5 Педагогика-тәрбие туралы ғылым Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары және қозғаушы күштері Педагока өзінің атауын гректің «paidadodas»-баланы жетектеуші сөзінен алынған.Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе,кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды.Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі.Әрбір келешек ұрпақтың,өоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз.Адамзат есейген сайын,мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі.Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсәби іс-әрекет бөлініп шықты.Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін-делдал-ұстаз,мұғалім керекПедагогика басқа ғылымдар сияқты,белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді,,ылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады.Нысана-ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатаын саласы.Пән-бұл нақтылы ақиқат мәнін құрайтын негізі.Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым.Демек,педагогикалық іс-әрекет объективті шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысаны болады.
Ал педагогика пәні-индивитіңөткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі бір тұтас педагогикалық процесс болып табылады.Ұстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады,тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.
Бір элементтен көп элементтер қосылу барысында жүйе пайда болады.Педагогикалық шындықта бұл «ұстаздар-оқушылар» жүйесі,ол сол жетекші бөлігі (элементі) (ұстаздар) бойынша педагогикалық жүйе деп аталады.Қандай да болмасын жүйе
(биологиялық,техникалық,әлеуметтік) жағдайының өзгеруі процесс деп аталады. «Ұстаздар (педагогтар)-оқушылар.» жүйесі жағдайының өзгеруі падагогикалық процесс деп аталады.Тек қана педагогикалық процесстегі ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекетінде «процестің қызметінде» тұлғаның қайта өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық педагогканың категориялары,ұғымдары жүйелері арқылы бейнелене алады.Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі білім алуымен байланысты. «Білім беру» деген сөзді орыс тілінде «образование» түбірі- «образ» деген (бет-лиц,лицо-пішін) лексикалық мағынасы бойынша индивиттің дене және рухани қасиеттері қалыптасуын,индивиттің қоғамдық болмыстың нақтылы әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихи жағдайларында дамуға,өзін жүзеге асыруға және өзін ынталандыруғаа қабілетті тұлға айналуын білдіреді.Сондықтан білім беру ұғым ретінде педагогикалық жетекші категория болады.Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет,ол оқыту ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекет процесі,білім беру мен оқу орындарында оқытылатын ғылымдар негіздер мазмұнын меңгеру барысындағы оқудың бірлігі.Сабақ берудің ролі оқыталатын материалдарды (распредмечивание) ғылыми білім мазмұнында (опредмечиванияланған),іс-әрекеттер тәілдерінайқындай көрсету.Оқу материалдары мазмұнымен оқушылар арасындағы делдал ретінде ұстаз оқушыларды қажетті іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретеді.