Педагогика” пәні бойынша 050114– тарих, 050116– география, 050117–қазақ тілі мен әдебиеті, 050118–биология, 050112– химия, 050110–физика, 050109– математика, 050111– “ Информатика”


А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ, ЕҢБЕКТЕРІ



бет124/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#117868
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   143
Байланысты:
педагогика

А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ, ЕҢБЕКТЕРІ

Қарастырылатын мәселелер:

    1. А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі және ана тіліндегі бастауыш мектепке қатысты идеялары.

2. Мұғалімнің жетекшілік рөлі,мұғалім- мектептің жан өзегі.

    1. А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі және ана тіліндегі бастауыш мектепке қатысты идеялары.

Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публист, ағартушы – педагог А. Байтұрсыновтың өмір жолы Қостанай облысында басталды.


1882 – 1884 жылдары ауыл мектебінде, 1891 жылы Торғайдағы орыс – қазақ училищесін, Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген.
1895 – 1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1913 – 1917 жылдары “Қазақ” газетінің редакторы, 1918 – 1919 жылдары Алашорда қатарында, 1919 жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскері – революциялық комитеттің мүшесі, 1922 – 1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби комиссияның төрағасы, халық ағарту комиссары, Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің мүшесі, 1925 – 1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында (Ташкент) және КазПи- де оқытушылық қызмет атқарады. 1938 жылы халық жауы ретінде ұсталып, өлім жазасына кесілді.1988 жылы ел –жұрт алдында ешқандай кінәсі жоқ екендігі анықталып, толық ақталды.
А. Байтұрсынов барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім – ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. А.Байтұрсыновтың алғаш ағартушылық ой – пікірлеріне 1913 – 1917 жылдары Орынборда шықан “Қазақ” газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады.


2. Мұғалімнің жетекшілік рөлі,мұғалім- мектептің жан өзегі.

А.Байтұрсынов туған халқының ғылым – білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. А. Байтұрсынов “Қазақ”газетінің 1914 жылғы 62 – санында “Мектеп керектері” деген мақаласында “Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім.


Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы болуы.
Үшінші – мектепке керегі белгіленген бағдарлама,” - деді.
А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауатты алдымен орыс тілінде ашатын. 1912 жылы А.Байтұрсынов қазақша оқу құралы әліппені жазды.
А.Байтұрсынов 1926 жылы “Әліпбидің ” жаңа түрін осы күнгідей суреттермен берілген әліппе кітабын жазды. 1912 жылы мектеп балаларына сауаттандыратын “Оқу құралын” жазғаннан кейін көп ұзамай мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1- ші бөлімі “Тіл құралы” деген атпен 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2 – ші бөлімі 1914 жылы, синтаксиске арналған 3 – ші бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып, пайдаланылып келді.“Тіл құралы” - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс.Оқулықтың тағы бір құндылығы - қазақ тілінің грамматикалық басты салалары – фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттеу т.б. деп саралап тұңғыш ғылыми жол салуында болып отыр. А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Осы салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда “Баяншы” деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп “Оқу құралды” жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы “Тіл құралын” ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп “Тіл жұмсарын”, 4 – ші сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесі “Баяншыны” жазды.
2. “Әдебиет танытқышының” өзінде ғана психологияға қатысты ой – пікірлер баршылық. Мұндағы “Көрнек өнері”, “Сөз толғау”, “Лұғат әуезділігі”, “Жан жақтау”, “Жан қоштау”, “Көріктеу”, “Ес ұғымы”, “Іс ұғымы”, “Зейіндеме”, атаулар мен ұғым – түсініктерде, жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жарамазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологиялық көзқарастары мол.
А.Байтұрсыновтың психология ғылымының төңірегінде ой қозғаған пікірлері “Әліппе – таңбалар жұмбағы” – дейтін еңбегінде елеулі орын алған.
А.Байтұрсынов адамда жазу дағдысының қалыптасу жолын да психологиялық тұрғыдан түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет