Педагогика” пәні бойынша 050114– тарих, 050116– география, 050117–қазақ тілі мен әдебиеті, 050118–биология, 050112– химия, 050110–физика, 050109– математика, 050111– “ Информатика”



бет125/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#117868
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   143
Байланысты:
педагогика

42 – тақырып


ДУЛАТОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ, ЕҢБЕКТЕРІ

Қарастырылатын мәселелер:


1. М.Дулатовтың педагогикалық еңбектері.
1. М.Дулатовтың педагогикалық еңбектері.
1987 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шыққаннан кейін алты-жеті жылдай ауылда бала оқытады. Кейіннен Омбы , Қарқаралы қалаларына барады, Петерборда шығатын “Серке” газетіне “Жастарға” /1907/ деген өлеңін бастырады. 0909 жылы Уфада “ Оян қазақты”, Қазандағы ағайынды Кәрімовтар баспасынан “Бақытыз Жамал” романын бастырып шығарады, “Айқапқа” түрлі тақырыптар төңірегінде /оқу-ағарту, мәдениет, тіл т.б./ үзбей мақала жазып тұрады. Осы жылдары А. Байтұрсыновпен бірлесіп, “Қазақ” газетін шығаруға ат салысады.
1922-26 жылдары Орынбордағы Қазақтың ағарту институтында оқытушы болады. 1922 екі бөлімнен тұратын “Есеп құралын” ,1924 жылы “Қирағат” кітабын, қазақ кітаптарының библиографиалық көрсеткішін бастырады. 1928 жылғы зобалаңда бір топ қазақ оқығандарымен бірге тұтқынға алынып ату жазасына кесіледі, онысын кейіннен 10 жыл абақтыда қамаумен алмастырады. 1935 жылы тұтқында жүріп, Балтық каналының бойындағы Сосновец деген жерде қайтыс болады. 1988 жылы республика Жоғары сотының коллегиясы қылмыс құрамы болмағандықтан оны біржола ақтайды. Осы тұрғыдан “ Оян қазақ” атты туындысының орны бөлек. Ұстазы Ы. Алтынсариннің оқу-ағарту мәселесіне байланысты идеяларын ары қарай дамыта келіп, ол да А. Байтұрсынов сияқты, оқу тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән береді. Бұл айтылғандарды оның “Мұғалімдерге” атты мақаласынан /1915/ ,”Қирағат” кітабына жазған алғы сөзінен жақсы байқауға болады: “...балаларды,-дейді ол,-оқыту өз алдына бір ғылым. Ғылым-педагогика... Мектеп программасында бірінші орын алған нәрсе қирағат, баяндап оқыту...Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды...
Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге,өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып-тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарларына үңіледі. Осы жәйт автордың мына төмендегі түйіндеуінен жақсы аңғарылып тұр:”Туындысында қанша зеректік болса да,-деп жазды М. Дулатов,-ғылымсыз,тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатына не нәрсе шеберлік барлығын сезіп,өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді... Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі,оқығанын да көріп тұрғандай боласың...”
Халқымыз егемендікті аңсап жатқан қарбалас шақта жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлттық рухпен, дәстүр-салт, әдет-ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аударуымыз қажет. Бұл жөнінде де М. Дулатов былайша жерінен жеткізе айтқан еді. “Бастауыш мектепте алған тәрбиенің,-деп жазды ол,-әсерлі, күшті, сіңімді болуы, қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптар ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан, һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсатына муафик үйренуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұма алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай мектеп медресесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру ...
М. Дулатовтың 1921 жылы Ташкенде шыққан “ Есеп құралы” қазіргі кездегі математикадан оқу кітаптарын құрастырушылар үшін теңдесі жоқ үлгі деуге болады. Осы кітаптың алғашқы нұсқасы 1914 жылы Орынборда басылған еді.
М. Дулатовтың тәлім-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн талабы –тілегімен ұштасатын тағы бір кесек ойды кездестіреміз. Ол жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. Қазіргі қазақ жастарының тәрбиесінде көлеңкелі, келеңсіз жақтардың белең алуы тәлімгер қауымға жас буынды жөргегінен мейірімділік пен имандылыққа баулып тәрбиелеу қажеттігін күн тәртібіне қойып отыр.
М. Дулатовтың оқу- ағарту майданындағы ерекше көзге түсуі жиырмасыншы жылдардың орта шеніндегі латынша немесе арабша әріпті алу мәселесінің төңірегіндегі айтыс кездерінде көрінді. М. Дулатов 1924 жылы Орынбарда болған қырғыз-қазақ ағартушыларының тұңғыш съезінде баяндама жасап, араб әрпінің ерекшелігі мен артықшылығын дәлелдеп бақты. Оның “ Бүкіл шығыс елінің мәдени мұрасы араб әрпімен жазылған, егер де дүрмекпен латынға көшсек біз бұл байлықтан мүлде қол үзіп қаламыз” дейтін пікірінің шындық екендігіне бүгінде дау айтатын адам болмаса керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет