Педагогика (пәннің атауы) пәннің оқу-әдістемелік кешені



бет71/97
Дата05.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#20073
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97
Бақылау сұрақтары

  1. Дәстүрлі емес сабақтарға қандай сабақтар жатады?

  2. Дәстүрлі емес сабақтар талдау кестесі.

  3. Аралас сабақтардың мәніне және құрылымына анықтама бер.

  4. Мұғалімнің сабаққа даярлығының негізгі параметрлерін көрсет.

  5. Қазіргі сабақ құрылымының моделін көрсет.

  6. Сабақта саналы тәртіпті орнату жолдарын ата.

  7. Сабақты бақылаудың және оны талдаудың үлгі бағдарламасын көрсет.

29 дәріс тақырыбы: Оқушылардың білім, білік,дағдыларын есепке алу және бағалау.


Жоспары:
1. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бағалау және қадағалау туралы түсінік.
2. Қадағалаудағы ұстанымдар және білімді тексеру кезеңдері.
3. Оқығандықты тестілеу.
1.Қадағалау оқушылардың білімін, іскерлігін анықтау, өлшеу және бағалау дегенді білдіреді.
Тексеру – бұл білімді, іскерлікті анықтау және өлшеу. Тексеру – қадағалаудың негізгі компоненті, оның негізгі дидактикалық функциясы мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланысты қамтамасыз ету, оқу материалын меңгергендігі дәрежесі туралы объективті ақпаратты педагогтың алуы, біліміндегі кемшілікті және білмеушілікті дер кезінде анықтау болып табылады.
Қадағалауда бағалау /процесс ретінде және баға қоюы /нәтиже ретінде/ баршылық. Бағаның функциясы оқығандық деңгейді анықтаумен шектелмейді. Баға – оқуға ынталандырудың, оң мотивацияның, тұлғаға әсер етудің мұғалім қолындағы құрал. Объективті бағалаудың әсерімен оқушыда сәйкесті өзін-өзі бағалау, өз жетістіктеріне сын қатынас пайда болады. Оқытушылық қадағалаудың негізгі функциясы – қадағалаушылық-түзетушілік, бірақ ол сонымен бірге оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұмтылдырушы функцияларды да атқарады.
Бұл әдісте мынадай түрлерін айырады:
Ауызша қадағалау.
Жазбаша қадағалау.
Лабораториялық бақылау.
Машиналық /бағдарламаланған/ қадағалау.
Тестілік қадағалау
Өзін-өзі қадағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет