40-тақырып.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ
Әл-Фарабидың педагогикалық мұрасы.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Әл-Фарабидің өмірі мен қызметі.
2. ӘЛ-Фарабидің философиялық , педагогикалық және психологиялық көзқарастары.
3. Әл-Фарабидің оқытудың ретіне қарай ғылымдарды топтауы және мұғалімге қойылатын талаптары.
1. Әл-Фарабидің өмірі мен қызметі.
Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) ірі сауда орны, мәдениет орталығы Отырар (Фараб-Қарашоқы) қаласында туылған, сонда білім алған. Кейін Бағдад (Сирия) қаласында ұстаз болып, сонда жерленген.Түркі, парсы,араб тілдерінде жаза да, сөйлей де білген.Әл-Фараби ғақлиялық (ғылымилық) бағыттың бастаушысы.Әл-Фараби астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия-риторика, философия, педагогика ғылымдары бойынша 100-ден аса ғылыми еңбек жазған.
Ол Дамаск (Шам) қаласындағы медреседе сабақ беріп, ұлағатты ұстаздық еңбектер жазып, әлемнің екінші ұстазы атанған.
Достарыңызбен бөлісу: |