Нормативті (мемлекеттік) мақсаттар – өкіметтік құжаттарда анықталған жалпы мақсаттар. Олар мемлекеттегі білім беру мен экономиканың жағдайы туралы кең түрдегі мәлімет негізінде анықталады. Бұл мақсаттар кез келген педагог жұмысының негізгі бағыты.
Қоғамдық мақсаттар - әр түрлі топтардағы адамдардың қажеттілігі, қызығушылығы, қоғамдық көзқарасы түрінде қалыптасады;
Инициативалық мақсаттар – педагог-практик және олардың тәрбиеленушілері тарапынан анықталады;
Білімді, іскерлікті, дағдыны яғни, сана мен мінез-құлықты қалыптастырушы мақсаттар;
Ұйымдастырушылық мақсаттар – педагог тарапынан қойылады және оның басқару қызметі аймағына қатысты;
Әдістемелік мақсат – оқыту технологиясы мен оқудан тыс іс-әрекетті түрлендірумен байланысты;
Шығармашылық әрекетті қалыптастырушы мақсаттар – нышан, оқушылардың қызығушылығын дамыту ерекшеліктері, оларды жүзеге асыру.
Педагогика міндеттері екі типке бөлініп қарастырылады: тұрақты және уақытша міндеттер.
Педагогика міндеттері екі типке бөлініп қарастырылады: тұрақты және уақытша міндеттер.
Тұрақты міндеттер:
Тәрбие, оқыту, білім беру аймағы мен білім беру, тәрбиелеу жүйесін басқару заңдылықтарын ашу міндеті. Педагогикадағы заңдылық – алдын-ала ойластырылып жасалған жағдайлар мен объективті (нақты) және жеткен жетістіктері тәрбиелілік пен білімділік болып табылатын жағдайлар арасындағы байланыс.
Жаңа әдістерді, құралдарды, формаларды, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жүйесін табу міндеті.
3. Оқытудың болашағын болжау міндеті.
4. Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу міндеті.
Уақытша міндеттер:
Уақытша міндеттердің туындауы практика және педагогика ғылымының өзінің қажеттіліктеріне сәйкес.
Электрондық оқулықтар кітапханасын құру;
Педагогикалық біліктілік стандарттарын жасау;
Мұғалім жұмысындағы типтік стрессті анықтау;
«Қиын» балаларды оқытудың дидактикалық негізін жасау;