6-Тақырып. Ойын- мектепке дейінгі жастағы баланың негізгі іс әрекеті.
Ойын- мектепке дейінгі балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі, ол балалардың қоршаған өмірді- адамдардың қимылын, іс әрекеттерін бейнелеуі болып табылады.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері:
Ойынның түпкі ниеті
Сюжеті немесе мазмұны
Ойын әрекеттері
Рөлдер
7
Ойынның түрлері:
Ұлттық ойындар
Сюжетті рөлді ойындар
Дидактикалық ойындар
Сахналанған ойындар
Қимылды ойындар
Үстел үсті ойындар
Құрылыс ойындар
Қысқа көріністі ойындар
7-Тақырып. Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі рөлі.
Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу тәрбие жұмысын,демалыс уақытын ұйымдастырады.
Балабақша тәрбиешісінің міндеттері:
Балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді
Өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды
Балалардың денсаулығын сақтауға, қорғауға байланысты дәрігер талабан орындайды
Балаларды отбасында, балабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналармен жұмыс жүргізеді
Балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады, есеп береді, әрбір сабаққа ұқыпты дайындалады
Тәрбиешіге қойылатын талаптар:
Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін,жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс әрекетін дұрыс ұйымдастыра білу керек
Арнаулы білім, білік пен іскерлік дағдыны меңгеруі керек
Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек
Жұмысты ұйымдастыра білетін,тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы,кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт:
8