Педагогика (пәннің атауы) пәннің оқу-әдістемелік кешені



бет61/97
Дата05.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#20073
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97
Бақылау сұрақтары

  1. Дидактика дегеніміз не?

  2. Дидактиканың мәні.

  3. Дидактиканың негізгі категорияларын немесе ұғымдарын атаңыз.

  4. Дидактиканың негізгі категорияларына немесе ұғымдарына анықтама беріңіз.

  5. Оқыту мен оқудың айырмашылығы неде?

  6. Дидактиканың заңдылықтарын атаңыз.

  7. Дидактиканың дамуына үлес қосқан қандай көрнекті педагогтарды, олардың қандай еңбектерін білесіз?

  8. Дидактиканың даму тарихы.

19 дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының қазіргі мектептеріндегі білім мазмұны


Жоспары:
1. Білім беру мазмұны туралы түсінік және оның мәні..
2. Білім мазмұнын қалыптастырудың принциптері және ұстанымдары.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және білім мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.
4. Оқу жоспары, бағдарламалары, оқулық және оқу құралы.
5. Оқулыққа қойылатын талаптар.
1.Білім (оқыту, оқу үрдісі) мазмұны – жас ұрпақты неге оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім мазмұнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге болады. Бұл жүйеге оқушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман өндірістері, мәдениет және өнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді. Білім мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; өмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары көрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды.
Сан мыңдаған даму тарихында адамзат өте көп білім жинақтады. Жасөспірім ұрпақ осы білімді игерген кезде ғана өркениет дамуы жүзеге асады. Бірақ жинақталған білімнің барлығын адам түгелдей меңгере алуы мүмкін емес. Сондықтан ең маңызды, негізгі білімдер мен біліктіліктерді таңдау мәселесінің орны ерекше.
Әлеуметтік тәжірибе мектептегі оқу мазмұнында түрлі пәндерге бөлініп көрініс табады. Оқу пәні бұл – нақты белгілері бойынша ерекшеленген, құбылыстардың нақты класына жататын әлеуметтік тәжірибенің (адамзат мәдениетінің) бөлігі. Оқу пәндері белгілі ғылымдардың негіздерін мектептердегі оқыту қажеттіліктеріне бейімдейтін білім мазмұнының арнайы
Білімнің мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады.
Білім мазмұны бұл – бірінші, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін меңгеру тәжірибесі, екінші жеке тұлға мінез-құлқының типологиялық сапаларын тәрбиелеу, үшіншіден адамның ақыл-ой және дене-күш жағынан дамуымен сипатталатын үш біртұтас үрдістің мазмұны.
Білім мазмұны көптеген нормативті құжаттарда анықталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет