ЕМТИХАН ТАПСЫРУШЫЛАР:
1.Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңы
2.Баланың құқығын қорғау конвенциясын.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартын.
4.Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасын.
5.Мектепалды даярлық тұжырымдамасын білуге міндетті.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
1-ТАРАУ. Мектепке дейінгі педагогиканың көкейкесті мәселелері.
1-Тақырып. Мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері.
Мектепке дейінгі педагогика-жалпы педагогиканың бір саласы.Мектепке дейінгі педагогика пәні алты жасқа дейінгі балаларды үй-іші мен балабақшада өмір талабына сай жетілдіру процестерін зерттеп, сондай-ақ балалабақшадағы тәрбие жұмыстарын жан-жақты ұйымдастырудың теориялық,тәжірибелік жақтарын,ойын, оқу, еңбек әрекеттерін, күн тәртібін, бөбекжай мен балабақша тәрбиешілерінің ата-аналарымен өткізілетін жұмыстарының түрлерін де қарастырады.Негізгі педагогикалық ұғымдар: тәрбиелеу, оқыту, білім беру.Мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі декларация.Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |