Этнография гректің «этнос» - халық, «графия» - жазу, үйрену деген екі сөзінен құралған. Өзінің мағынасы бойынша, этнография – халықтардың қоғамдық құрылыстарын, олардың арғы тектерін, өзара қарым-қатынастарын, заттай және рухани мәдениеттерін зерттейтін ғылым. Этнография - тарих ғылымының бір саласы болып, дүние жүзіндегі халықтардың қоғамдық тұрмысын және мәдениетін түбегейлі зерттейді. Бүгінде педагогиканың ерекше халықтың (этностың) тарихи өмір тәжірибелерін жүйеліп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылымы, педагогика ғылымының ерекше саласы - халық педагогикасы жан-жақты дамуда.

Биологиялық ғылымдар педагогиканың жаратылыстану - ғылыми базасы ретінде қарастырылады. Мысалы, педагогика адамның жүйке-психикалық дамуы мен оның әрекетінің рефлекторлық табиғатын ашуда және т.б. орыс физиологтары И.М.Сеченов пен И.П.Павлов еңбектеріне сүйенеді.
Математикаоқыту процесінде қолданылатын әдістердің дерек көзі.
Әдіс (грек. metodos – зерттеу немесе таным, теория, оқыту жолы) –
таным жолы; ғылыми білімді құру тәсілі және негіздеу; ғылым пәнін анықтауға ықпал етуші тәсіл.
Әдіс - күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.
Әдіс - 1. Адам баласының қызметінің белгілі салаларында қолданылатын әр түрлі амал, тәсіл, айла. 2. Қоғам өмірі мен табиғат құбылыстарын зерттеудің, танып білудің методы, жолы (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі).
Әдіс - ойға алған бір істі жүзеге асырудың тәсілдер жиынтығы. Бұны «метод» немесе «методика» деп те атайды.
«Метод» грек тілінен аударғанда, белгілі бір іс-әрекеттің тәсілі дегенді білдіреді. Ал тәсіл дегеніміз - әдістің құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір іс-шараны жүзеге асырудың реті, қимыл-қарекет немесе іскерлік.