Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1) Тәрбие мазмұнының мән-мағынасын ашыңыз.
2) Тұтас педагогикалық процессте және өзін-өзі тәрбиелеуде жеке тұлғаның қалыптасуы қандай қатынаста болады?
3) Тәрбие түрлері қалай топтастырылады?
4) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу қандай қатынаста болады?
5) Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерін атаңыз.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырып: «Тәрбиенің дәстүрлі және заманауи түрлері, ғылыми дүниетаным және олардың сипаттамалары»
Қарастыратын сұрақтар:
Тәрбиенің дәстүрлі және заманауи түрлері
Ғылыми дүниетаным және олардың сипаттамалары.
Тапсырмалар:
«Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі тәрбие мазмұны» тақырыбында эссе жазыңыз.
«Дүниетаным» ұғымы анықтамасының салыстырмалы кестесін жасаңыз.
«Дүниетанымның пайда болу және қалыптасуының әлеуметтік-мәдени динамикасы» тақырыбына дерек-мәлімет дайындап, кестені толтырыңыз.
«Дүниетанымның пайда болу және қалыптасуының әлеуметтік-мәдени динамикасы»
|
Дерек-мәлімет
|
|
|
|
|
Өткізу формасы: слайдта көрсету, талқылау
Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау кезінде тәрбиенің дәстүрлі және заманауи түрлеріне, «Дүниетаным» ұғымы анықтамасына көңіл аударып, оның негізгі идеясын көрсету керек. Күтілетін нәтижелерді ұсынылған әдебиеттер тізімінен табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |