Педагогика” пәні бойынша 050114– тарих, 050116– география, 050117–қазақ тілі мен әдебиеті, 050118–биология, 050112– химия, 050110–физика, 050109– математика, 050111– “ Информатика”



бет118/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#117868
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143
Байланысты:
педагогика

39 -тақырып.


В.А. СУХОМЛИНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ.
Қарастырылатын мәселелер:

    1. В. А. Сухомлинскийдің өмірі мен қызметі

    2. В. А. Сухомлинский жүйесінің сипаттамасы.

    3. В.А. Сухомлинскийдің педагогикалық көзқарастары.

1918 жылы 28 қыркүйекте УССР Кировоград обл, Онуфриев ауданы Васильевка селосында туылған.


В. А. Сухомлинский – кеңес педагогы.
СССР пед. ѓылым академиясыныњ корр. м‰шесі (1957), УССР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім. Социалистік Еңбек Ері (1968).
1939 жылы Полтава мемлекеттік педагогикалық институттың тіл және әдебиет факультетін бітірді. Педагогикалық қызметі 1935 жылы басталды. 1947 жылдан Кировоград обл, Павлыш орта мектебінің директоры болды.
В. А. Сухомлинский тәрбие және оның ішінде еңбек тәрбиесі проблемасын зерттеді. Бастауыш мектептің оқу – тәрбие жұмысының методикасымен шұғылданды. В. А. Сухомлинский – дарынды мұғалім, талантты ғалым, әрі публицист. Оның мектепке басшылық етудегі және мұғалімдік жұмысындағы құнды тәжірибесі “Павлыш орта мектебі” (1969) атты кітабында жан – жақты баяндалды.
В. А. Сухомлинскийге “Балаға жүрек жылуы” атты кітабы үшін УССР – ң мемлекеттік сыйлығы берілді (1974). В. А. Сухомлинский екі рет Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені, К. Д. Ушинский, А.С. Макаренко медальдарымен марапатталған.
Шығармалары: Воспитание коллективизма у школьников, М ,1956
Трудовое воспитание в средней школе. М. ,1957
Педагогический коллектив средней школы. М., 1958
Воспитание коммунистического отношения к труду М.,1959
Воспитание советского патриотизма у школьников. М., 1959
В. А. Сухомлинский “ Жастарды адамгершілікке” тәрбиелеудің проблемаларын зерттеді. Сухомлинскийдің еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу –барлық жастарға орта білім беруге арналған. Педогогиканың мұндай күрделі де маңызды міндеттері- комплекс түрде, мектеп практикасы арқылы, мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп, нәтижесі тез арада тарап кетті. Ол халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдыра отырып зерттеді.


2. В.А. Сухомлинскийдің педагогикалық көзқарастары.
Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі, дамыған сезім мен ақылдың бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім алуының қалыптасқан сұранысы Сухомлинскийдіњ көптеген еңбектерін ең маңызды ой- пікірі педагогтың мынадай екі мәселені шешуіне арналады. Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, оқушыларды ұдайы ,барлық өмір бойы өз білімін толықтырып отыруға әсіресе , адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету. Оның айтуынша, білім беру творчестволық процесс-адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын тарихи процесс. Сухомлинский: “ Адамныњ білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі –адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты”-деп тұжырымдады.
Қазіргі Россияда кәсіптік даярлыққа асқан қызығушылық пен талаптар қойылуда. Жаңа типті оқу орындары ашылып, оған жаңа оқу құралдары жасалуда, гимназиялар, колледждер, лицейлер, жоғарғы кәсіптік училищлер, жекелей кәсіптік автролық мектептер ашылып өз концепциясын жасау үстінде. Инженерлік - педагогикалық институттар, индустриалдық – педагогикалық техникуцмдар, педыгогикалық колледждер көптеп ашылуда. Кәсіптік білім беру ұдайы дамуда. Бұл басқа ғылымдармен ұдайы байланысты дамып, білім берудің комплексті жүйесін іске асыруда, жаңа теория мен концепция жасауда мұның барлығы практикада сыналу үстінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет