3. Әдіснамалық білімдер құрылымы.
Әдiснама деген ұғым – ғылыми-танымдық iс-әрекеттердi құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы iлiм.
Әдiснамалық бiлiмдер құрылымын Э.Г.Юдин төрт деңгейге: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық деп бөледi. Бiрiншiсi, философиялық әдiснаманың деңгейлiк мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық аппаратын құраса, сонымен бiрге философиялық бiлiм жүйесi әдiснамалық қызмет атқарады. Екiншi деңгейде жалпы ғылыми-әдiснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар бередi. Үшiншi деңгей – нақты ғылыми әдiснама, бұл арнайы ғылыми пәннiң әдiстерiн айқындап, зерттеудiң ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгiлейдi. Төртiншi деңгей – технологиялық әдiснама, зерттеудiң әдiстемесi мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжiрибелiк-эксперимент материалдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т.б. жатады. Сонымен, әдiснаманың барлық деңгейлерi бiр-бiрiн толықтырып тұратын жүйенi құрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |