Педагогика” пәні бойынша 050114– тарих, 050116– география, 050117–қазақ тілі мен әдебиеті, 050118–биология, 050112– химия, 050110–физика, 050109– математика, 050111– “ Информатика”



бет107/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#117868
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   143
Байланысты:
педагогика

32 – тақырып
ЖАН - ЖАК РУССОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Қарастырылатын мәселелер:


1. Жан – Жак Руссоның өмірі мен қызметі.
2. Жан – Жак Руссоның педагогикалық теориясы.
1. Жан – Жак Руссоның өмірі мен қызметі.
Атақты француз жазушысы, ағартушы философы және педагогы, XVIII ғасырдағы революция қарсаңындағы буржуазиялық интеллигенцияның өкілдерінің бірі Жан – Жак Руссо.
1712 жылы 28 июньде Женевада сағатшының жанұясында туған. Өзі дүниеге келген күні шешесі қайтыс болды да өмірінің бастапқы кезінде ғана әке тәрбиесін көреді. Балалық шағы тым ауыр жағдайда өтеді, жүйелі білім беретін ешбір оқу орнында оқи алмайды, 16 жасынан бастап ауыр өмір салдарынан ел – елді кезушілік жолға түседі, Франция мен Швейцарияны бірнеше рет шарлап, әр түрлі мамандықта кәсіп етеді. Бірақ бұл жылдар болашақ атыақты ойшы және қайраткер үшін зор өмір мектебі болған еді.
Отыз жасында Руссо Парижға келіп, онда сол кездегі француз интеллигенциясының ең алдыңғы қатарлы өкілдерімен (Дидро, Даламбер, Вольтер т.б.) танысады.
1749 жылы Дижон академиясы “Ғылым мен искусство прогресі мінездің жөнделуіне немесе әлсіреуіне ықпал етті ме?” – деген тақырыпта конкурс жариялаған болатын. Руссо Дидроның кеңесімен осы тақырыпта еңбек жазады, онда ол табанды түрде әлеуметтік теңсіздікке, аристократтар мен арам тамақтарға, феодалдық қоғамның мәдениетіне, халыққа ешбір көмегін тигізе алмай отырған ғылымына қарсы шағады. Еңбек зор табысқа ие болып, бірінші силыққа бағаланады.
1754 жылы Руссоның “Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы” - деген екінші кітабы, 1761 жылы “Жаңа Элоиза” атты романы, ал бір жылдан кейін “Қоғамдық шарт” деген атақты шығармалары жарық көреді.
1762 жылы Руссоның “Эмиль, немесе тәрбие туралы” деген романы басылып шығады. Бұл романда Руссо іріген феодалдық қоғамның шырмауынан арылып, бостандық алған жаңа адамды тәрбиелеудің жолын көрсетті.
Соңғы шығарма автордың есімін дүниежүзіне танытты, бірақ ондағы жаңа адам жөніндегі, оның тәрбиесі туралы пікірлері король чиновниктерінің, әсіресе дін иелерінің ызасын туғызды.
Париж парламенті “Эмильді” өртеу жөнінде қаулы қабылдайды да, кітапты үкімет қарақшылары қаланың бір алаңында өртейді. Руссоның өзі Швейцарияға кетуге мәжбүр болады. Қуғын көреді, тек 1776 жылдан бастап Англияда ғана уақытша паналайды, осында “Насихат” деген ең соңғы өмірбаяндық шығармасын жаз бастайды. Тек 5 жылдан кейін ғана дансаулығы әлсіреп, көңілі қайтқан Руссо өз Отанына оралады, бірақ онда да басқа фамилиямен тұруға рұқсат алады. Ол 1778 жылы Париж түбінде қайтыс болады.
Француз буржуазиялық ревалюциясы кезінде оның ең революцияшыл партиясы якобинецтер Руссоны өздерінің идеялық көсемі ретінде бағалады. Руссо өлгеннен кейін оның саркофагіне “Бұл жерде табиғат пен шындықтың адамы жатыр” деген сөздердің жазылуы кездейсоқ беріле салған баға емес еді. Француз бен Швейцар еңбекшілерінің атынан ұлы ойшыға асқан құрмет ретінде әдейі сол екі елде де Руссоға ескерткіш орнатылған, кейін оның аты бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды.


2. Жан – Жак Руссоның педагогикалық теориясы.
Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екіжүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. Өзі төменгі сословиедан шыққан Руссо қарапайым еңбеккерлерді ғана сүйіп, басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді.
Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған “Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы” атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді. “Қоғамдық шарт” деген шығармасында Руссо мемлекеттіңпайда болуы жөнінде бұрыннан ұсынылып келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенді қолдай отыра, феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы – “Адамдардың табиғи жағдайда болуы” дегенді ұсынды. Оның ойынша, бұл қоғамда адамдар бірімен – бірі тең және бостандықта болуға тиіс, ал олар кейіннен өздерінің “табиғи праволарын”, еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан. Осы ойымен байланыстыра отыра, Руссо асқан жігерлікпен, бойды кернеген ызамен тирандықты, эксплуататор- лардың озбырлығын әшкереледі: халық тілегін қанағаттандырмайтын үкімет заңсыз, себебі ол қоғамдық шарт негізінде адамдардың өзі қалаған, халыққа қызмет етеді деп сенген үкіметі, сондықтан да ол үкіметке шарт бойынша адамдар өз праволарын тапсырған. Ал қазір сол бастапқы қоғамдық шарт бұзылып отыр, егер үкімет халыққа қызмет ете алмаса, үкіметтің халыққа қажеті де жоқ деп дәлелдеді.
Әрине, бұл ойлар көркем әдеби түрде баяндалған корольды тайдыру және феодалдықты жою жөніндегі жігерлі ұран еді.
Руссо адамды адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық, теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық құрылысты социалистік құрылыс емес еді, ол ұсақ жеке меншіктілердің, жер иелерінің және қолөнершілердің қоғамдық құрылысы еді.
Қөзқарастарының осындай тар мағыналылығы мен тапшылығына байланысты Руссо адамдарды табиғатпен жақындасуға, мешеу ауыл шаруашылығы мен қолөнерге шақырады. Осылай ол мәдениет, техниканың прогресшілдік сипаттарын түсіне алмады, сөйтіп, оның көзқарасының тұйықтығы байқалды.
Жан – Жак Руссоның педагоги калық теориясы негізінен көркем шығармасы “Эмиль” атты романында баяндалды, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі пікірлерін жүйелі теория нәтижесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бөле отыра зерттеп, өз заманының арнасына шығып жатқан топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты.
Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы – педагог Руссо жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт – сананы түбірімен жою үшін, жаңа қоғамды орнату үшін кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақ пен тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәәселені зор педагогикалық проблема ретінде ұсынды. Бұл мәселелер негізінен адам еңбек арқылы өмір сүреді, еңбексіз өмір жоқ деген пікірлерге саяды.
Ал азғындаған феодалдық қоғамда мықтылар – басқа адамдар еңбегін пайдалануда, нағыз ерікті адам - өз еңбегінің жемісімен өмір сүретін, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей де, қорғай да білетін адамдарды тәрбиелеу.
Демек, Руссоның педагогикалық концепециясының негізіне феодалдық әдет – ғұрыптардан арылған, бостандықтағы, толық адамгершілігі бар адамды өсіру талабы жатады. Әрине, Руссоның педагогикалық теориясының шеңберінің кеңдігі, терең адамшылығы осындай жаңа адамды тәрбиелеу талабын ұсынуында боды.
Осындай келелі міндеттерді шешудің жолдарын қарастыра келе феодалдық қоғамдағы бала тәрбиесі табиғатқа қарсы қойылған, сондықтан жаңа тәрбие табиғатқа сәйкес, баланың табиғи дамуын ескеріп, оның жас ерекшеліктеріне лайықталып жүргізілуге тиіс. “Табиғат балалардың кәмелетке жеткенше бала болуын талап етеді”, - деген Руссо.
Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары -баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатын білу, баланың өзіндік әрекетін дамыту – тәрбиенің негізіне айналуы тиіс. Ал тәрбиеші баланың дамуын ұқыпты түрде дұрыс бағыттайтындай, ойланып, толғануына жөн сілтейтіндей жағдайлар жасай білуі ғана тиіс. Сөйтіп, Руссо жаңа тәрбиені балаға үстемдік етуге, оның еркінің дамуына тек зәбірлік жасауға тырысатын феодалдық ескі тәрбиеге тікелей қарсы қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет