халық, тайпалар бірігеді.
Кіші қоғам- жекелеген қалалардың тұрғындары, көшелер мен жеке үй тұрғындары кіреді. Мұндай қоғамның ең шағын түріне отбасы, жанұя жатады.
Педагогикалық тұрғыдан оның адамдар арасындағы достық, қастық қарым-қатынастар жайлы айтқан пікірлері ерекше. Ол достықты 2- түрге бөледі:
Біріншісі- адал дос, екіншісі- айнымалы , алдамшы дос. Бір-біріне қас, жау адамдарды да екі түрге бөледі:
Біріншісі- өшпенділігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар.
Екіншісі- көре алмаушылықтан жауығатындар.
Әл- Фараби бұлардың біріншісінен ерекше сақ болудың ,олардың ой-пікірін үнемі таразыға салып, қадағалап біліп жүруді ескертеді. Ол осындай адамдардың арам ниетін біліп қоймай, тиісті жерінде аяусыз әшкерелеу қажет дейді.
Фараби жастарға ғылым-білімді қалайша меңгерту керектігі жөнінде көптеген ақыл-кеңес береді. Ғылым- білім үйренемін деген жас адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек мақсаты тек ақиқат пен шындық жолында ғана болуы тиіс дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет