Педагогика тарихы ғылымы, мақсаты мен міндеттері. Педагогика тарихында қолданылатын диалектикалық әдіс. Әдіснамалық білімдер құрылымы


Педагогика ғылымында тұтас педагогикалық үдеріс теориясының қалыптасуы. Педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері



бет14/14
Дата09.03.2022
өлшемі43,78 Kb.
#134817
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
семинар пдеагогика лекция

6 Педагогика ғылымында тұтас педагогикалық үдеріс теориясының қалыптасуы. Педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері.
Біртұтастық - оқу мен тәрбие , олардың мақсаты , міндеті , мазмұны , әдісі , құралы , түрі , ұстаз бен шәкірт , шәкірт пен ата - ана , сынып жетекшісі мен сынып ұстаздары , қоршаған орта , тәрбиенің мазмұны , т.б. біртұтастықта алынып , жеке - жеке қаралады . Бұл философияның заңына сәйкес жүреді .
Педагогикалык процесс - ұстаз бен шәкірттің өзара әрекеттеріне бағытталған , максат көзделген процесс . Процесс дегенiмiз жүргізілуі немесе барысы деген ұғымдарды білдіреді . Окыту процесі - оқытудың барысы , тәрбие процесі - тәрбиенің барысы . Ал педагогикалык процесс - оку мен тәрбиенің барысы . Педагогикалык процесте ұстаз жетекші рөл атқарады , шәкірт белсенділік танытып саналы турде ат салысады . Осы жағдайда ғана педагогикалық процесс дұрыс орындалады . Педагогикалық процестің өзара байланысқан жеті құрамдас бөлігі педагогикалық процестің құрылымы деп бiлемiз . Сонымен педагогикалық процестің бөліктері :
Бiрiншi - арнайы дайындығы , бiлiмi бар ұстаз , педагогикалық процесті жүргізетін маман . Ол субъект объект тұрғыдан қаралады . Субъект дегеніміз - педагогикалық процесті жүргiзушi ретiнде , объект дегеніміз - ол маман да шәкірттерден тәрбие алады . Шәкірттерге тәрбие , білім бере отырып , ұстаз өзін - өзі тәрбиелейдi , шәкірттерге бейiмделеді .
Екiншi бөлiк - шәкірт . Шәкірт объект және субъект ретінде қаралады . Шәкіртті ұстаз тәрбиелеп білім береді , ал ұстазға шәкiрт ыкпал етеді .
Үшiншi бөлiк - педагогикалык процестің мазмұны . Ол адамның әлеуметтік қарым - қатынасынан туындайды . Педагогикалық процестің мазмұнына идеология , ендiрiс , енбек , ғылым , мәдениет т.б. жатады . Ол пәндер аркылы енеді . Бұл компоненттегі педагогикалык процестің құрамды бөлігі ретінде бiлiмнiң , іскерліктің , дағдының негiзi , әсіресе оның өндіріс пен өнімді еңбек жайы жатады .
Төртінші бөлік - педагогикалық процесті ұйымдастыру және баскару компоненті немесе педагогикалык процестің Yшiншi компоненті - мазмұны - қалай іске асады . Оған педагогикалық процестің мақсаты , міндеті , мазмұны , түрі , әдісі , құралы жатады . Төртінші бөлік бірнеше саладан тұрады :
1. Баланың іс - әрекеті әлеуметтік өмірмен байланысты . Сондықтан ұйымдастыру және басқару кешеннің түрлерi өмiрге бейiмделу жағдайынан туындайды . Олар : сабак , саяхат , семинар , әңгіме , пікір - сайыс , конференция , т.б.
2. Ұйымдастыру және баскару кешеннiң әдiстерi ұстаз бен шәкiрттiң ара қатынасынан , олардың психологиялык , әлеуметтік қатынастарымен айқындалады . Мұнда қолданылатын әдістер шәкірттердiң өзiнезi баскаруы , жарыс , сендіру , жаттығу , талап кою , мадақтау , жазалау , т.б.

Бесінші бөлік - педагогикалық диагностика . Ұстаз бен шәкірттін тәрбие , оку , уйрену процесін жүргізу барысында iстiн нәтижесiн бiлу ушiн алынатын акпарат керек : шәкірт нені білді , үйренді , қабылдады . Педагогикалык диагностиканың жолдары мен әдістері : білімді , іскерлікті , дағдыны тексеру , баланын енбектегі , қоғамдық қызметтегі жемiсi , кездейсоқ жағдайдағы шәкірттің іс - әрекеті , тәртiбi T.6 .



Алтыншы бөлік - педагогикалық процестің нәтижесін бағалау . Шәкірттің іс - әрекеттің нәтижесiнiң қорытындысын , бағасын сол баланы қоршаған орта , кауым береді . Баланың тәртiбi , бiлiмi , сыпайлығы кунделікті өмірде бағаланып отырады .

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет