3. Әл- Фарабидің оқытудың ретіне қарай ғылымдарды топтауы және мұғалімге қойылатын талаптары. Әл- Фарабидің педагогикалық мұрасы телегей-теңіздей мол дүние. Оның арифметика, геометрия, астрономия, музыка ғылымдарын педагогикалық, яғни тәрбиелік ғылымдар дейтін жүйеге жатқызуы да, сондай-ақ педагогика, әдістеме мәселелері жөнінде арнаулы еңбектер жазуы да жоғарыда айтқанымыздың жақсы айғағы. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады, теориялық ғылымдарды өз бетінше меңгеруге әрекеттенеді.” Білімді болу деген сөз- деп жазды ол,-белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз... білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше алады “.
“ Мұғалімдік еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты, үнемі ызғарымен болса,онда оқушылар жағынан мұғалімді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі туады. Ұстаз ескерер тағы бір жәйт,-дейді Фараби,-бұл шәкірттің мінез –құлқындағы жағымсыз мінезді ,ұнамсыз қылықты болдыртпау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру “.