Арнайы əдіснама адам психикасы мен санасының, оған педагогикалық жəне
тəрбиелік ықпалдың мүмкіндіктері туралы көзқарасты қарастырады. Арнайы
əдіснама немесе нақты ғылымдардың əдіснамасы ғылымға зерттеуші феноменінің қызмет етуіне, дамуына, қалыптасуына қатысты өзінің заңдылықтарын нақтылауға мүмкіндік береді.
Жеке əдіснамаға мінезқұлықтық құбылыстармен үрдістерді зерттеудің əдістері мен ұстанымдары жəне т.б. кіреді. Жеке əдіснама түрлі құбылыстарды нақты ғылымда зерттеу əдістемесін, оны талдау нысанын, пəнін, амал тəсілдерін жəне əдістерінің жиынтығын білдіреді.
Ғылыми танымда әдіснамалық талдаудың әр түрлі деңгейлері көрсетіледі. Әдебиеттерде әдіснамалық талдау үдерісі төрт деңгейлік иерархия түрінде беріледі:
1) философиялық әдіснама, яғни, таным мен жалпы ғылымның категориялық құрылымы негізінде педагогикалық зерттеу мәнін, оның әдіснамалық іргетасын білдіретін және белгілі бір әлем сипаты тұр-ғысынан педагогикалық зерттеу нәтижелерінің танымал түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады;
2) жалпы ғылымилық әдіснама, жалпы ғылымилық қағидалар мен зерттеу формаларын қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешен-ді, бағдарламалы-мақсаттық секілді жалпы ғылымилық әдістер, идеал-дау, модельдеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б қатысады). Жалпы ғылымилық әдіснама ұстанымдық-бағыттаушы қызметті атқарады. Себебі, дәл осы кезеңде зерттеудің ұстанымдық бағыты анықталады, оның стратегиясы, нысаны мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады.
3) нақты ғылымилық әдіснамапедагогика ғылымының зерттеу әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Ол реттеуші қызметті атқара отырып, бір бірімен нақты зерттеулердің ерекшеліктерімен сәйкес байланысатын педагогика әдістері мен аралас ғылымдарға қажетті жиынтықты құруға мүмкіндік бере отырып, соны-мен қатар, педагогикалық зерттеу барысында бір мәнді түсінуге қажет-ті психология, әлеуметтану және т.б ғылымдардың және педагогика-ның ұғымдық-түсініктік аппараттының бірегейлігін қамтамасыз етеді;
4) зерттеудің әдістемесі және техникасы (технология), яғни, бір сипатты және шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғаш-қы талдау үшін қажетті болатын рәсімдері жиынтығы. Оның басты қызметі – құралдық немесе құралдық–технологиялық. Аталған деңгей-дің қызметтерінің дұрыс жүзеге асырылуына сай жеке педагогикалық зерттеулердің нәтижесі мен жалпы, барлық педагогикалық ғылымдар-дың нәтижелері қалыптасады.
Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Ол педагогикалық теория жасау үшін қажет, өйткені, теориялық зерттеу тәжірибемен, педагогикалық шынайы болмыспен жалпылама байланыста да, ал философиямен тікелей байланысты.
Педагогикадағы əдіснамалық өзіндік ерекшеліктері
Әдіснаманы меңгеру арқылы мұғалім оның принциптеріне сүйене отырып, ойлауға үйренеді. Бұл оған педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен мақсаттарының,принциптері мен ережелерінің күрделі сипатын түсінуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, əдіснаманы тек ғылымизерттеулерге қатысты жүйе ретінде ғана қарамай, оның күнделікті оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту практикасындағы, тұтас білім беру үдерісін жетілдірудегі мəнін жете түсіне
білу қажет.
3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің əдістері.
Педагогикалық зерттеулерді үшке бөлеміз:
Іргелі
Қолданбалы
Өңдемелі
Іргелі- бұл нəтижесі қорытындылаушы тұжырымдамалар болатын зерттеулер. Ол педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін немесе педагогикалық жүйелердің даму моделін жобалаушылық негізде
ұсынады.
Қолданбалы- педагогикалық үрдістің жекелеген қырларын терең зерттеуге педагогикалық практиканың заңдылықтарын ашуға бағытталған зерттеулер.
Өңдемелі - ғылымда белгіліболған қағидаларды ескеретін нақты ғылыми практикалық ұсынылымдарды (рекомендация) негіздеуге бағытталған.
Кезкелген ғылыми зерттеу белгілі əдіснамалық өлшемдерді анықтауды білдіреді. Яғни, бұл зерттеу тақырыбы, нысаны, пəні, мақсаты, міндеттері,
ғылыми болжамы жəне ұсынылатын қағидалары. Ғылыми зерттеудің сапасын бағалау өлшемі оның тақырыбының өзектілігі, ғылыми аппаратының дұрыс анықталуы, ғылыми жаңалығы жəне теориялық жəне практикалық мəнділігі. Ғылымдардың бəріне ортақ əдістермен қатар,
қоғамдық ғылымдар саласындағы педагогика ғылымын зерттейтін зерттеу əдістері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |