Педагогика” пәні бойынша 050114– тарих, 050116– география, 050117–қазақ тілі мен әдебиеті, 050118–биология, 050112– химия, 050110–физика, 050109– математика, 050111– “ Информатика”



бет114/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#117868
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   143
Байланысты:
педагогика

36 – тақырып


Л.Н. ТОЛСТОЙДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ.

Қарастырылатын мәселелер:


1. Л.Н. Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарастары.
2. Л. Н. Толстой оқыту туралы.
3. Л. Н. Толстой мұғалім туралы.

1. Л.Н. Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарастары.


Көркем сөздің асқан шебері, Л.Н. Толстой Ресейде ескі феодалдық қоғам ыдырап, жаңа капиталистік қоғам дами бастаған кезде өмір сүрді. Л.Н. Толстой өзі үстем таптың өкілі бола тұра, шаруалардың мүддесін жоқтады. Помещик - буржуазиялық тәртіпке қарсы болды, сол дәуірдегі қоғамдық мекемелердің (шіркеу, сот, буржуазиялық ғылым, неке) жалғандығын әшкереледі. Бірақ осыған қарсы күресудің орнына, ол көнуге шақырды.
Педагогика, оқыту және тәрбиелеу мәселелері Л.Н. Толстойдың теориялық және пракикалық қызметінде үлкен орын алады.
ХІХ ғасырдың 60 жылдарында Ресейде өріс алған қоғамдық педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л. Толстой халыққа білім беру саласында қоғамдық ағарту қызметімен шұғылданды.
1859 жылы Ясная Полянада шаруа балаларына мектеп ашып, мұғалімдер шақырып, бұл мектепте өзі де сабақ береді.
Оның бастамасымен сол маңда бірнеше бастауыш селолық мектептер ашылды. 1861 – 1862 жылдары Л.Н. Толстой шетелдерде болды, Франция, Италия, Бельгия, Англия және Германиядағы көптеген мектептердің жұмысымен танысты.
Шетелдер мектептерінің (әсіресе Германия) негізгі кемшіліктерін (формализм, балаларға еркіндіктің берілмеуі және т.б.) атап көрсетті.
Ясная Поляна мектебінде балалар мектепке келуде, сабақ оқуда зор белсенділік көрсетті, өздерін еркін ұстап, біліммен, нәтижелі түрде қаруланды. Бұл мектептің жұмыс тәжірибесін тарату мақсатымен “Ясная Поляна” атты педагогикалық журнал шығарды.
Журналдың бірінші санында Ясная Поляна мектебінің жұмысы туралы жазылды.
1872 жылы Л.Н. Тостой жазған “Азбука”, 1875 жылы “Жаңа азбука” және төрт оқу кітабы басылып шықты.
Кейінірек Л.Н. Толстойдың метепке көзқарасы мүлде өзгерді, 1874 жылы жазған “Халық ағарту туралы ” – деген мақаласында халық мектебіне артта қалған шаруалар тұрғысынан қарады.
Дипломды мұғалімі бар мектептерді ол артық деп есептеді. Жеті айда шаруа балаларын орыс және славян тілінде хат тануға, санай білуге және дін сабағына үйретсе, соның өзі де жеткілікті, арнаулы мектеп салудың қажеті жоқ, сарайда немесе шаруалардың үйлерінде оқыта беруге де болады деді.
Бірақ Л.Н. Толстой оқытудағы формализмге қарсы шықты, оқытудың көрнекілігін жақтады.
ХІХ ғасырдың 70 жылдарында Л.Н. Толстой Ясная Поляна мектебінде қайтадан сабақ бере бастады.
Шаруалар мектебіне мұғалімдер даярлайтын семинарияның жобасын жасады. Бірақ оны ашуға үкімет ат салыспады.
Л.Н. Толстой сол дәуірдегі педагогиканы және орыс, шетел мектептерін батыл сынады.
Ол сол дәуірдегі мектептерде орнаған қатаң тәртіпті, оқытудағы формализмді және оқытудың жаттауға негізделуін ашып көрсетті.
Сол дәуірдегі мектептегі қатаң тәртіпке қарсы күресу үстінде Л.Н. Толстойдың балаларға деген сүйіспеншілігі айқын көрінді.
Ол мұғалімдік қызметті өте ұнатты, оған барынша беріліп, көп ізденді, әр мектептің педагогикалық лаборатория болуын талап етті. Л.Н. Толстой ашқан Ясная Поляна мектебі шын мәнінде осындай педагогикалық лаборатория болатын. Бұл мектепте сабақ мұғалімнің оқушылармен еркін әңгімелесуі ретінде жүргізілді. Мектепте оқу, жазу, таза жазу, грамматика, дін сабағы, орыс тарихынан әңгімелер, арифметика, география мен жаратылыстан алғашқы мәліметтер, сурет және ән үйретілді.
Жаратылыс, геогафия және тарихтан мәліметтер орыс тілі сабағында көркем әңгіме ретінде берілді. Бұл мектепте оқу жоспары, оқытудың бағдарламасы және сабақтың тұрақты кестесі болмады.


2. Л. Н. Толстой оқыту туралы.
Л.Н. Толстой мектеп мұғалімнің оқу жұмысын ұйымдастыруға міндеті - барлық балалардың сабаққа үлгеруін қамтамасыз ету деп есептеді.
Л.Н Толстой мұғалім мен оқушылар арасында еркін қарым – қатынас болуын, балалардың мұғалімнен түсінбегенін ұялмай сұрап отыруын, мұғалімнің әрқашан көмекке даяр болуын қажет деп есептеді.
Л.Н. Толстой оқытуда мынадай ережелерді орындауды талап етті: балаларға қиын , түсіне алмайтын және оларға белгілі мәселені айтпау , артық нәрселерді айтып балаларды шаршатпау, сабақ материалының балалаларға тым қиын немесе тым жеңіл болып келмеуі, балаларды сабаққа қызықтыру үшін сабақ сайын белгілі бір жаңалықтың болуы. Балалар толық түсінген материалды ғана есте сақтауы қажет деп санады. Ол балаларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретуге, соның ішінде шығарма жазуға көп көңіл бөлді. Л.Н. Толстой өзінің дидактикалық пікірлерінде бастауыш мектептің оқулығының қандай болуы туралы көп кеңестер ұсынды. Алдымен оқулықтағы материалдың қызғылықты, түсінікті, балалардың сезіміне әсер ететіндей есте қалатын болуын, оқулықтың тілі қысқа, анық болуын талап етті.
Осы талаптарға сай жазылған”Азбука”және “Оқу кітаптары” ХІХ ғ. ІІ жартысындағы құнды педагогикалық ескерткіш болып саналады. Л.Н.Толстой оқулықтарының негізгі қатесі-онда діни мазмұнда жазылған әңгімелердің орын алуы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет