Педагогика тарихы ғылымы, мақсаты мен міндеттері. Педагогика тарихында қолданылатын диалектикалық әдіс. Әдіснамалық білімдер құрылымы


Педагогикалық білім берудегі инновация ұғымы



бет6/14
Дата09.03.2022
өлшемі43,78 Kb.
#134817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
семинар пдеагогика лекция

1.Педагогикалық білім берудегі инновация ұғымы
2. Педагогикалық білім берудегі инновацияның мақсат, міндеттері

Қазіргі кезде әлемдегі жүргізіп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне


қойылатын жаңа талаптарды да анықтауда. Техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі
мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу – тәрбие орындарының іс - әрекет
қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл
педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлауына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне
алып келді. Бүгінгі таңда мектепің оқу үрдесін жетілдіру үшін инновациялық білім беру
технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі
аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады. Сондықтан
оқытудың теориясы мен практикасында зерттеліп отырған проблеманың жағдайына талдау
жасауды «инновациялық білім беру технологиялары» ұғымына нақты түсінік беруден
бастағанды жөн көрдім. Зерттеуде ең алдымен «инновация», «педагогикалық технология»
ұғымдары жөнінде анықтамалар жүйеге келтіріліп, «инновациялық білім беру
технологиялары» ұғымы мазмұндық жағынан қарастырылды.
«Инновация» термині ғылымға XIX ғасырда енді. XX ғасырдың екінші жартысында
инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдісінің сатысы ретінде қаралып, оның негізгі
элементтері атап көрсетілд: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің
сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілімдерге сәйкес «бағалаушылардың»
іс - әрекетіндегі өзгерістер құрайды.
Инновациялық динамика жаңа білімдердің техникалық немесе әлеуметтік шындыққа
айналуының логикалық реттелген технологиясын танытып, жаңа білімнің тауар немесе
қызмет көрсету үлгісіне айналу сатыларын білдіреді. Педагогикалық инновациялардың
феноменологиясы «инновациялық ағын» ұғымын енгізеді. Бұл ұғымға педагогикалық
жаңалықтарға деген дұрыс қатынасын білдіретін мұғалімдердің түрлі сипаттағы қызметтері
енеді. Жаңашыл педагог – жаңа педагогикалық жүйенің авторы, яғни өзара байланысты
идеялар мен тиісті технологиялардың жиынтығының авторы.
Соңғы жылдарда жинақталған білім, оның құрамындағы іргелі сипаттағы білім мен
оны педагогикалық тәжірбиеге енгізу және пайдаланудың қиындығы арасындағы қайшылық
ерекше күшейн түсуде. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірбиелік және практикалық
білімді жасау үрдісі мен педагогикалық тәжірбиені зерттеу нәтижелерін меңгеру үрдісі
арасында маңызды алшақтық пайда болды. Мұндай алшақтықтың бірі себебі педагогикалық
білімді дамыту мен оны енгізудегі кереғарлықта, олардың өзара тұжырымдық негіздерінен
тыс әзірленуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет