Әдістемелік инновациялар – бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен оқу, оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация. Олар табиғи-ғылыми және гуманитарлық пәндерді қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден жоғары білім беруге дейінгі оқыту процесін, кадрларды даярлау және қайта дайындауды қамтитын білім беру саласында кең тараған.
Педагогикалық инновацияосындай байланысты іске асырып, педагогикада
жаңалықтар жасау, оларды меңгеру мен практика жүзінде қолдану үрдістерін біріктіретін
инновациялық үрдістерге тән қызмет мөлшерлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Білім беру саласындағы инновацияларды жобалау логикасы аймақта обьективті түрде
пайда болған инновациялық элементтерден білім беру кешені және эксперименттік
алаңдардың бекітілген үрдісінде инновациялық саланы қалыптастыруды қарастырады.
Тұжырымдай келе айтатын болсақ оқыту технологиясы мұғалімдердің эмперикалық
инновацияларын ескере отырып, оқыту үрдісін дұрыс, ұтымды басқаруды қарастырады. Оған
өзара бір – бірімен байланысты екі үрдіс енеді: білім алушының іс әрекетін ұйымдастыру
және білімгер тұлғасын дамытудағы жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс әрекетті
бақылау. Бұл үрдістер өзара үздіксіз әрекетте болып, бақылыу нәтижесі басқарушы
әрекеттердің мазмұнына әсер етеді, яғни оқу іс әрекетінің ары қарай ұйымдастырылуын
өзгертеді. Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім. Құзыреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды болары сөзсіз деген пікірмен толықтай келісуге болады. Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, оқушыларды іздендіре отырып, ой-пікірін тайсалмай айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады.
Инновациялық окытудың басты мақсат-міндеті:
Өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын;
Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және оларды шешу жолдарын іздей алатын;
Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;
Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын;
Өзінің өз бетінше ой – өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын қабілетті мамандарды тәрбиелеу