Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Л.Н. Толстойдың “Ясная поляна”мектебі, “Ясная поляна” журналына сипаттама
2.Л.Н. Толстойдың педагогикалық және дидактикалық көзқарастарына шолу жасаңыз .
37 - тақырып
К. Д. УШИНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ.
Қарастырылатын мәселелер:
К.Д. Ушинскийдің өмірі мен қызметі, педагогикалық ілімінің
маңызы.
Оқытудың дидактикалық негіздері және оқытуды ұйымдастыру
оның әдістемесі.
1. К.Д. Ушинскийдің өмірі мен қызметі, педагогикалық ілімінің маңызы.
К.Д. Ушинский педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін қалаушы. Оның “Балалар әлемі”, “Ана тілі”, “Педагогикалық антропология” атты еңбектері орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шыѓармалары болып есептеледі.
“Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру – менің өмірімнің бірден – бір мақсаты”, - деп жазды К.Д. Ушинский.
К.Д. Ушинский 1824 жылы 18 ақпанда Тула қаласында туды. К.Д. Ушинский орта білімді Новгород - Северск гимназиясында алды. 1840 жылы Москва университетінің заң факультетіне түсіп, 1844 жылы бітіріп шығады.
Оқудың тиімді әдістері мен жолдарын сабаққа енгізіп, осы өзгерістердің нәтижесін зерттеді.
К.Д. Ушинский халық тұрмысын жақсартудың негізгі жолы мен құралы білімді тарату, халық ағарту ісін кеңінен дамыту деп ұғынды.
Қоғам дамуы жөнінде К.Д. Ушинский идеалист – ойшыл еді, қоғам дамуында заң мен ақылдың дамуына ерекше мән берді. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің негізгі мәні әрбір елде халықтың мақсат - мүддесіне, мұќтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық идеясында еді. К.Д. Ушинский әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірі мен тұрмысын, талаптары мен мұң- мұқтажына байланыстылығын көрсетті.
Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді, халықтың өмірін жөндеуге, оның санасын дамытуға көмектеседі деп есептеді К.Д. Ушинский. Ол: “Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс”, - деді. К.Д. Ушинский “Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні” деген мақаласында еңбек тәртібін қарастырады, ол “Балалар әлемі”, “Ана тілі” оқулықтарында тәрбие жөнінен балаларға арнап материалдар жазды.
К.Д. Ушинский “Адам өзінің жеке басының еңбегінсіз бір адым да алға ілгерілей алмайды, бір жерге тұрақтап т±рып қалуға да тиісті емес, ол адам қайта кері кетеді” – деген.
К.Д. Ушинскийдің педагогикалық талаптарының бірі - еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу.
Орыс мұғалімдерінің ұстазы К.Д. Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін ең озық ғылым дәрежесіне көтерді. К.Д. Ушинский өзінің шығармаларында педагогиканың әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрбие мақсаты мен тәрбиеленудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы, мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі мәселелерін ғылыми негізде шешті. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында Ресейде К.Д. Ушинскийдің теориясы мен жүйесін қолдаушы, ұлы педагогтың жолын ұстанған педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тобы қалыптасты. К.Д. Ушинский жазған “Балалар әлемі”, “Ана тілі” оқулықтары 60 жыл бойына Ресейдегі ең құнды оқулықтары болды.
2. Оқытудың дидактикалық негіздері және оқытуды ұйымдастыру, оның
әдістемесі.
Дидактика және әдістеме мәселелері К.Д. Ушинскийдің педагогикалық еңбектерінен көрнекті орын алды, бұл мәселелер оның “Адам тәрбиесі”, “Н.И. Пироговтың шығармалары”, “Ана тілін оқытуға басшылыќ”, “Швейцарияға педагогикалық саяхат” деген шығармаларында кең түрде баяндалды.
К.Д. Ушинский әр пәнді оқушының шамасы жететіндей, ол еркін игеріп кете алатындай ғана бағытта оқыту керек деді.
К.Д. Ушинский орта мектебі мен педагогиканың тәжірибесіне сүйене отырып, дидактиканың негізгі принциптерін анықтады.
К.Д. Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мән берді. Оқуды “тәрбиенің негізгі құралы” деп бағалады. К.Д. Ушинский сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл – ойын да, адамгершілігін де дамытатындай етіп ұйымдастыруды талап етті.
К.Д. Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне талдау жасаған, бұл принципті жаңа сатыға көтерген. Көрнекілік әдісімен оқу – оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді. К.Д. Ушинскийдің айтуынша бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады, сондықтан көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек деген.
К.Д. Ушинский оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолы сыныптағы сабақ жүйесі деп білді. К.Д. Ушинский дұрыс ұйымдастырылатын жақсы сабақтың негізгі белгілерін анықтады. Олар:
а) сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру,
ә) бұрыңғы меңгерілген білімдерге жаңа ойларды, ұғымдар мен
деректерді ендіріп отыру,
б) білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа
ынтасы мен белсенділігін арттыру,
в) өтіліп жатқан сабақты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т.б.
К.Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты - әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеді. К.Д. Ушинский мынандай негізгі оқыту әдістерін ұсынды:
а) түсіндіріп оқыту;
ә) оқытушының әңгімесі;
б) бақылай әңгімелесу;
в) әртүрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша)
К.Д. Ушинский мектеп қоғамдық тәрбиенің орталығы, ал мұның ең маңызды тұлғасы мұғалім деп бағалады.
К.Д. Ушинский мұғалімдер алдына қойған бірінші талабы – балаларды жан – жақты зерттеп білу. “Кімде кім оқытамын десе – ол оқушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек” – деді К.Д. Ушинский. К.Д. Ушинскийдіњ мұғалімдер алдына қойған маңызды екінші талабы – олардың үнемі қаламдастарының, алдыңғы қатарлы оқушылардың тәрбие тәжірибесінен туатын и деяларды қабылдап, өз ісіне пайдаланып отыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |