Педагогика” пәні бойынша 050114– тарих, 050116– география, 050117–қазақ тілі мен әдебиеті, 050118–биология, 050112– химия, 050110–физика, 050109– математика, 050111– “ Информатика”


-тақырып. Ж. АЙМАУЫТОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ЕҢБЕКТЕРІ



бет127/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#117868
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   143
Байланысты:
педагогика

44-тақырып.


Ж. АЙМАУЫТОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ЕҢБЕКТЕРІ


1. Ж.Аймауытовтың педагогикалық және психологиялық еңбектері.
1.Ж.Аймауытовтың педагогикалық және психологиялық еңбектері.

Ұзақ жылдар бойы “ұлтшылдық” әдебиеттің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж. Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, құнды-құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазуымен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған ірі тұлға.


Ж. Аймауытов бұрынғы Семей губерниясының, Кереку,/қазіргі Павлодар/ уезінің Қызылтау болысында кедей шаруасының жанұясында дүниеге келген.
Ж. Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми –қоғамдық “Абай”
атты журналдың бас мақаласынан аңғартады . Ж. Аймауытов “адам мінезінің, ақыл- қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... Аам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен” дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан болып бөлінетіндігін атап көрсетеді.
Баланың бойына басынан сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. “Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді деген ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді...”-деп автор бала мінезін қалыптастырудағы жанұя мүшелерінің , әсіресе әке-шешесінің ықпалын айқын ашып берді. Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді. Жас кезеңде дұрыс тәрбие алмаған бала өскенде қисық ағаш сияқты болып өсетінін, отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады.
Ж. Аймауытовтыњ педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой- пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған “ Тәрбиеге жетекші” атты еңбегінен жақсы байқалады.
Ж. Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе:
“ Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерге түсіну мүмкін емс. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп- өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ж. Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгенін, өнерсіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың моаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін өнері мен әуез өнерін, яғни сурет салу, ән-күй өнерінүйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттігін баса айтады.
Ж. Аймауытовтың психологиялық мұрасы туралы айтқанда, оның “Психология” атты төл оқу құралы толығырақ сөз етуді қажет етеді. Өйткені бұл психология саласында төл тілімізде жазылған ғылыми мәнін күні бүгінге дейін жоймаған дүние екендігі даусыз.
Ж. Аймауытовтың психология саласында жазған екінші төл еңбегі “Жан жүйесі мен өнер таңдау” ерекше назар аудартады.
Ж. Аймауытов психологиялық қисындарының негізгі желісі-оның өзі тұжырымдаған мына төмендегі қисындарға келіп саяды : “ тән қуаты болса, жан қуаты да ажарлы болады”, “нашар жаннан осал мінездер туады... Жалынды сөз жалынды жүректен шығады”... Баланы іспен емес, сөзбен, үлгімен, ақылмен үйреткен адам сорлы... Адамның денесі қандай мысқалдап өсіп, жетілетін болса, пікірі де сондай, бірте –бірте жетіліп өркендемек... Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-түйек жұмыста да көрінуі керек...т.б.т.с.”
Аймауытов еңбектерінің ерекше назар аударатын басты ерекшелігі- бұлар төл тілімізде туындаған тұңғыш психологиялық дүние болуымен қатар еліміздегі отызға жуық түркі тектес халықтар тілдерінде алғаш жарық көрген, ғылыми туындылар екендігінде. Отызыншы жылдарға дейін психологияның ғылыми сара жолға орталықтағы ғылым ордаларында да (Мәскеу, Петроград т.б.) белгілі ғалым психологтар ( К.Н.Корнилов, В.М. Бехтеров, П.П. Блонский т.б.) теріс түсініктерден арыла алмағанын ескере отыра, сол бір қарбалас кезеңде жазылған Аймауытов кітаптарын қазіргі ұрпақ игілігіне айналдыру, тіпті оларды орыс, шет ел тілдеріне аудару- кезек күттірмей шұғыл шаралардың бірі болуға тиіс.
Ж. Аймауытов “ Тәрбиенің негізгі мақсаты мінезді тузеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу” деген қағиданы қуаттай келіп, “Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек”- дейді.
“Білімге деген ынталанушылық,-деп жазды ол,-адам бойындағы ой еңбегі күшінің қайнар көзі, сондай көздерді көбірек ашу, бөгетсіз саулатып ағызу, өркендету өнері-мұғалімнің бойына біткен қасиет болуы керек”.
Бүгінгі нарық экономикасының талап-тілектері мамандық таңдау мәселесіне басқаша бағыт-бағдар беріп отыр. Қазіргі заманда қандай мамандық иесі болмасын өз ісіне жеңіл-желпі қарай алмайтыны белгілі. Мұны Ж. Аймауытов та сол кездің өзінде қатты ескерткен : “ Оқыған азаматтың қызметке тұрлаусыздығы, тез қызып, тез суығыштығы, білімі аз, шалалығы, құр даурық боямалылығы, еліктегіші, мансапқорлығы, кеңсешілдігі, пайдакүнемдігі, негізгі мақсұт, мұраты жоқтығы, берік жол тұтына алмайтындығы оының бәрі шын әлеумет қызметкерінің піспеген, шынықпағандығын көрсетеді “.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет