4.Педагогика тарихын зерттеудегі негізгі тұғырлар.
Педагогика тарихын ғылыми зерттеп, анықтауда диалектикалық философия басшылыққа алынады. Осыған орай, П.В.Плеханов әдіснамалық мынадай қағидаларды ұсынады:
Идеялардың (ой-пікірдің) жалпы қоғамның әлеуметтік даму үдерісіне тәуелді екендігін айқындау.
Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның дамуымен ұштастыра қарастыру.
Тарихтың әр кезеңінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтынын және әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік ерекшелігінің бар екенін ескеру.
Педагогика тарихының әдiснамасы әр тарихи дәуiрдегi педагогикалық бiлiм мен тәрбиенi, ойлар мен идеяларды талдап жүйелеу, оларды ұғындыру, тұжырымдар жасау арқылы педагогикалық үдеріске өзгерiстер енгiзу немесе жетiлдiру мақсатын іске асыратын педагогика ғылымының бiр саласы.
Педагогика тарихының әдiснамасы төмендегiдей жүйелi құрылымнан тұрады:
тарихи-педагогикалық бiлiм құрылымы мен қызметтерi;
педагогикалық идеялар, ой-пiкiрлер, iс-тәжiрибелер, үлгiлер, негiзгi педагогикалық қағидалар (идея, болжам, тұжырымдама, теория);
– тарихи-педагогикалық бiлiм мен тәрбиенi өңдеп жетiлдiрiп, педагогикалық үдеріске ендiру.
Достарыңызбен бөлісу: |